Ж. Т. Сарбалаев конверсия мәселелері дәрістер топтамасы


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



бет2/6
Дата22.06.2016
өлшемі0.63 Mb.
#153557
1   2   3   4   5   6

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Т. Қордабаев. Қазақ тіл білімінің қалыптасу, даму жолдары. Алматы, 1987

2. Н.И.Ильминский. «Материалы к изучению киргизского наречия», 1860

3. М.Терентьев. «Грамматика турецкая, персидская, киргизская и узбекская». СПб, 1878

4. К.Хусаинов. «В.В.Радлов и казахский язык». А., 1987

5. П.М.Мелиоранский. «Краткая грамматика казак-киргизского языка». СПб, 1894

6. В.В.Катаринский. «Грамматика киргизского языка. Фонетика, этимология и синтаксис». СПб, 1907

7. А.Байтұрсынов. Тіл - құрал. Алматы, 1993

8. Қ.Жұбанов. «Қазақ тілінің грамматикасы». А., 1936

9. Қ.Жұбанов. «Из истории порядков слов в казахском предложении». А., 1968


3-дәріс
КОНВЕРСИЯ ТӘСІЛІ БОЙЫНША СӨЗ ТУДЫРУ МӘСЕЛЕСІНІҢ ТІЛ БІЛІМІНДЕ ЗЕРТТЕЛУІ
Тілдің сөздік құрамындағы сөздер өзгермейтін, белгілі бір сөз таптарына байланып, қатып қалған нәрсе емес. Тілдің тарихи даму барысында олар үнемі үздіксіз қозғалыста болып, бір сөз табынан екінші бір сөз табына ауысып, өздерінің мәні мен қызметін өзгертіп отырады. Академик В.В.Виноградов жалпы сөз таптарының бір-біріне ауысуы жайында былай деп жазады: «Не следует думать, что части речи отделены одна от другой непроницаемыми перегородками, напротив, в живой языковой действительности постоянно наблюдается случай передвижения слов из одной части речи в другую... Выяснение живых способов перехода слов из одного грамматического разряда в другой составляет важную задачу морфологии» [1-153]. "Тілдің негізгі сөздік қоры мен грамматикалық кұрылымының қарым-қатынасына және олардың ішкі даму заңдылығына лайық сөздердің ішінара бір категориядан екінші категорияға ауысып отырулары тек өткен-қазіргі заманның ғана жемісі емес, ілгері уақыттарда да болатын құбылыстар екені даусыз" [2-164].

Жалпы тіл білімінде сөздердің бір лексикалық-грамматикалық категориядан екінші бір лексика-грамматикалық категорияларға ауысулары «конверсия» (ағылшын тілінен алынған термин: conversion-айналу) деп аталады да, ол сөзжасамның бір жолы (түрі) ретінде танылады. «Проблема перехода частей речи в другую,-дейді академик В.В.Виноградов, тесно связана с проблемами выделения частей речи в языкознании. Она также имеет отношение к словообразованию, так как конверсия представляет собой один из способов словообразования» [1-17]. Белгілі түрколог А.А.Юлдашев та конверсиялық процестің сөзжасам жүйесінде алатын орны жайында осыған ұқсас пікір айтады: «Конверсия должна рассматриваться как один из функционирующих в современных языках способов словообразования» [3-72]. Молдован тілінің зерттеушісі Н.Г.Корлэтяну болса, конверсиялық тәсіл бойынша сөз тудыру дүние жүзіндегі көптеген тілдерде ұшырайтынын, оның тілдердіц бір тобында актив (мысалы, ағылшын, француз, неміс және т.б.) ал, енді бір тілдерде пассив түрде келетінін айта келіп, оны сөздік құрамды жаңа лексемалармен байытатын маңызды факторлардың қатарына жатқызады [4-57].

Конверсиялық тәсіл бойынша сөз тудыру, әсіресе, ағылшын тілінде кең қанат жайған. Конверсиялық тәсіл-ағылшын тілінің сөз жасам жүйесіндегі ең өнімді, актив тәсілдердің біріне жатады. Л.А.Уримцеваның деректеріне қарағанда, қазіргі ағылшын тілінің лексикалық құрамындағы конверсияланған сөздердің саны (яғни бір сөз табынан екінші бір сөз табына ауысқан) 7-мыңнан асып жығылады. [5-112]. Ағылшын ғалымы М.Бизе болса, ағылшын тілінде конверсиялық процестердің мынадай түрлері барлығын айрықша атап көрсетеді: 1) зат есім - етістік, 2) сын есім - етістік, 3) етістік - зат есім, 4) сын есім - зат есім, 5) зат есім - сын есім, 6) үстеу -сын есім, 7) үстеу – зат тесім, 8) етістік - үстеу, 9) етістік - сын есім, 10) есімдік -етістік [5-180]. М.Бизенің топтастыруына қарағанда, атауыш сөз таптарының барлығы да конверсия процесінен тыс тұрмайтынын, қайта олардың конверсиялык процесіне белсене қатысатынын аңғарамыз. О.Д.Мешкова ағылшын тілінде конверсиялық тәсілдің кең өріс алғандығының себебін былайша түсіндіреді: «Конверсия в той или иной степени присуща многим языкам, но в английском языке она имеет особенно широкое распространение. Важнейшей причиной этого можно считать ту особенность английского языка, которая состоит почти в полном отсутствии в этом языке морфологических показателей частей речи. Это обстоятельство не могло не способствовать широкому распространению конверсии, по моделям которой происходит образование новых лексических единиц, пополняющих словарный состав языка» [6-117].

