Ж. К. Ахметова, Н. А. Бисембаева психология пәні бойынша тест сұРАҚтар жинағы павлодар 2009


Бейнелі ес - заттар мен құбылыстардың қасиеттерінің нақты бейнесін ойда қалдыруда, қайта жаңғыртуда көрініп отыруы. Бейресми топ -



бет6/101
Дата30.12.2022
өлшемі338.91 Kb.
#468059
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   101
Æ. Ê. Àõìåòîâà, Í. À. Áèñåìáàåâà ïñèõîëîãèÿ ï?í³ áîéûíøà òåñò ñ?

Бейнелі ес - заттар мен құбылыстардың қасиеттерінің нақты бейнесін ойда қалдыруда, қайта жаңғыртуда көрініп отыруы.
Бейресми топ - заңдық тұрғыдан статусы жоқ, мүдделер, достық пен симпатиялар негізінде не прагматикалық пайдалылығы негізінде ықтиярлы түрде біріккен нақты әлеуметтік қауымдастық.
Бейімделу (адаптация) - организмнің сыртқы ортаның әртүрлі жағдайына бейімделу қабілеттілігі.
Бейімділік - адамның бір іске икемділігін байқататын қасиет, қабілеттілік нышаны. Бейімділік әрекетті игеру барысында қабілеттің қалыптасуына қарай дами түседі.
Белсенділік - адамның әсер еткен заттарға белсенді қатынасының нәтижесі. Белсенділік адамның күнделікті іс-әрекетте (ойын, оқу, еңбек) кездесетін міндеттерді шығармашылдықпен орындай алу қабілеті. Қажырлылықты, ынталылықты, жігерлілікті, тынымсыздықты білдіреді.
Бинокулярлық көру - қашықтықтағы объектілерді бақылау арқылы көрудегі, кеңістікте орналасқан заттардың көлемін қабылдауда екі көзбен көру.
Биографиялық әдіс - адамның хаттары, күнделіктері, өмірбаяны, шығармалық туындылары және қолтаңбалары арқылы зерттеу әдісі
Бихевиоризм - XX ғасырдағы америкалық психологияның басты бағыты. Бихевиоризм психологиясының мақсаты - мінез-құлықты зерттеу болды. Бихевиоризмнің негізінде адам мен жануарлардың мінез-құлқын сыртқы ортаның әсер етуіне организмінің беретін жауабының жиынтығы деп түсіну жатыр. Бихевиоризмнің негізін америкалық психолог Дж. Уотсон (1878-1958) қалады. Ол бихевиоризм термині мен бағдарламасын ұсынды (1913). Бихевиоризмнің ғылыми қалыптасуына В. М. Бехтерев пен И. П. Павловтың еңбектері зор ықпал етті. 1920 жылдары бихевиоризм өзінің шарықтау шегіне жеті.
Білуге құмарлық - адамның санасы мен іс-әрекетіне, көңіл-күйіне із қалдыратын тұрақты, әсерлі сезім. Оған адамның өмір сүрген қоғамы, оның қоғамдағы орны, нақтылы іс-әрекеті зор әсерін тигізеді. Білуге құмарлық - ұнамды қасиет.
Біліктілік - қызметкердің іс-әрекеттің нақты бір түрінде күрделілігі белгілі бір дережедегі еңбек функцияларын орындауға мүмкіндік беретіндей қабілеттерінің даму деңгейі.
Біріккен топ - бірлік нышаны, мүдделер кірігуі мен қоғамдық пікір бірлестігінің нышандарын білдіретін топ. Біріккен топтың жоғары дамыған түрі - қарым-қатынас, құрылымы, тұлғаның ондағы нақты орны айқындалса кооперацияға айналады. Оған сынып, түрлі үйірмелер және тағы басқалар жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   101




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет