7-дәріс
СӨЗ ТАПТАРЫНЫҢ БІР-БІРІНЕ АУЫСУЫНА ТҮРТКІ БОЛАТЫН ФАКТОРЛАР
Тілдің тарихи даму барысында ондағы барлық кұрылым, жүйе, құбылыс атаулы өзгеріске ұшырап дамып отырады. Бұл процестен, әрине, тілдегі лексика-грамматикалық категория ретінде танылатын сөз таптары да шет қала алмайды. Сөз таптарының дамуы ең алдымен олардың жаңа сөздермен толығуьнан, жаңа грамматикалық категориялар мен грамматикалық формаларға ие болуынан аңғарылады.
Сөз таптарының соны сөздермен толығып, молайьп отыруының, біздіңше, екі жолы бар: а) сөзжасамның жалпыға белгілі сөз тудыру тәсілдері арқылы (мысалы, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік және т.б. ә) басқа сөз таптарынан ауысып келген сөздердің негізінде. Соңғы тәсіл жалпы тіл білімінде сөзжасамның бір амал-тәсілі ретінде қолданылады да, ол конверсиялык тәсіл деп аталады.
Конверсиялық тәсіл арқылы яғии сөз таптарының бір-біріне ауысуы негізінде жаңа сөз тудыру дүниежүзіндегі көптеген тілдерде, атап айтқанда, ағылшын, неміс, француз, молдован және т.б. тілдерде кең тараған құбылыс. Аталған тәсіл бойынша сөз тудыру амалы қазақ тіл білімінде енді-енді ғана зерттеліп, ол жайында ғылыми-ой тұжырымдар бірте-бірте орнығып келеді. Конверсия проблемасын, әлбетте, бір мақаланың аясында талдап-таразылап, шешіп тастау мүмкін емес. Сондықтан біз бұл еңбегімізде сөздердің бір категориядан екінші бір категорияға ауысуына түрткі болатын факторларға, олардың түрлеріне тоқталып өтуді жөн көрдік.
Сөздер бір сөз табынан екінші бір сөз табына қалай болса солай ауыса салмайды. Олар белгілі бір зандылыққа бағынады. Басқа сөз табынан ауысып келген сөздің категориальды мағынасы мен түрлену жүйесі (парадигмасы), синтаксистік функциясы өзгереді. Осыған байланысты лингвистикада, сөз таптарының бір-біріне ауысуы сөз болғанда, осы өзгерістерге әсер еткен, олардың әрқайсысы сөздердің бір сөз табынан екінші сөз табына өтуіне қолайлы жағдай жасаған факторлар ретінде жеке-жеке қарастырылады. Сонымен, сөз таптарының бір-біріне ауысуына себеп болатын үш түрлі тілдік фактор бар. Олар: а) лексика-семантикалық фактор, ә) морфологиялық фактор, б) синтаксистік фактор.
1. Лексика-семантикалық фактор. Бұл фактор сөздің семантикалық жақтан дамуына, оның мағыналық құрамының тарамдалып, таралып дамуына ықпал етумен шектеліп қалмай, оның категориальды мағынасына да әсер етіп, терең өзгерістер туғызады. Соның арқасында жалпы категориальды мағына да өзгеріп басқа сөз табының категориальды мағынасына ауысады. Кейбір ғалымдар басқа факторларға қарағанда семантикалық факторды басты фактор деп есептеп, бірінші орынға қояды. Е.В.Ковалевская бұл жайында: I.. .что при анализе переходных явлении среди части речи семантический фактор является важнейшим!-десе, [1.62], А.Н.Каламова: сөз таптарының бір-біріне сөз алмасуында басқа да факторлардың маңызды рөлі бар екендігін айта келіп, I... а главное семантическое возможности создают условия для перехода части речи. Этот процесс перехода части речи в другую происходит путем постепенного и длительного накопления элементов нового качества и постепенного отмирания старые качества-дейді [2.10].
2. Морфологиялық фактор. Сөз таптарының бір-біріне ауысуында тілдегі сөз өзгерту, сөз түрлендіру жүйесі, грамматикалық септелу мен грамматикалық жіктелудің маңызы айрықша (тіл білімінде әдетте сөз өзгеру, сөз түрлендіру жүйесі парадигма деп аталады). Сөз таптарының конверсиялану барысында парадигма да үлкен роль атқарады. Сондықтан да жекеленген ғалымдар парадигманы ең басты фактор деп есептейді. А.Н.Смирницкий: конверсия есть такой вид словообразования (словопроизводство) при котором словообразовательным средством служит только сама парадигма слово,-дейді [3.17]. О.С. Ахманованың белгілі сөздігінде де конверсия процесі парадигмамен байланыстырылған: Образование нового слова путем перевода данной основы в другую парадигму словоизменению [4.18].
Сөз таптарының бір-біріне ауысуында парадигманы басты әрі жалғыз ғана фактор деп қараған, әрі оны морфологиялық сөз тудырудың бір жолы деп таныған А.И.Смирницкийдің тұжырымдарын бір жақты деп сынаған Ю.А.Жлуктенко морфологиялық фактордан басқа да факторлардың кем роль атқармайтындығын айтады. Ол былай деп жазады: B предложенном А.И.Смирницким определении конверсии не учитываются различные другие факторы (кроме парадигматичности), действующие при конверсии. Прежде всего роль тех различии в грамматической сочетаемости, которые неизбежно обнаруживается при образовании нового слова, не отрицается, а просто игнорируется! [5.56]. Академик В.В.Виноградов болса: «резко отделить морфологического словообразования от синтаксического черезвычайно трудно»,- деп көрсетеді [7.4].