Конверсиялық тәсіл бойынша жаңа сөз тудыру, сондай-ақ қытай тіліне де жат емес. Қытай тіліндегі сөз таптарының проблемаларын зерттеген ғалым М.В.Солнцев онда едәуір сөздердің әрі зат есім, әрі етістік мәнінде қолданылатынына назар аудара келіп, олардың бұлайша қалыптасуын, яғни бірде есім, бірде етістік мәнінде тұрақталуын конверсия процесінің нәтижесі деп түсіндіреді. М.В.Солнцев өз пікіріне дәлел ретінде қытай тіліндегі әрі зат есім, әрі етістік мағынасында жұмсалатын мынадай лексикалық-грамматикалық омонимдерді алға тартады: «Что слово цзюй может означать «пила» и «пилить», слово «цзугжий» - «организация» и «организовывать». Каждое из двух слов пары обладает своей системой форм и синтаксических признаков» [7-83].

Кеңестік тіл білімінде конверсия тәсілімен жаңа сөз тудыру әлдеқашан орныққан, жалпыға танылған басы ашық мәселе болды. Конверсиялық жолмен сөз тудыру мәселесі жайында, әсіресе, кеңестік романистикада, германистикада, орыс тіл білімінде бірсыпыра құнды зерттеулер жарық көрген, алуан түрлі пікірлер мен көзқарастар қалыптасқан. Оларда конверсиялық процестің табиғаты, сөзжасам жүйесінде алатын орны, басқа да грамматикалық құбылыстарға қатысты жан-жақты қарастырылған. Жекелеген зерттеулерде конверсиялық процестің кейбір түрлері өзінің дұрыс шешімін тапқан деуге болады. Зерттеушілер, әсіресе, конверсияның субстантивация, адъективация, адвербиализация сияқты формаларына ерекше ден қойған, бағалы пайымдаулар жасаған, нақты түжырымдар түйген (Бахараев А.И., Удалова Л.И., Соколов С.А., Корлэтяну Н.Г., Ғаниев А.Ф., Беглярова С.А., Абдурахманов Г.А. және т.б.). Дегенмен, ғалымдардың конверсиялық процесс жайындағы айтқан ой-пікірлеріне бажайлап қарайтын болсақ, онда олардан бір ізділікті байқау қиын. Олардың конверсиялық тәсіл арқылы сөз тудыруды бір ғана аспектіде емес, түрлі аспектіде қарастыруы әрқилы байламдардың тууына себепші болды. Кейбір ғалымдар лексика-грамматикалық категориялардың бір-біріне ауысуын, соның нәтижесінде пайда болған «жаңа тұлғаны транспозициялық құбылыс» (Ш.Балли, Л.Соколова) деп атаса, енді біреулері мұны тілдегі «трансляциялық құбылыс» (Л.Теньер) деп таниды.

Е.А.Куриловичтің түсінуінше, сөз тудырдың морфологиялық-синтаксистік тәсілі (конверсия) морфологиялық және синтаксистік деривацияның нәтижесі.



