Бірінші сигнал жүйесі - сыртқы және ішкі ортадан келетін белгілі тітіркеніс рецепторларға әсер ету нәтижесінде адамның және жануарлардың ми қыртысында қалыптасатын шартты рефлекстік байланыс жүйесі. Сыртқы ортадағы заттар, құбылыстар, өзгерістер организмге түрлі сезім мүшелері (есту, дәм сезу, иіс сезу және т.б.) арқылы тікелей әсер етіп, түрліше түйсіктер тудырады. Мұны академик П. Павловтың ұсынысы бойынша, сыртқы және ішкі өзгерістерді хабарлаудың бірінші жүйесі деп атайды.
Вебер-Фехнер заңы - түйсіну күшінің (Е) тітіркендіргіштің физикалық қарқындылығына (Р) логарифмдік тәуелділігі: Е = k1оgP + с, мұндағы kмен с осы сенсорлық жүйемен анықталатын қайсыбір тұрақтылар. Бұл тәуелділікті Вебер заңының және түйсінулерінің әрең байқалатын айырмашылықтарының субьективтік теңдігі туралы қосымша ұйғарымның негізінде неміс психологі және физиологі Г.Т. Фехнер тұжырымдады.
Галлюцинация - перцептивтік іс-әрекеттің патологиялық бұзылуы; берілген сәтте тиісті сезім органдарына әсер етпейтін объектілерді қабылдауға саяды.
Генетикалық психология- әдетте, даму психологиясы деп аталатын терминнің жақын синонимі ретінде қолданылады. Генетикалық психология көбінесе ересек организм мысалында қарастырылатын құбылыстарға негіз болатын даму процестерін зерттейді.
Геронтология - қартаю процесін және қарт адамдарды зерттеу.
Гуманистік психология – психологияның ең басты пәні бірегей біртұтас жүйе болып табылатын тұлға болуға тиіс деп есептейтін бағыт.
Ғарышкерлік психологиясы - адамның салмақсыздық пен әуе кеңістігінің айдынында бағдарсыз жағдайда жұмыс істеу кезіндегі қиыншылық жағдайдағы психологиясын, адамның көңіл-күйімен төзімділік көрсету шараларын зерттейді.
Дағды - алғашқыда саналы орындауды қажет ететін әрекеттің жаттыға беру нәтижесінде автоматты қалыптасуы.
Данышпандық - бүкіл адамзаттың игілігі үшін өшпес, өлшеусіз еңбек етіп, ұлы мәселелерді парасаттылықпен шеше алатын адамға тән психологиялық қасиет.
Дарындылық – үлкен нышаннан туындайтын қабілеттіліктің түрі. Дарындылық адамның сәби кезінен байқалатын ерекше қабілетілігі, өнердің бір түріне туа бейімділігі.