3. Синтаксистік факторлар. Синтаксистік факторлар екі түрлі болады. Оның бірі сөз тіркесінде көрінсе, екіншісі сөздердің синтаксистік қолданысымен ұштасып жатады. Сөздердің конверсиялану кезінде сөздердің басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсуінің, яғни тіркесуінің маңызы өте үлкен. Ю.А.Жлуктенко бұл жайында: «Что акт образования нового слово путем конверсии представляет собой использование основы исходного слова для оформления ее в другие слова в условиях иной грамматической сочетаемости, типичной для другой части речи при конверсии новое слово образуется не в изолированном виде, а в его сочетании с другими словами»,-дейді [5.64]. Сөздердің бір-бірімен тіркесуінің нәтижесінде жаңа мағыналы, жаңа сападағы сөз жасалатындығын, мысалы, жалғаусыз тіркескен зат есімдерден көруге болады. Кейде атрибуттық қызметте қолданылып тұрған көптеген зат есімдердің мағыналары сапалық сын есімдердің мағынасымен ұштасып, ұласып сындық мағына иеленеді. Сөзіміз дәлелді болуы үшін мына мысалға алынған сөйлемдердегі жалғаусыз тіркескен зат есімдердің алдыңғы компоненттерінің мағыналарына назар аударайық: құс тұмсық, құмырсқа бел, қалам қас (Т.Жароков); Лизаның күміс күлкісі естілді (С.Ерубаев); Тұр Алатау ұйқысынан оянып, Ұстап жібек бұлт шатырын (Т.Жароков).
Сөйлемде асты сызылған зат есімдер өздерінің о бастағы мағынасыңда қолданылып тұрған жоқ. Керісінше, өз мағыналарын ауыстырып, сындық мағынаны иеленген. Қазақ тіліңде жалғаусыз тіркес-кен зат есімдердің алдыңғы компоненттерінің барлығы бірдей сындық мағына қабылдай бермейді. Мұндай қасиетке тек сапалық ұғымды іштей оңай дамыта алатын алтын, күміс, қыран, балдырған, жібек, кесек жене т.б. тәрізді сөздер ғана ие. Сонымен бірге олар метафоралық қолданысқа бейім. І.Кеңесбаев пен Ғ.Мұсабаев бұл құбылыс жайында былай деп жазады: Мұндай зат есімдер сөйлемде сын есімнің орнына жай ғана қалай болса, солай ауыса бермейді, керісінше, белгілі мақсатпен айрықша образды-мәнерлегіштік сипатта жұмсалады [7.115]. Қазақ тіліндегі сөздердің метафораның қолданылуын арнайы зерттеген Б.Хасанов болса: «При синтаксической связи двух имен существительных в именительной основе возможны примыкающие метафорические сочетания. Они, в основном, выражают качественную характеристику»,-деген пікір айтады [8.13]. К.Бейсенбаева осы айтылған пікірлерді былайша дамыта түседі: «Бейнелік мағынада сын есімнің орнына ауысып қолданылатын жалғаусыз зат есімдер тілімізде жиі кездеседі. Сондықтан көбісі тек нақтылы зат есімдермен тіркесуді қалыптастырып, тұрақтандырып та алған. Мысалы, қой мінез, жылқы мінез, жел өкпе, қоян жүрек, алма мойын, ай қабақ және т.б.». (9.26).
Зат есімдер сапалық сын есімдердің қатарына ауысқанда, олар барлығы дерлік сын есімге тән категориальды мағынаны, шырай формалары мен синтаксистік қызметін қабылдайды.
Қазақ тіл біліміңде сөз болып отырған мәселеге байланысты әлі де болса, ұқыпты ден қойып, үңіле зер салып, талдауды керек ететін мәселелер баршылық. Ол, атау тұлғада тұрып-ақ қатыстық мағынаны білдіретін зат есімдердің қазіргі тілдегі жайы. Тілімізде қатысты мағынаны ешбір арнаулы қосымшалардың көмегінсіз, түбір немесе негіз күйінде тікелей көрсететін қатыстық сын есімдер аса мол емес. Әлбетте, бір заттың екінші затқа қатысын, жалғаусыз тіркескен зат есімдердің алдыңғы компоненттері білдіре алады. Мұндай жағдайда зат есімдер арқылы танылатын қатыстық мағына заттардың тегіне, неден жасалғаңдығына байланысты анықталады. Мысалы, болат пышақ, алтын сағат, қасқыр ішік, жібек шапан, күміс қоңырау т.б.
Түркологияда, соның ішінде қазақ тіл білімінде де мұндай тіркестердің бағыныңқы компоненттері сын есімнің сұрағына (қандай?, қай?) жауап бергенімен, бұлар заттың сынын, жай-күйін емес, тегін, неден жасалғандығын білдіретіндіктен зат есімдер болып танылады деген пікір басым. Дегенмен жалпы тіл білімінде, түркологияда соңғы жылдары айтылған біраз ой-пікірлер бұл жайтқа қайта бір оралуды, тіл білімінің соңғы жетістіктеріне сүйене отырып, қайта бір зер салып қарастыруды кажет етеді. Мысалы, татар ғалымы Ф.Г.Ганиев: алтын сағат, күміс ақша, тас қабырға тәрізді жалғаусыз тіркескен ағылшын тіліндегі сөз тіркестерінен ешқандай өзгешелігі жоқ деп санап, оларды конверсия аясында қарауды ұсынады. Ағылшын тілінде мұндай тіркестердің алдыңғы компоненттері сөздердің синтаксистік позициясына қарай, тіркесу орнына қарай бірде зат есім, бірде сын есім болып табылады. Ағылшын тілінің әр түрлі сипаттағы лингвистикалық сөздіктерінде де мұндай сөздер осындай түрде, яғни екі сөз табына қатысты мағыналар, бірде зат есім, бірде сын есім түрінде беріледі. Ф. А. Ганиев болса, түркі тілдеріндегі осындай сөздерді конверсия процесіне жатқыза келіп: «Таким образом, в тюркских языках употребление существительных в качестве прилагательных можно рассматривать как явление конверсии. Ибо оно в тюркских языках принципиально ничем ни отличается от конверсии слов в германских и в романских языках. Рассматрение изучаемого явления в тюркских языках как конверсии, по нашему мнению ближе к истине, чем другие точки зрения»,-деп тұжырым жасайды [ 10.112].