Е.А.Раевская мен Н.Б.Гвиггани сөздердің бір сөзтабынан екінші сез табына ауысуын лексикалық единицалардың көп функциялығы деп багалайды. М.Д.Степанованыя пікірінше конверсия сөз тудырудың арнаулы бір жолы емес, ол тек грамматикалық құбылыс болып табылады. Сөз таптарының бір-біріне ауысуының нәтижесінде пайда болатын лексикалық-грамматикалық омонимдерді И.П.Иванов «модельденген омонимдер» деп атаса, В.Д.Аракин оларды «жұрнақсыз сөз тудыру» деп қарайды (безаффиксальное словообразование). Ал, И.В.Лопатин мен З.М.Рящина конверсияланған сөздерден нольдік аффиксацияның рөлін көреді де, оны «нулевая аффиксация словообразования» деп атайды. Сонымен бірге, жалпы тіл білімінде кейбір зерттеушілердің сөз тудырудың конвсрсиялық тәсілін мойындамайтынын, тіпті, оны жоққа шығаратынын да айта кету қажет. Мысалы, Адмони, Б.С.Жаров, B.C.Ярцева, И.А.Антипова т.б. сықылды ғалымдардың тілдіц синтаксистік жүйесінде сөз таптарының бір-бірінің орнына қолданылуын, яғни басқа сөз таптарының функциясында жұмсалған сөздерді «орынбасар-сөздер» (слово-заместитель) деп атауды ұсынады сонымен бірге олар «орынбасар-сөздердің» тілдегі түрлерін де анықтайды: мысалы, «зат есім-орынбасар» (существительное-заместитель), «етістік-орынбасары» (глагол-заместитель), «үстеу- орынбасар» (наречие-заместитель) және т.б. Кезінде Адмони енгізген, кейіннен зерттеушілердің аз ғана бөлігі қолдаған бұл теория ғылымда кең қолдау тапқан жоқ. «Орынбасар -сөздердің сөз таптарының жалпы теориясына қайшы келетінін, сөз таптарының бір-біріне ауысуын осылайша түсіндіруге болмайтынын айта келіп, А.М.Пешковскии былай деп жазады: «Говоря о замене» одной части речи в другой не следует забывать, что «замена» вообще никогда не равняется полному превращению одной части речи в другую. Адъекватности здесь не может быть» [8-140]. Сол сияқты, 1960 жылдары сөз таптарының бір-біріне ауысуына байланысты Л.Блумфилд қолданған «субститут» термині де конверсиялық процестің табиғатына сай келмейді «Субститут,-деп жазады Л.Блумфилд,-это языковая форма или грамматическое явление, которое известных повторяющихся обстоятельствах заменяет любую из языковых форм, принадлежащих к данному классу [9-18]. Бұдан Л.Блумфилдтің конверсиялық процестерді таза лексикалық грамматикалық тұрғыдан емес, белгілі бір стильдік құбылыстармен байланысты қарастырғандығы байқалады. Десек те, отандық ғалымдардың көпшілігі (А.И.Смирницкий, А.Н.Тихонов, Н.К.Дмитриева, А.Н.Кононов, Н.А.Каланова, Б.О.Орузбаева, Н.М.Шанский, В.В.Виноградов, Н.Г.Карлэтяну, Ю.А.Жлуктенко, А.А.Ғаниев, А.А.Юлдашев, С.А.Беглярова, И.Н.Павлов және т.б.) сөз таптарының бір-біріне ауысуын конверсия деп атайды да, оны сөзжасамның бір жолы санайды. Осы орайда мынаны айта кету керек. Орыс тілінің әр жылдарда жарыққа шыққан оқулықтарында конверсиялық тәсіл «сөз тудырудың морфологиялық-синтаксистік тәсілі» деп аталды да, оның, яғни морфологиялық-синтаксистік тәсілдің сөз таптарының бір-біріне ауысуына сүйенетіндігі, жаңа сөздің морфологиялық және синтаксистік тәсілдерінің өзара ұштасып, тоқайласып келуінің негізінде жасалатындығы, оны «конверсия» термині мен ауыстырып та айтуға болатындығы сөз болады. Мысалы, академик В.В.Виноградов: «К морфолого-синтаксическим способам словообразования относятся переходы слов из одной части речи в другую», - деп атап көрсетсе [1-13]. М.Н.Морозованың авторлығымен шыққан «Современный русский язык Словообразование» деп аталатын оқулық оған: «Морфолого-синтаксическим называется такой способ словопроизводства, при котором новое слово образуется путем перехода одной части речи в другую в определенных синтаксических условиях, причем внешних изменений в слове не происходит» деген анықтама беріледі [10-152].

Түркологияда конверсия жайында үш түрлі көзқарас қалыптасқан. Оның бірі-белгілі түрколог Э.В.Севортянның пікірі. Э.В.Севортян конверсияның қазіргі түркі тілдерінде ағылшын тіліндегідей сөз тудырушы рөлі жоқ екендігін айта келіп, оны түркі тілдерінің көне дәуірінде болған синкретизмнің лексика-морфологиялық көрінісі деп қарайды. Ғалымның пікірін толық келтірейік: «Конверсия как лексико-морфологическос выражение первоначальных синкретизмов, характерное для ранних этапов развития тюркских языков, ныне представляет собой якобы лишь пережиточное явление»,- [11-29] дей келіп, тағы бір жерінде осы пікірін былайша дамытады: «... о корневом глагольно-именном омониме в тюркских языках правомерно сказать, что она как система словообразования принадлежит прошлому тюркских языков, правильнее будет рассматриваться ее не как конверсию, а как выражение лексико-морфологического синкретизма, свойственного более ранним ступеням структуры тюркских языков» [ 11-30]. Осыған ұқсас пікірді қарайым тілінің зерттеушісі К.А.Мұсаев та айтады [12-131]. Сонымен, бұдан Э.В.Севортянның конверсияны түркі тілдерінің өте көне дәуірінде болған процесс деп танитындығын, ал түркі тілдеріндегі есім-етістік омонимдерді конверсия аясында қарастырмай, оны тек лексика-морфологиялық синкретизмнің көне дәуірдегі көрінісі деп санайтындығын байқаймыз. Осы орайда, түркологтардың барлығы да Э.В.Севортянның осы бір пікірін қолдайды деп айта алмаймыз. Қазіргі түркі тілдеріндегі әрі етістік, әрі есім беретін синкретизм сөздердің (мысалы, қазақ тіліндегі ақ, көк, көне, той, жон, күй, аз, бос және т.б.) тарихи қалыптасуын конверсия процесінің нәтижесімен байланыстырып қарайтын көзқарастар жоқ емес. Мысалы, Г.Рамстедт кезінде түркі тілдеріндегі есім-етістік омонимдердің тарихи қалыптасуын «конверсия» деп таныған болатын. [13-112]. Академик А.Н.Кононов өзінің көне түркі жазба ескерткіштерінің тіліне арнаған соңғы зерттеулерінің бірінде синкретизм сөздер туралы былай деп жазады: «Мне представляется более убедительным считать глагольно-именную омонимию результатом конверсии, разумея под последней совпадение в единой звуковой форме разных по происхождению основ» [14-49]. А.Н.Кононовтың бұл тұжырымымен академик Ә.Т.Қайдаров да белгілі бір дәрежеде қолдайтынын аңғартады: «Но в то же время полностью отрицать возможность образования синкретических пар или глагольно-именных омонимов на основе конверсии нельзя. Она обычно происходит в тех случаях, когда производящая корневая морфема типа СГ и ГС и СГС оказывается гомогенной, общей для последующих грамматических формантов, оставшихся в силу разных причин в одной омоформе» [15-155]. Көрнекті түрколог А.М.Щербактың да етістік-есім омонимдер жайындағы мына бір пікірі, осы орайда, еске алынуға тиіс: «Вообще говоря, внешное совпадение именных и глагольных основ может быть следствием поздних процессов, не обязательно заключившихся в измененные формы, и, очевидно, одним из таких совпадений является конверсия» [16-9]. Біз де қазіргі қазақ тіліндегі синкретикалық жұп сөздерді яғни етістік-есім омонимдерді конверсия аясында қарастыру қажет деген пікірлерді қолдаймыз. Себебі, конверсиялық процесс Э.В.Севортян айтқандай, түркі тілдерінің көне дәуірінде болып өткен процесс емес, ол да ағылшын тіліндегідей дамудағы, қазіргі кезде кемеліне келген тілдік процесс. Тілдің бір бөлшегі - сөз таптарының өзге де тілдік құбылыстар сияқты даму, қозғалыс күйінде болатынын ескерсек, онда ешкім де конверсиялық процесті жоққа шығара алмайды. Өйткені, сөздерді белгілі бір сөз таптарына байлап қоюға болмайды. Конверсия тәсілін мойындамау-бұл ең алдымен сөз таптарының дамуын, басқаша айтқанда, тілдің жалпы дамуын мойындамаумен бірдей. Сөздер де тілдің даму барысында түрлі өзгерістерді басынан өткізеді. Олар тілдің даму процесінде кейде өзінің семантикалық мәні мен синтаксистік қызметінен қол үзіп, көмекші сөздерге не болмаса грамматикалық форманттарға айналып отырады, енді бірде сөздер өздерінің категориялық мағынасы мен парадигмімен жекешеленіп, өзге бір грамматикалық топтардың қатарына ауысып, тілдегі лексикалық-грамматикалық омонимдердің түзілуіне себепші болады. Сондықтан да Р.А.Будагов: «Движение грамматики никогда не прекращается» десе, профессор А.М.Пешковский: «Процесс этот вечен в языке»,-дейді [8-142]. Тілдегі тарихи түрғыдан синкретикалық жұптар немесе етістік-есім омонимдер (дұрысы, тарихи омонимдер), ал тілдің қазіргі қалпы түрғысынан лексика-грамматикалық омонимдер ретінде қарастырылатын, жоғарыда айтылған ақ, қара, көн, той, жон, күй т.б. сықылды сөздерді, біздіңше конверсиялық процесс аясында қарастыру жөн сықылды. Өйткені, етістік-есім омоним сөздердің тарихи қалыптасуын белгілі бір дәрежеде конверсиялық процестің негізінде түсіндіруге болады. Бұл жерде, біріншіден, конверсиялық процестің өте көнелілігін, оның сонау сөздердің сөз таптарына жіктелу дәуірінен бастау алатынын ескеру керек, екіншіден, оның Э.В.Севортян айтқандай, «өлу үстіндегі процесс» емес, қайта ағылшын және басқа да тілдердегідей даму, жетілу күйіндегі құбылыс екенін есте ұстау қажет.