Зат есімдердің сөйлемде сын есімдерге тән анықтауыштық қызмет атқаруын, сын еісмдердің орнына ауысып қолданылуын профессор В.М.Жирмунский зат есімдер мен сын есімдердің дифференцияланбауының көрінісі, олардың әуел бастағы тегінің бірлігіне байланысты түсіндіреді. Оның айтуынша: «Основная группа таких именных определении относится к названиям материала, из которого сделан определенный предмет. Все такие названия являются двойственными, в зависимости от синтаксического употребление-существительными или прилагательными дей келіп, ғалым бұдан әрі бұл ойын былай түсіндіреді: подобно индоевропейским языкам, но в еще большем числе, тюркские языки сохранили группу имен двойственных со грамматическими значениями существительного или прилагательного в зависимости от синтаксического употреблении» [10.118].
Профессор Г.Г.Санжеевтің көзқарасы да В.В.Жирмунскийдің пікірімен орайлас: B монгольских и тюркских языках наряду с той группы имен которые иногда условно называются, сушествительными и прилагательными, мы находим и такие, которые действительно являются либо существительными, либо прилагательными, грамматический вполне оформленными и отчетливо выделяемыми в особые части речи. [11.89]. Ал Т.И.Грунин болса: «А так в определительных словосочетаниях аналитического типа определение выражает только качественный признак, то любое слово, выступающие как определение в таких словосочетаниях, (ескерту: әңгіме бұл арада алтын сағат, күміс білезік тәрізді сөз тіркестері жайында болып отыр-Ж.С.) вне зависимости от его морфологической структуры и лексических особенностей, должно рассматриваться как имя прилагательное качественное», - деп, мәселені келтесінен бір-ақ тұжырады [12.61].
Синтаксистік фактордың екінші түрі-синтаксистік қолданыстардың яғни сөздердің синтаксистік функциясымен ұштасып жатады. Сөздердің синтаксистік қолданысына, әдетте, ғалымдар үлкен мән береді. Сондай-ақ, тіл білімінде сөз таптарының қалыптасып, пайда болуын синтаксистік қолданыстармен байланыстыра қарайтындығы мәлім. Сөздердің бір сөз табынан екінші сөз табына ауысуында да синтаксистік қолданыстар маңызды рөл атқарады. Түркологияда, әсіресе, сөз таптарының конверсиялануында, соның нәтижесінде жаңа сапаның пайда болуында синтаксистік қолданыстар яғни сөздердің функциялық қызметі басты фактор болып табылады деген көзқарас басқа факторларға қарағанда кеңінен тараған. Мысалы, профессор Н.К.Дмитриев түркі тілдеріндегі конверсиялық процесті сөздердің функциялық қызметімен байланысты болып отыратын тұрақты құбылыс деп қарайды [13.15]. А.А.Юлдашев Н.К.Дмитриевтің жоғарыда айтылған пікірін қолдай отырып, оны былайша толықтырады: Употребляясь в своем новом значении регулярно, слово отрывается от своих прежних функции и значении сохранившихся в нем, от своих прежних функции и значении, связи с другими словами и постепенно приобретает новые конструктивные связи не совместимые с прежними и характерезующие по нормам данного языка [14.73].
Сонымен, сөздердің бір сөз табынан екінші сөз табына ауысуы, ең алдымен, функционалдық құбылыс болып табылады. Олар әуелі синтаксистік тұрғыдан игеріле отырып, күнделікті сөз қолданысқа ену дәрежесіне қарай өзі енген басқа сөз табының ерекшеліктерін, болмыс-бітімін қабылдайды. Мұның өзі, бір сөздің басқа сөз табына ауысуын, алдымен синтаксистік игерілуден басталып, лексика-морфологиялық игерілумен аяқталатын процесс екенін көрсетеді.
Синтаксистік қолданыстар өзара түр-түрге бөлінеді. Мысалы, метафоралық қолданыс, метонимиялық қолданыс, синекдохалық қолданыс және т.б. Бұл қолданыстар субстантивация, адъективация, вербализация тәрізді конверсияның әр түрлі формаларында маңызды рөл атқарады. Сөз таптарының бір-біріне ауысуына ықпал ететін бұдан өзге де факторлар бар. Оған, мысалы, сөздердің орын тәртібінің, сөз құрамындағы әр қилы дыбыстардың ассоцияциясын, сөйлем мүшелерінің инверсиялануын және т.б. толып жатқан тілдік құбылыстарды жатқызуға болады. Бірақ бұлар конверсиялық процестерде негізгі, басты факторлар болып табылмайды, олар тек қана қостаушы тең дәрежелі сөздердің бір категориядан екінші категорияға өтуіне әсері, себебі бар факторлар болып саналады. Өйткені, тіл дегеніміз-сан алуан құбылыстар мен процестердің өзара бірлігінен тұратын бірегей, біртұтас организм.
ӘДЕБИЕТ
1. Ковалевская Е.Г. Субстантированные прилагательные их функционирование в текстах художественных произведений. В ст. Семантика переходности. Ленинград, 1977.
2. Каламова Н. А. К вопросу о переходности одних части речи в другие. ІРусский язык в школе, 1965 №5.
З.Смирницкий О.С. По поводу конверсии в английском языке. Иностранный язык в школе. 1954 №3.
4. Ахманова АС. Словарь лингвистических терминов. Москва, 1966.
5.Жлукгенко Ю.А. Конверсия в современном английском языке как морфолого-синтаксический способ словообразование. - Вопросы языкознания! 1958 №5.
6. Виноградов В.В. Вопросы современного русского словообразования - Русский язык в школе №2 1952.
7. Кеңесбаев I., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Лексика Фонетика. Алматы, 1975.
8. Хасанов Б. Метрафические употребеление слов в казахском языке. Алма-Ата, 1964.
9. Бейсенбаева К. Қазіргі қазақ тіліндегі зат есімдердің жалғау-
сөз тіркестерінің кейбір түрлері. Алматы, 1974.
10. Жирмунский В.М. Развитие категории частей речи в тюркских языках по сравнению с индоевропейским языком. Извест. АН СССР ОЛЯ. Том IV, вып. 3-4,1945.
11. Санжеев Г.Г. К проблеме частей речи в алтайских языках. –ІВопросы языкознанияП952, №6.
12. Грунин Т.И. Имя прилагательное в тюркских языках - Вопросы языкознания 1955, №4.