Жалпы тіл білімінде адам баласы пайдаланған алғашқы сөздердің мағыналық сипаты, олардың сөз таптарына қатыстылығы жөнінде ғылыми пікір-талас көп. Бұл жайында жалпы тіл білімінде әзірге үш түрлі көзқарас белгілі. Бірінші көзқарас бойынша, адам баласының пайдаланған алғашқы сөздері зат есім мәнді лексемалар болған. Өйткені, ертедегі адамдар ең бірінші өзін қоршаған шындық өмірдегі заттар мен құбылыстардың атын білген. Екінші көзқарас бойынша, тілдегі бастапқы сөздер етістік мәнін берген. Бұл көзқарасты қолдаушылардың пікірінше, алғашқы адамдар объективті дүниені қимыл үстінде, процесс күйінде таныған. Сол себепті, адамзаттың тұңғыш сөздері негізінен етістік мағынасында болған. Ал, соңғы, үшінші көзқарасты ұсынушылардың айтуына қарағанда, адам баласының алғашқы сөздері тек қана етістік не есім мәнінде дара қолданылмаған. Олар о баста бірден етістік, есім мәнінде қатар жұмсалған яғни, адам баласының көне сөздері ез бойларына әрі есім, әрі етістік мағыналарын сыйдырған (Синкретті, көп мағыналы болған). Түркологияда әрі есім, әрі етістік мәнінде жұмсалатын сөздерді синкретизм немесе етістік-есім омонимдер деп тану, онымен қатар оларды түркі тілдерінің бастапқы күйін білдіретін факті деп бағалау, осы соңғы, үшінші көзқарасты қолдаудан туған. Түркологияда Г.Вамбери, П.М.Мелиоранский, К.Гренбек және т.б. ұсынған синкретизм идеясын кейіннен басқа да зерттеушілер мақұлдап, оны теориялық түрғыдан ілгері қарай дамытқан (Э.В.Севортян, Ә.Т.Қайдаров, Е.Қажыбеков және т.б.). Әйтеуір, қайткен күнде де о бастағы сөздердің көп мағыналы болғандығы, олардың белгілі бір сөз таптарына бөлінбегендігі анық. Сөз татары тілдің даму барысында, кейіннен алғашкы синкретизм сөздердің қолданылу сферасының анағүрлым кеңейген кезінде, олардың сөйлем мүшелері кызметінде тұрақты әрі ұзақ қолданыстарымен байланысты «синкретизмнен» (сөздерден) бөлініп шыққан «Частей речи не было,- дейді Н.Я.Марр,-постепенно из частей предложений выделяются имена, которые служат для образования действия, т.е. глаголов переходных, впоследствии непереходных, имена существительные по функции становятся, служа определением прилагательными, которые так же выделяются имена же» [18-417]. Бұдан тілдегі сөз таптарының әуел баста тек лексика-грамматикалық категория болып қалыптасуында сөздердің синтаксистік функциясының (қолданысының) аса зор роль атқарғандығын көреміз. Сөздердің синтаксистік функциясының өзгеруі олардың бір топтан екінші бір топқа ауысуына қолайлы жағдай жасайды. «Части речи синтаксически полифункциональны. Обычно слова переходят в другую часть речи, выступая в ее основных синтаксических функциях» [19-190]. Конверсиялык процесте де дәл осы жағдай қайталанады. Әуелі сөздердің синтаксистік қолданысы (функциясы) өзгереді, одан кейін ғана олардың категориальды мағынасы мен парадигмі сөздің жаңа функциясына лайық жаңа түрге енеді. Тілдің өте көне дәуірінде де, біздіңше, дәл осы процесс жүрген сыкылды. Өйткені, о бастағы «синкретизм» түлғалардың әрі есім мәніне, әрі етістік мәніне жіктелуіне, әйтеуір, бір нәрсе себепші болуы тиіс кой. Біздің ойымызша, о бастағы бір мезгілде есім-етістік мәнін қатар берген (синкретизм) сөздердің лексика-грамматикалық кластарға бөлінуінде де конверсиялық процестің осы аталған белгілерінің барлығы да (синтаксистік қолданыс, категориальды мағына және парадигм) кездеседі. Синтаксистік қолданыстың барысында әуел бастағы (синкретизм) тұлғалар әрі есімдер тобына, әрі етістіктер тобына ыдыраған. Кейіннен, тілдің даму барысында, өз алдарына бөлек, жеке грамматикалық кластар болып қалыптаскан, етістік-есім омонимдердің (синкретизмдер) әрқайсысы өздеріне тон категориальды мағына мен түрлену жүйесіне (парадигм) ие болған. Мұның өзі конверсиялық тәсіл бойынша сөз тудырудың өте көне дәуірден, сонау алғашқы «синкретизм» сөздердің белгілі бір лексика-грамматикалық топтарға жіктелу кезеңінен келе жатқан «ескі тәсіл» екенін көрсетеді. Ал, сөзжасамның басқа түрлері (лексика-семантикалық, морфологиялық және синтаксистік) тілдің даму барысында, кейіннен, сөздердің мағыналық шеңбері мен қолданылу сферасының кеңейген кезінде, тілдің грамматикалық құрылысының жетілген уағында қалыптасқан жайт. Осы орайда, академик Б.О.Орузбаеваның мына бір пікірі әбден еленуге тұрарлық деп білеміз: «... что переход слов из одной части речи в другую и в связи с этим изменение их лексико-морфологических функций является древнейшими способами обогащения словарного состава языка»[20-79].

Сөздердің бір сөз табынан екінші сөз табына ауысуы өте ұзаққа созылатын процесс. Олар бір лексика-грамматикалық категориядан басқа бір лексика-грамматикалық категорияға бірден ауыса салмайды. Бір сөз табынан екінші сөз табына ауысқан сөз әуелі «аралық категорияда» өмір сүреді де, екі сөз табына ортақ синтаксистік қызметте жұмсалады. «Аралық категорияда» өмір сүретін сөздің бойында, сондай-ақ, өзінің бұрынғы категориальды мағынасы да жарым-жартылай сақталады. Бұл жайында сөз тудырудың конверсиялық тәсілі жайында құнды-құнды ойлар айтқан ғалым В.Н.Ярцева былай дейді: «В диахронии легко видеть, как при передвижке из одного класса в другой данное слово не сразу приобретает все признаки нового класса, а иногда не обретает их целиком, образуя вместе с себе подобным подгруппу среди лексико-грамматического разряда» [21-418]. Ал, Н.А.Каламова болса, бұл пікірді қостай отырып, оны былайша толықтырады: «Там где имеет место полный переход одной части речи в другую, этот процесс можно уяснить, обращаясь к истории языка, там же, где процесс перехода не полный, а наблюдается двояко функционированная грамматические омонимия» [22-47]. Біздің ойымызша, жоғарыда сөз болған ақ, қара, күй, көн, той, жон т.б. етістік-есім омонимдердің де қалыптасуын дәл осы тұрғыдан түсіндіру мақұл сияқты. Оларды тілдің өте көне дәуіріндегі «синкретизм құбылысының» қалдығы деп танумен бірге, есімдер мен етістіктердің арасындағы «аралық категория», бір кездегі «етістік-есім омонимдердің» әлі де болса сөз таптарына ыдырап яғни ауысып болмағандығының көрінісі (не полный переход) деп қарау абзал сықылды. Конверсиялық тәсіл жайындағы түркологиядағы екінші көзқарас, ол, сөздердің функционалдық қызметімен ұштасып жатады. Түркологтардың басым көпшілігі оны (конверсияиы) сөздердің өзінің негізгі функциясынан басқа сөз таптарыньң қызметінде (уақытша қолданылуы) деп түсіндіреді де, оны сөзжасамға еш қатысы жоқ, таза функционалдық құбылыс деп есептейді. Түркологияда сөз таптырының сөйлем құрамында бір-бірінің орнына «уақытша ауысуы» (қолданылуы) әp кезде жарық көрген А.Г.Гулямовтың (1955ж.), А.Н.Кононовтың (1956 ж.), Г.Х.Садуақасовтың (1956 ж.), Т.М.Гариновтың (1959ж.), С.Джафаровтың (1960ж.), С.Н.Мұратовтың (1961 ж.), Э.В.Севортянньң (1960ж.), Б.О.Орузбаеваның (1964ж.), Д.Н.Тұмашеваның (1964ж.) т.о. еңбектерінде сөз болады. Бұл көзқарасты ұсынушылар сөздердің бір сөз табынан екінші сөз табына ауысулары нақ осы (уақытша қолданыстардан басталтынын) ескермейді. Сөздердің белгілі бір синтаксистік позицияда (уақытша қолданысы) мезгіл өте келе бірте-бірте (тұрақты құбылысқа) айналады да, сөз таптарының бір-біріне толық ауысқандығын білдіреді.