13. Дмитриев Н.К. Об указательных местоимениях в башкирском языке. Труды института востоковедения. Москва, 1947, №4.
14. Юлдашев А. А. Конверсия в тюркских языках и ее отражение в словарях. - ІСоветская тюркология 1970, №1.
8-дәріс
СУБСТАНТИВАЦИЯ ТУРАЛЫ
Бұл - өзге сөз таптарының зат есімдер тобына ауысуын білдіретін конверсиялық процесс. Қазіргі қазақ тілінде басқа сөз таптарының зат есімдер қатарына ауысуы, сөйтіп, зат есім мәнінде қолданылуы кең тараған құбылыс. Сөз таптарының ішінде субстантивация процесіне ұшырамайтыны кемде-кем. Бұл орайда, әсіресе, сын есім, сан есім, етістіктің қимыл есімі, есімше категорияларының жиі субстантивтенетіні ерекше көзге түседі. Мысалы, көтерме, түстік, ауру, науқас, сырқат, ыстық, шала, туысқан, жасаған, жанар, қайнар, Төлеген (кісі есімі), көсеу, буаз, шалғы, қырат, дөңес және т.б.
Бұл фактілер зат есімдердің аталған сөз таптарымен лексикалық жақтан да, грамматикалық тұрғыдан да тығыз байланыста екенін көрсетеді. Сондықтан болу керек, басқа сөз таптарының субстантивтену мәселесі қазақ тілі зерттеушілерінің назарынан тыс қалмай, әр кезде жарық көрген түрлі окулықтарда, ғылыми-зерттеу еңбектерде азды-көпті сөз болып келеді. Бұл бағытта, сондай-ак, соңғы жылдарда күнделікті ғылыми басылымдарда бірқатар мақалалардың жарияланғандығын да атап өту лазым.
Өзге сөз таптарының жиі субстантивтеніп, соның нәтижесінде зат есімдер тобына ауысуының өзіндік себептерінің барлығы анық. Бұл, ең алдымен, зат есімдердің лексикалық құрамының молдығына, атқаратын синтаксистік функциясының ауқымдылығына байланысты. Өйткені, зат есімдердің сөйлемде тәуелсіз мүше-бастауыш қызметінде жұмсалуы оның басқа сөз таптарымен емін-еркін грамматикалық әрқилы байланыстарға, қарым-қатынастарға түсуге мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде өзге сөз таптары бір жағынан субстантивацияланып, зат есімдер құрамына ауысып жатса, екінші жағынан, олар да өз кезегінде зат есім категориясынан сөздер қабылдай, өз өрістерін кеңейтіп жатады. Осы арада айта кететін бір жайт, ол-сөз таптарының барлығы бірдей бір-бірімен грамматикалық қарым-қатынасқа түсе алмайтындығы. Бір-бірімен грамматикалық байланыстарға түспеген сөз таптарының арасында, әрине, сөз ауысу болмайтындығы өзінен-өзі түсінікті. Мұндай жағдайда яғни сөз таптарының бір-біріне ауыспауына себеп, бөгет болатын нәрсе, біздіңше, олардың сөйлемдегі функциясының шектелуі болуы. Мысалы, зат есімдер өзінің атқаратын функциясының жан-жақтылығының, кеңдігінің арқасында адъективтеніп, прономиналданып, адвербиалданып және т.б. сөз таптарының қатарына өтіп жататын болса, ал, үстеулер жайлы бұлай деп айта алмаймыз. Себебі, үстеулердің синтаксистік функциясы анағұрлым шектеулі болуы үстеулердің басқа сөз табына ауысуын шектейді. Үстеулер сөйлем құрамында пысықтауыштан басқа да синтаксистік қызмет атқаруы мүмкін. Бірақ ондай қызмет үстеулер үшін үйреншікті де негізгі қызмет бола алмайды. Үстеулер пысықтауыш мүше ретінде қимылдың, іс-әрекеттің сынын, мөлшерін, мезгілін, мекенін білдіреді де, осыған орай, етістіктермен тіркесіп, сөйлемде оның алдында тұрады. Сөйтіп, үстеулер заттың белгісінің белгісін білдіреді де, зат есімдермен тікелей, тура байланысқа түсе алмайды. Сондықтан да басқа сөз таптарына қарағанда, үстеулер субстантивация процесіне самарқау тұрады. Қазіргі қазақ тіліндегі субстантивтер тобынан арғы негізгі үстеулер болып келетін сөздердің жоққа дерлік болып келетіндігінің себебі, біздіңше, осында сияқты.
Басқа сөз таптарының субстантивтенуі екі түрлі болады. Оның біріншісі-уақытша субстантивтену деп аталады. Басқа сөз таптарының уақытша субстантивтенуі, негізінен, стильге, контекске тән болып келеді. Синтаксистік қолданыс ыңғайына қарай өзге сөз таптары сөйлемде уақытша заттық мағына иеленеді. Уақытша субстантивтенген сөздер өздерінің бастапқы мағынасынан мүлдем қол үзіп кете алмайды, онда белгілі бір дәрежеде бұрынғы мағынасы сақталады. Мысалы: Жуанды койып жуасты. /Абай/. «Жақсыға біткен ағайын». /Бұхар жырау/. Жаман жақсы болмас /мақал/. Білегі жуан бірді жығады /мақал/.
Синтаксистік қолданысқа байланысты қалыптасқан мұндай «уакытша субстантивтенген» лексикалар реестр сөз дәрежесіне жетпейді. Сол себепті олар лингвистикалық сөздіктерде дербес жеке реестр сөз ретінде берілмейді. Сөйлем құрамында ондай кезеңдік заттың мағына алған субстантивтерді «контекстік немесе стильдік субстантивтер» деп атайды / «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» 1-27/.
Өзге сөз таптарының субстантивтенуінің екінші түрі-толық /не кемел/ субстантивтену болып табылады. Толық субстантивтенудің барысында басқа категорияларға тән сөздер өздерінің сөз табынан
біржола қол үзіп, зат есімдер қатарына түпкілікті ауысады да оның құрамын жана лексемалармен толықтырады. Толық субстантивтенген сөздер сол тілде сөйлейтін халық үшін зат есім болып танылады да, жалпы халықтық сипат алады. Ондай субстантивтер, әдетте, реестр сөз дәрежесіне жеткен деп саналады, әрі олар түрлі лингвистикалык сөздіктерде зат есім сөз деп көрсетіледі. Мысалы, қазіргі ана тіліміздегі туысқан, жасаған, жаратқан, ата, бата, бай, кедей, көсеу, безеу, ауру, шалғы, шапқы, дөңес, қырат, антұрған сықылды толып жатқан арғы негізі есімше, қимыл есім, сын есім болып келетін сөздер, осы толық субстантивтенудің айқын дәлелі бола алады. Бұлар қазіргі кезде өздерінің бұрынғы категорияларынан мүлдем қол үзіп, зат есімдер тобына біржола ауысқан.
Субстантивация процесінің нәтижесінде зат есімдер категориясына ауысқан сөздерді құрамы жағынан да екі топқа бөліп қарауға болады: жалаң субстантивтер және күрделі субстантивтер. Жалаң субстантивтерге, негізінен, бір ғана сөзден тұратын «басқа текті» сөздер жатады: надан, қу, пысық, жақсы, жаман, күрделі субстантивтерге кем дегенде сол сөздердің тіркесіп келуі арқылы жасалған болмаса екі түбірдің бірігуінен пайда болған, синтаксистік қолданыстың барысында зат есімдерге айналған күрделі сөз тұлғалары жатады: ақсақал, бойжеткен, атшабар, бозқасқа, қубас, т.б. Мұндай күрделі субстантивтерді құрамындағы сөздердің қай сөз табынан құралғандығына қарай есім мен есімнен құралған күрделі субстантив /ақсақал/, есім мен етістіктен жасалған субстантив /бойжеткен/, етістік пен есімнен пайда болған күрделі субстантив /атшабар/ және т.б. деген топтарға ажыратуға болады.
Басқа сөз таптарының субстантивтену жолдарына келсек, оның, жалпы, екі жолы бар. Оның алғашқысы-«егер зат есім емес сөз не септеуге келсе, не тәуелдеуге жараса, не көптік жалғауларын қабылдай алса, онда бұл оның субстантивтенуге жарамдылығын көрсетеді». /«Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» 1-27/. Бұл тәсіл басқа сөз таптарын субстантивтендірудің ең өнімді жолы. Өзге сөз таптары өздерінің парадигмасынан шығып, зат есімге тән парадигма жүйесіне енсе болды; зат есім мәнін иеленіп шыға келеді. Мысалы: Білгенге маржан, білмегенге арзан /мақал/. Ол жаңалық басы еді, мен ескінің арты едім /Абай/. Басқа сөз таптарының заттанған сөздер өздерінің бастапқы мағынасынан мүлдем қол үзіп кете алмайды, онда белгілі бір дәрежеде бұрынғы мағынасы сақталады.
Синтаксистік қолданысқа байланысты қалыптасқан «уақытша субстантивтенген» лексикалар реестр сөз дәрежесіне жетпейді. Сол себепті, олар лингвистикалық сөздіктерде дербес жас реестр сөз ретінде берілмейді. Сөйлем құрамында ондай кезеңдік заттың мағына алған субстантивтерді «контекстік немесе стильдік субстантивтер» деп атайды.
Басқа сөз таптарының субстантивтенуінің екінші жолы-ол сөйлем құрамында кейде үнем заңына орай анықталушы сөздің түсіріліп айтылуымен байланысты. Мұндай жағдайда анықтауыш қызметінде қолданылған өзге сөз таптары анықталушы сөздің мағынасын өз бойына қабылдап, субстантивтенеді. Белгілі ғалым А.М. Пешковский бұл құбылыстың сырын былайша түсіндіреді: «Вообще прилагательный признак ведь изображен не сам по себе, а как заложенный в предмете, и потому в нем заключено и смутное указание на самый предмет, и в котором заложен данный признак. Можно сказать, что в прилагательном есть на предмет настолько известен, но говорящим и не хочет сделать его известным, а хочет только намекнуть на него-существительное опускается». /Пешковский 2-134/. Субстантивацияның бұл жолына мысал ретінде Абай өлеңдерінен дәлелдер келтірейік. «Оқыған білер әр сөзді», «Надан қуанар, арсаңдар өйтіп асқан жығылар. Жасық, жаман болмассың». Мысалға келтірілген сөйлемдерде субстантивтенген есімше, сын есім формалары өздігінен кейін анықталушы қызметінде тұруға тиісті. «Адам» сөзінің мағынасын өз бойларына тартып, субстантивтенгені айқын.
Қазіргі қазақ тіліндегі басқа сөз таптарының субстантивтивациялану процесінің жайы, қысқаша айтқанда осындай.
Әдебиеттер тізімі:
1. Қазіргі казақ тілінің сөзжасам жүйесі. А.; 1979.
2. А.М. Пешковский. Русский синтаксис в научном контесте. М. 1957.
9-дәріс
АДЪЕКТИВАЦИЯ ПРОЦЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТАБИҒАТЫ
Адъективация – басқа сөз таптарының сын есімге ауысуын білдіретін лингвистикалық процесс. Бұл процестің нәтижесінде тілдегі сын есім категориясы өзге сөз таптарынан ауысып келген сөздермен толығып, өз ауқымын кеңейтіп отырады. Сондықтан да адъективация тіл білімінде сын есімдердің қорлану, даму көздерінің бірі ретінде танылады.