Түркологияда конверсиялық тәсіл жайында қалыптасқан соңғы, үшінші көзқарасты қолдаушылар конверсияның да түркі тілдеріне тән екендігін мойындай келіп, түркі тілдерінің грамматикалық жүйесінде де сөз таптарының бір-біріне ауысу процесі үздіксіз жүріп отыратындығын, оны сөз тудырудың лексика-грамматикалық тәсілдерінің ішінде өз ерекшелігімен бөлектенетін құбылыс деп түсіндіреді. Ондай пікірлерді, негізінен Н.К.Дмитриевтің, А.А.Юлдашевтің, А.Ф.Ганиевтің, С.Г.Беглярованың, И.ГІ.ІІавловтың және т.б. еңбектерінен ұшыратамыз. Біздің ойымызша да, сөз таптарының бір-біріне ауысуын сөзжасам жүйесіне қатысты қарастырған осы соңғы пікірлер осындай сияқты. Мұның өзі, біріншіден, сөз таптарының арасында болатын, түрлі байланыстарды, грамматикалық қарым-қатынастарды танып білуге мүмкіндік береді, екіншіден, тілдегі сөзжасам жүйесінің аясын анағүрлым кеңейтеді, үшіншіден, сөз таптары туралы теорияны мазмұндық тұрғыдан байытады, төртіншіден, сөздерді сөз таптарына дұрыс топтастыруға теориялық тұрғыдан зор көмек береді.

Енді қазақ тіл білімінде конверсиялык тәсілдің қарастырылу жайы қалай? Соған токталайық.



Рас, қазақ тіл білімінде «конверсиялық процесс» деп аталмаса да, сөз таптарының бір-біріне ауысуы, оның сөзжасамға қатыстылығы туралы біраз пікірлер айтылды. Бұл мәселе негізінен, А.Ысқақовтың жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған «Қазіргі казақ тілі» (Морфология оқулығында - Алматы,. 1974 ж., Алматы, 1990 ж.), 1967 жылы жарық көрген академиялық «Қазақ тілінің грамматикасында да», (мұның да сөз таптарын топтастыру, сөзжасамның түрлері бөлімін жазған А.Ысқақов), 1989 жылы басылып шыкқан «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» (жауапты редакторы Н.Оралбаева, Алматы, 1989 ж.) атты кітапта да әңгіме өзегі болады. Бірақ қазіргі жалпы тіл білімінің деңгейі тұрғысынан карасақ аталған еңбектер жаңсақ, артық айтылған тұжырымдардың орын алғандығы байқалады. Мысалы, А.Ысқақовтың оқулығында да, аталған «академиялық грамматикада» да грамматикалық амал бойынша сөз тудырудың түрлері морфологиялык және синтаксистік тәсілдер мен бітпейтіндігі айтылады да, «осы екі тәсілдің бір-бірімен селбесіп тоқайласуы (комбинациялануы) арқылы да сөз жасау тәсілі» бар делініп, оған морфологиялық-синтаксистік тәсіл жатқызылады. Морфологиялық-синтаксистік тәсілге тілдегі сөз таптарының бір-біріне ауысуы арқау болатындығы айтылады да оған негізінен, көбінесе лексикалық-семантикалық жолмен сөз тудыру таяныш болады дейді [23-17]. Біз грамматика авторларының конверсия бойынша сөз тудыруда морфологиялық және синтаксистік тәсілдердің қатысатындығы жайлы пікірлерді қолдай отырып. Сөзжасамның аталған түрінде лексикалық тәсілдің де басқалардан кем рөл атқармайтындығын атап айтқымыз келеді. Егер бір сөз табынан екінші сөз табына ауысқан сөздің семантикасында өзгеріс болмаса, ол жаңа мағынаны иеленбесе, онда ондай сөз жаңа лексема болып танылмайды. Сондықтан да кейбір ғалымдар сөзжасамның конверсиялык тәсілінде лексикалық факторды морфологиялық және синтаксистік амалдарға қарағанда жоғарғы орынға қояды. Мысалы, Е.А.Ковалевская конверсиялык амал бойынша сөз тудыруда лексика-семантикалық тәсілдің рөлі туралы: «что при анализе переходных явлений среди частей речи семантический (лексический) фактор является важнейшим» деп жазады [24-10]. Сондықтан да бізге «сөзжасамның морфологиялық-синтаксистік тәсілі» деген сөз тіркестері конверсиялык жолмен сөз тудырудың сипаты мен табиғатын дәл көрсетпейтін сықылды. Орайы келгенде атай кетейік, орыс ғалымдары морфологиялық-синтаксистік тәсіл деп атаған (В.В.Виноградов, М.Н.Шанский, В.Н.Ярцева, В.Н.Морозова, П.А.Лекант және т.б.) бүл тәсілге соңғы кезде олардың көзқарастары өзгере бастады. Орыс тілі білімінде, түркологияда кейінгі уақытта жарыққа шыққан бірсыпыра еңбектерде сөзжасамның бұл түрі «лексика-грамматикалық тәсіл» немесе «конверсия бойынша сөз тудыру» деп атала бастады (Н.В.Тихонов, Ф.А.Ганиев, А.А.Юлдашев, С.Б.Беглярова, И.П.Павлов т.т.). Мысалы, А.Н.Тихонов конверсиялық тәсілден лексика-семантикалық факторды шығарып тастаудың дұрыс болмайтындығын айта келіп, осы орайда былай деп жазады: «однако принятый в последнее время термин «морфолого-синтаксический способ словообразования вряд ли точно отражает смысл этого процесса, так как он не содержит указания на семантические сдвиги, происходящие при перехода слов из одной части речи в другую» [25-226]. Біздің ойымызша да сөзжасамның сөз болып отырған амалын «лексика-грамматикалык тәсіл» немесе «конверсиялық тәсіл» деп атаған орынды. Себебі «лексика-грамматикалық тәсіл» немесе «конверсиялық тәсіл» деп тану сөзжасамның бұл түрінің табиғаты мен мазмұнына толық сай келеді. Конверсиялық тәсіл бойынша сөз тудыруға сөзжасамның жалпыға кеңінен танылған лексикалық, морфологиялық және синтаксистік амалдары қатысады. Бірақ конверсия бойынша сөз тудыруда сөзжасамның атаған түрлері қалыпты (нормативті) грамматикадағыдан мүлде басқаша сипатта көрінеді. Мысалы, қалыпты грамматикада, әдетте, лексика-семантикалық тәсіл - полисемантизмді сөздердің мағыналық жақтан дамып, олардың белгілі бір сөз табына жататын омонимдес сөздерге жіктелуінен көрінсе, конверсиялық амалда лексика-семантикалық тәсіл сөздердің функциясын өзгертіп, олардың басқа бір сөз табының мағынасын қабылдауынан және оның жаңа лексема ретінде сөздік құрамға енуімен ерекшеленеді. Сол сияқты, қалыпты грамматикада морфологиялық тәсілде жаңа сөз жасау сөздің түбіріне не негізіне сөз тудырғыш аффикстердің жалғануы арқылы жүзеге асатын болса, мұнда, конверсиялық тәсілде сөз тудырғыш жұрнақтардың айрықша рөлі жоқ, қайта конверсиялық тәсіл оған антонимдік сипатта болады. Конверсиялық тәсіл бойынша сөз тудыруда морфологиялық тәсіл сөздердің түрлену жүйесінің (парадигмінің) өзгеруінен, яғни белгілі бір сөз табындағы сөздің парадигмі өзгеріп, екінші бір сөз табының парадигміне ауысуынан көрінеді. А.И.Смирницкий: «Конверсия есть такой вид словообразования (словопроизводства) при котором словообразовательным средством служит только сама парадигма слова»,-дейді [26-17]. Синтаксистік тәсілдің де сөзжасамның конверсиялық жолына қатысуы осылай. Синтаксистік тәсіл мұнда (конверсияда) сөздердің функциясының өзгеруінен, сөздердің тұрақталған позициясынан басқа функцияда жиі қолданыстарынан танылады. Сондықтан да, біздіңше, конверсиялық тәсілде сөз тудырудың лексикалық, морфологиялық және синтаксистік тәсілдері қатысады демей-ақ, бұлардың көріну ерекшелігін әрі сөзжасамның лексика-грамматикалық тәсілдерінің қалыпты көрінетіндігін ескере отырып және факторлық сипаттарының басым екендігін ескере отырып, оларды лексика-грамматикалық факторлар деп қабылдау орынды сияқты. Сонда конверсиялық амал бойынша сөз тудыру дегеніміз-лексикалық, морфологиялық және синтаксистік факторлардың жиынтығы болып табылады.