Адъективация жайында сөз болғанда, біздіңше, екі нәрсенің басын ашып, анықтап алу қажет. Оның бірі – бұл тілдің морфологиялық құрылымында ғана ұшырайтын тілдік құбылыс па, әлде онда тұрақты түрде өтіп жататын процесс пе деген мәселе де, екіншісі, оның сын есімнің сөзжасам жүйесіне қатыстылығы туралы. Егер адьективация сын есім тудырудың бір тәсілі болса, онда ол сын есім жасаудың өзге тәсілдерінен қандай өзгешеліктерімен ерекшеленеді? Біздің ойымызша, адьективацияны әрі лингвистикалық процесс, әрі сын есім тудырудың өнімді тәсілдерінің бір жолы ретінде қарастыру дұрыс болмақ. Адьективацияның процесс болатын себебі, сын есімдер де тілдің бір бөлшегі санатында жалпы тілдік құрылымға тән дамудан тыс тұра алмайды. Тілдік даму барысында олар тілдегі өзге лексика-грамматикалық категориялармен сан қилы байланысқа түсіп, бірде сөз беріп, бірде олардан өз кезегінде өзі де сөз қабылдап, үнемі үздіксіз қозғалыста болады. Адъективация процесін мойындамау, екінші сөзбен айтқанда, тілдің дамуын танымау деген сөз. Екіншіден, адьективация сын есімдер тудырудың ең өнімді тәсілі болып саналады. Керек десеңіз сын есімдердің о баста өз алдына бөлек, жеке сөз табы болып қалыптасуы осы адъективация тәсілімен тығыз байланысты. Себебі, қазіргі тіліміздегі сын есімдердің өзегі болып табылатын «негізгі» немесе «байырғы» сын есімдердің барлығы әуел баста есім не етістік тобынан ауысып атрибутивтік мәнде орныққаны мәлім. Мысалы: көк, ақ, жас, бай, өзге, басқа, байтақ және т.б. сөздердің о баста сындық мағынада емес, заттық ұғымда қолданылып, кейіннен сын есімдер тобына ауысқандығы белгілі. Сол секілді қызыл, сары, жасыл, ауру, кебу, жүдеу, бедеу, сасық, жасық, қайнар (бұлақ), жанар (тау), қашаған, сүзеген, тебеген, өңкиген, дүңкиген, ұшқалақ, жаңғалак тәрізді түрлі қатыстық мағыналарды білдіретін сын сөздердің де бір кезде етістіктің формалық тұлғалары болғандығы бұлардың да соңынан адьективацияланып, атрибутив сөздер болып орныққандығы анық. Егер осы айтылғандарға шала жансар, әпербақан, жел өкпе, жел аяқ, көрсе қызар, ұр да жық, тіс қаққан, тас бауыр, без бүйрек секілді адьективацияланған күрделі сөздер мен фразалық тіркестерді қосатын болсақ, онда адьективацияның сын есім категориясын қалыптастырудағы рөлі тіптен ұлғая түседі. Сонымен, бұл фактілер адьективацияны ескіден келе жатқан процесс әрі сын есім тудырудың көне тәсілі деуге мүмкіндік береді.
Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда басқа сөз таптарының сын есімге айналу процесі тілдің кемеліне келген, сөздердің қолданылу позициясы әбден айқындалған қазіргі дәуірде емес, сөздердің грамматикалық кластарға жіктеле бастаған көне кезеңінде басталған. Шынында да, тарихи тұрғыдан қарағанда тілдегі лексика-грамматикалық категория – сөз таптарының барлығы бірдей бір уақытта, бір кезеңде пайда болмаған. Тілдегі сөз таптарының қалыптасуы өте ұзақ уақытқа созылған. Тілдің тарихи дамуы барысында олардың біреуі ерте пайда болса, енді біреуі әлдеқайда кеш және «тыңнан» емес, тілде бұрыннан бар сөз таптарының негізінде қалыптасқан. Бұл пікірдің шындығы сын есімдердің даму тарихы арқылы да дәлелдене алады. Жалпы тіл білімінде, түркологияда да о баста алғашқы сын есім сөздердің зат есімдер тобынан ауысып келген сөздердің негізінде қалыптасқандығы, одан кейін олардың етістік негізді сөздермен толыққандығы айтылады. Бұдан сын есімдердің әуел баста адьективация процесіне ұшыраған зат есімдер мен етістік сөздердің негізінде дербес грамматикалық категория болып орныққандығын көреміз. Мысалы, осы орайда, орыстың үлкен ғалымы А.А. Потебняның сын есімдердің калыптасуы жайында айтқан мына бір пікірін келтіре кеткен жөн сықылды: «... и в истории языков, различающих название вещи и признака (а не все это делают) прилагательное как выделенное из связи признаков, как более отвлеченное чем существительное, позднее существительного и образовалось из него» (Потебня. 1-60).
Зат есімдердің адьективациялануы, яғни олардың сын есімге айнала бастауы көне дәуірде болған процесс. Көне дәуірдегі зат есімдер өз бойларына заттық ұғыммен бірге сын, сапа туралы мәндерді де жинаған грамматикалық топ болды. Тағы да А.А.Потебняға жүгінсек: «Различие между существительным и прилагательным в языке, доступном наблюдению в историческое время уменьшается по направлению к прошедшему. С одной стороны в существительном в том же направлении от нас увеличивается атрибутивность» (Потебня. 1-37). Адам баласы санасының бірте-бірте өсуі, дүниетанымының да кеңеюі, соған орай тілдің де лексикалық, грамматикалық жақтан жетілуі о бастағы зат есімдердің морфологиялық жақтан жіктеліске түсуіне алып келді. Соның нәтижесінде адам баласының тіліндегі алғашқы зат есімдер енді зат пен құбылыстың және сын-сапа мен белгінің атын білдіретін сөздер болып бөліне бастады. Зат пен сын-сапа туралы ұғымдарды өз бойларына жинаған бастапқы зат есімдердің сын есімге айналуы олардың атрибутивтік қолданысы арқылы жүрді.
Сөйтіп, о бастағы зат есімдердің атрибутивті колданылуы тілде анықтауыш деп аталатын синтаксистік категорияның қалыптасуына алып келді. Ал, анықтауыш қызметінде зат есімдердің қолданылуы, сөйтіп, анықтауыш категориясының қалыптасуы, бір затты екінші зат арқылы тануға негізделеді. Басқа сөзбен айтқанда, анықтауыш категориясының қалыптасуы, «заттардың өзара салыстыру жолымен, бір-бірінен айырым белгілері мен салыстырма артық-кемдігін байқау арқылы жүреді» (Томанов 2-177). Анықтауыш категориясының қалыптасуы өз кезегінде тілдің морфологиялық құрылымында сын есімдердің дербес грамматикалык тіл ретінде орнығуына негіз калады. Сөйтіп, зат есімдердің атрибутивтік функцияда колданылуының нәтижесінде алғашқы сын есім сөздер пайда болды. Ондай «алғашқы сын есімдердің атрибутивтік мағынасы басқа бір зат есімдермен салыстырғанда айрықша аңғарылатын дәрежеге жетті. Мысалы, қатты нәрсені, затты таспен салыстырудың арқасында «тас» деген сөздің сындық мағынасы, сондай-ақ, жұмсақ, сусыма жерді құммен теңестіріп қараудың нәтижесінде «құм» деген сөздің атрибутивтік функциялары дамыды. Осындай анықтауыштық қызметте тұрақты әрі ұдайы қолданыстың нәтижесінде о бастағы зат есім сөздердің бірсыпырасы лексикалық және грамматикалық жақтан шектеліске түсіп, бірте-бірте сын есім мәнін беретін сөздер болып қалыптасады. Қазіргі қазақ тіліндегі ақ, қара, көк, бай, кедей, жас, жарық, тең деген сын есімдердің атрибутивтік мәнде орнығуы дәл осы синтаксистік қолданыстың нәтижесі екені анық. Бұлар түркі тілдерінде, соның ішінде, қазақ тілінде де әрі сындық мәнде жұмсалумен қатар заттық мағынада да қолданылатын сөздер болып саналады. Аталған сөздердің әрі зат есім, әрі сын есім мәнінде жұмсалуын түркологияда әркім әрқалай түсіндіреді. Э.В. Севортян бұларды, мысалы түркі тілдерінің көне дәуірінде болған синкретизмнің қалдығы деп санаса, В.М. Жирмунский ертедегі есім сөздердің есім грамматикалық жіктелісінің тілдегі көрінісі деп бағалайды (3-117, 4-146). Ал, Ф.А. Ганиев болса, бұлардың сын есім мәнінде калыптасуын адьективация процесінің нәтижесі деп карайды (5-27). Біздің ойымызша да, аталған сөздерді түркі тілдерінің көне дәуірінде болған дифференциялануының көрінісі деп санау жеткіліксіз. Сондықтан да бұл сөздер адьективацияланған зат есімдер ретінде танылуы тиіс. Ал, бұлардың зат есім мәнінде қолданылуы, біздіңше, субстантивтену процесі арқылы жүзеге асады. Жалпы, зат есімдер мен сын есімдер шығу тегі жағынан алғанда да, лексика-грамматикатық ерекшеліктері тұрғысынан қарағанда да, «бір-бірінен әлі де болса толық енші алып болмаған сөз таптарының қатарына жатады» (6-112). Бұл олардың қолданылу ыңғайына қарағанда, бірде адьектив, бірде субстантив мәнінде жұмсала берулерінен де көрінеді. Сын есімдердің зат есім мәнінде жиі қолданылуын А.А. Потебня былайша сипаттайды: «В течение долгого времени совмещение существительности и атрибутивности может быть обычном состоянием мысли, настолько господствующим, что при нем 1 образовавшиеся уже прилагательные и будучи атрибутивными вновь превращаются в существительные» (1-65).
Зат есімдердің сын есім тобына ауысуының тағы бір себебі - түркі тілдерінің морфологиялық жүйесінің өзіндік ерекшелігіне байланысты. Түркі тілдеріне тән үлкен ерекшелік сол, онда сын-сапа категориясын білдіретін арнаулы морфологиялық тұлғалар жүйесі болмаған, тілдің даму барысында да ондай жүйе қалыптасқан жоқ. Түркі тілдері ондай сын-сапаны білдіретін грамматикалық категорияны басқаша жолмен қалыптастырады. Есім, етістік тұлғалар тілдік қолданыстың барысында адьективацияланып, сын есімдер тобына ауысты да, оның негізін құрайтын элементтер болып орнықты. Мысалы, байырғы сын есімдер санатына жататын ақ, қара, көк, бай, кедей, т.б. адьективтенген зат есім тұлғалары болса, қызыл, жасыл, сары, ұзын, жүдеу, үлкен, кіші, т.б. сөздер сын есімдер тобына ауысқан бір кездегі етістік тұлғалары болып саналады. Бұлар сөйлемде анықтауыштық функцияда жиі жұмсалудың нәтижесінде адьективтеніп, сын есімдер тобына тұрақталып қалған. Адьективацияланған кейбір етістік тұлғалары тілдің даму барысында сын есім жасайтын косымшалар болып қайта ұғынылуы «Олардың кейбірі (мысалы, -л: қызыл, жасыл) тек сол сөздер құрамында ғана қалса,– дейді белгілі ғалым М. Томанов,– кейбірі сын есім жасаудың актив тәсілі болып қалыптасты» (2-178). Сонымен, сын есімдердің жеке лексика-грамматикалық категория болып қалыптасуы лексикалық және синтаксистік қолданыс барысында болды. Лексикалық және синтаксистік қолданыстың барысында о бастағы есім, етістік сөздер адьективацияланып, сын есім болып қалыптасты. Сан есімдердің сөз табы болып қалыптасуы, ең алдымен, зат есімдердің адьективацияланып, атрибутивтер тобына ауысуынан басталады. О бастағы адьективтенген зат есімдер тобы кейін осы топқа ауысып келген етістік тұлғаларымен толықты. Сын есімдердің етістік түлғаларымен толығуы оның өзіне тән аффиксация жүйесіне ие болуына мүмкіндік берді. Мұның өзі адъективация процесі, болмаса адъективация тәсілі арқылы сөз жасау есімнің сөзжасам жүйесінде ежелден келе жаткан көне тәсіл екенін дәлелдейді. Адьективация тәсілі арқылы сөз жаcay сын есімдердің басқа сөз таптарынан ауысып келген сөздер арқылы толығуы тек сын есімнің сөзжасам жүйесінде аффиксация тәсілі пайда болғаннан кейін ғана бәсеңдегенге ғана ұқсайды. Бірақ, біздің бұл айтқанымыздан адьективация пpoцeci сын есімнің сөзжасам жүйесінде мүлдем біржола тоқтады деген қорытынды тумаса керек. Адьективация (3. 26). Ал үнем заңының, әлбетте, сөз таптарының бір-біріне ауысуға қолайлы жағдай жасайтыны, түрткі болатыны белгілі.
Есімдіктердің тарихы жайлы түркологиялық әдебиеттерде (П.Г. Мелиоранский, Г. Рамстедт, А.Н. Кононов, Н.А. Баскаков, А. Щербак, Ф. Исхаков, Д. Киекбаев), қазақ тіл біліміндегі бірсыпыра зерттеулерде (Ғ. Мұсабаев, А. Ыскақов, М. Томанов, А. Ибатов) оның сөз табы болып қалыптасуында басқа сөз таптарынан ауысып, есімдік мәнін алған сөздердің (прономинализация) зор роль атқарғаны айтылады. Шынында да, қазіргі қазақ тіліндегі сөздерді тарихи тұрғыдан қарастырғанда көне дәуірден бері келе жатқан (байырғы) есімдіктер, Ғ. Мұсабаевтың сөзімен айтқанда, "бір шөкім" (3-4) сөзден аспайды. Өзгелер сан есімнен, сын есімнен, тағы басқалардан бас құрған" (4.77). Расында да, тілдің көне дәуірінде есімдіктер қазіргі тілдегідей сан есім жағынан мол, тұлғалық жағынан әр қилы болмаған. Қазіргі қазақ тіліндегі есімдіктердің мағыналық топтарының ішінде ең көнелері - сілтеу және жіктеу есімдіктері. Бұл екеуінің қайсысы бұрын қалыптасса да, олар мағыналық жақтан да, құрылымдық жақтан да бір-бірімен астасып жатады. Бұған жіктеу және сілтеу есімдіктерін өзара салыстыру арқылы көз жеткізуге болады: мен-менікі-мынау, сен-сенікі-сонау, ол-онікі-анау. Жіктеу, сілтеу есімдіктерінің тұлғалық, мағыналық жақтан астасып, ұштасып жатуының басты себебі, біздіңше, о баста олардың есім сөз болғандығынан. Оған олардың септелуі басты айғақ. Прономиналдану процесінің нәтижесі, әсіресе, есімдіктердің басқа топтарында жиі көрінеді. Кейбір басқа тілдерден енген кірме есімдіктерді қоспағанда сұрау, белгісіздік, жалпылау, өздік есімдіктері түгелге дерлік прономиналданған басқа сөз таптары болып келеді. Мысалдарға жүгінейік.
Өздік есімдігі деп аталып жүрген топта бір ғана "өз" сөзі екені белгілі. Ғалымдардың барлығы да "өз" сөзі о баста "сущность", целость, яғни, "бүтін, түгел, бәрі, негіз" дейтін есім мәнінде қолданылғанын айтады". Бұл сөздің қалыптасуы жайында А. Ибатов бұдан басқаша, өзіндік ой түйеді. "Өз" есімдігінің зат есім мәнінде "өpe" сөзімен (мысалы, өресім жетпейді) ұялас екенін айта келіп, ол сөз құрамында р мен з дыбыстарының алмасуы, "сондай-ақ, сөздің соңындағы дауысты дыбыстарының түсіп қалып отыруы түркі тілдерінің қайсысына болса да жат құбылыс емес" екенін атап өтеді (5.51). Ал "өре" сөзінің синонимі "бой" екені белгілі. Олай болса, "өресі жетпеді" деген тұрақты сөз тіркесіндегі "өре" сөзі заттық ұғым береді. "Өз" сөзінің көне түркі ескерткіштерінде, сондай-ақ, орта ғасырлык жазба мұралардың тілінде тәуелдік жалғауынсыз заттық мағынада қолданылуы да оның о баста зат есім мәнді сөз болғанын дәлелдейді. Өз ынча коргек болмыш - "өмір өзінше бітті" (Күлтегін ескерткіші Ү-ҮШ ғ.) Бу бізніңөз кіші - ол - бу бізнің я кишимиз. Тэгма кіші өз болмас. Сөз болып отырған есімдіктердің о бастағы зат есім процесі тілдің дамуымен бірге дамып, одан әрі де жалғаса берері даусыз. Тек қана бұл жерде біздің айтпағымыз, оның сын есім жасаудың өзге тәсілдеріне қарағанда қазіргі кезде актив еместігі. Егер аффиксация немесе синтаксистік амал-тәсілдер арқылы белгілі бір үлгілерінде сан алуан тез арада жасатып, коғамдық-әлеуметтік өмірдің жаңа сөздерге деген сұранысы дер кезінде қанағаттандырылып отыратын болса, адьективация тәсілі арқылы бұлай жасау мүмкін емес. Себебі, адьективация тәсілі арқылы сөз жасау басқа сөз таптарының сын есімге ауысуына сүйенеді. Ал, басқа сөз таптарының сын есімге ауысуы, сөйтіп сын есім мәнінде қалыптасуы өте ұзаққа созылатын процесс. Адьективацияланған сөз, ең алдымен, лексикалық жақтан, содан кейін морфология-синтаксистік жақтан әбден сын есім болып игеріліп, бүтіндей өзгеріске түсуі қажет, оның үстіне басқа сөз табынан сын есім тобына ауысқан сөзді сол тілде сөйлейтін ұжым мүшелері (не халык) атрибутив сөз ретінде қабылдауы тиіс. Бұл үшін, әлбетте, ұзақ уақыт қажет. Адьективация тәсілі арқылы сөз жасаудың күрделілігі мен қиындығы міне, осында.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. А. А. Потебня. Из записок по русской грамматике. Москва, 1968.
2. М. Томанов. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. Алматы, 1988.
3. Э. В. Севортян. «Из истории имен прилагательных в тюркских языках. «Тюркологические исследования». Москва–Ленинград
4. В. М. Жирмунский. Происхождение категории прилагательных в индоевропейских языках в сравнительно-грамматическое исвощение ИАН СССР, том V, вып. 3, Москва, 1946.
5. Ф. А. Ганиев. Конверсия в татарском языке. Казань, 1986.
Достарыңызбен бөлісу: |