Конверсия туралы теріс түсінік, өкінішке орай, 1989 жылы шыққан «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» деп аталатын іргелі еңбекте де орын алыпты («Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі». Алматы, 1989 ж.)-Аталған монографияда конверсиялык тәсіл «сөзжасамның лексика-семантикалық тәсілі» деп аталыпты. Оған «мұндай жол белгілі бір сөздердің жалаң мағынаға ие болуы көп мәнді, ең бастысы, омонимдес келуі арқылы жасалады» (?). Сондай-ақ «осы жол кейбір сөздердің ол бастағы мәнін жоғалту (?) не болмаса әлсірету барысында басқа бір сөз табының қатарынан табылуға жол береді»(?). «Тіл білімінде мұндай құбылыс прономилизация (сөздердің бір сөз табынан екінші бір сөз табына ауысуы) деп аталып жүр» (?) деген анықтама беріліпті («Қазіргі казақ тілінің сөзжасам жүйесі». 1-99-100). Бұған не айтуға болады? Біріншіден, сөздердің жаңа мағынаға ие болуы, авторлар айтқандай, «сөздердің омонимдік қатарда» келуі арқылы жасалмайды. Керісінше, сол сөздердің омонимдік қатарда келуі, сөйтіп, олардың тілде жаңа сөз болып танылуы, ең алдымен, сол лексика-семантикалық тәсілдің нәтижесі емес пе? Екіншіден, кейбір сөздердің о бастағы мәнін жоғалтуы не болмаса, әлсіреуінің олардың басқа сөз табында танылуына негіз бола алмайды. Сөздердің бір сөз табынан екінші сөз табына ауысуына басты себеп, біріншіден, «белгілі бір сөз табындағы лексемалардың жеткіліксіздігінен» [Мигирин. 27-95] болса, екіншіден, сөздердің өздеріне тән әуел баста орныққан функциясын өзгерту болып табылады. «Употреблясь в своем новом значении регулярно, слово отрывается от своих прежних функций и значений сохранившихся в ней от своих прежних функций и значение в связи с другими словами и постепенно приобретает новые конструктивные связи, несовместимые с прежними и характеризующиеся по нормам данного языка» [3-73]. Үшіншіден, бір сөз табының екінші бір сөз табына ауысуы «прономинализация» деп аталмайды. Жалпы тіл білімінде сөз таптарының бір-біріне ауысуы конверсия трансформация, транспозиция, субститутиция, декорреляция т.б. атаулармен аталады. Бірақ бұлардың ішінде лингвистикада жиі қолданылатыны -конверсия термині. Ал, прономинализация болса, басқа сөз таптарының есімдіктердің қатарына ауысуы болып табылады да, ол конверсиялык бір формасы болып саналады. Міне, конверсия бойынша жаңа сөз тудырудың қазақ тіліндегі зерттелу жайы, қысқаша, осындай.



Конверсиялық тәсіл сөз болғанда, бір мәселеге көңіл болу қажет. Ол -конверсияланған (сөз табынан өзге бір сөз табына ауысқан) сөздердің екі тілді және түсіндірме сөздіктерде берілу жайы. Конверсияланған сөздердің түрлі линтвистикалық сөздіктерде берілу жайы тек қазақ тілінде ғана емес, жалпы түркологиядағы ең өзекті проблемалардың бірі болып табылады. Конверсияланған сөздердің жалпы теориясы жасалмағандықтан лингвистикалық сөздіктерді жасау барысыңда оны өзіне ұқсас құбылыстардан, мысалы, омонимдерден, формалас сөздерден, олардың бастапқы және соңғы жаңа мағыналарын ажыратып көрсетуде, әсіресе, грамматиктер қатты қиындыққа, кедергіге тап болады. «Всего грамматисты по возможности стараются не затрагивать этого трудного и насущного вопроса, чего никак не могут себе позволить лексикографы, перед которыми он мешает в их работе на каждым шагу и которые за отсутствием каких бы то не было ясных теоретических установок вынуждены решать его по своему усмотрению в соответствии с какой-либо из приведенных точек зрения»-дейді, бұл орайда башқұрт ғалымы А.А.Юлдашев [3-79].

Конверсияланған сөздерді лингвистикалық сөздіктерде беруде, біздіңше, конверсиялық тәсіл арқылы сөз тудыру кең өріс алған ағылшын, неміс лексикографтарының тәжірибесіне арқа сүйеген дұрыс. Ағылшын тілінде, мысалы, конверсияланған сөздердің әрбір мағынасы сараланып, олардың әрқайсысына жеке-жеке түсінік беріліп, қай сөз табынан жасалғандығы көрсетіліп, сөздіктерде бөлек реестр сөз ретінде орын алады. Конверсияланған сөздердің басым көпшілігі тілдің лексикасында лексикалық-грамматикалық омонимдер түрінде өмір сүретіндігі белгілі. Басқа сөз таптарына қарағанда, тілде конверсиялану процесіне зат есімдер мен сын есімдер бір табан жақын тұрады. Себебі, бұл екі сөз табының синтаксистік функциясы кей жағдайда бір-бірімен ұштасып жатады. Сөйлем құрамында зат есім сын есімнің қызметін, керісінше субстантивтенген жағдайда сын есімнің барлық функциясын орындай береді. Сондықтан да бұл екі сөз табы жиі конверсияланып, тілде лексика-грамматикалық омонимдер қатарын құрайды. Қазақ тілінде жарық көрген түрлі лингвистикалық сөздіктерде конверсияланған сөздердің, негізінен, бастапқы (заттық не сындық) мағынасы көрсетіледі де, конверсиялану процесінде пайда болған соңғы жаңа мағынасы ескерілмей, «ұмыт қала береді». Ал, ағылшын тілінде жағдай мүлдем басқаша. Онда конверсияланған сөздің әрбір мағынасы сараланып, сөздіктерде жеке реестр сөз ретінде берілетіндігі жоғарыда айтылды. «Ағылшынша-орысша сөздікте», мысалы, «food» сөзі конверсияланған сөз делінеді де, оның зат есім мәніне, сын есім мәніне жеке-жеке мысалдар беріледі. Сондай-ақ сол сөздіктен («Англо-русский словарь, Москва, 1985 г. Под редакцией О.С.Ахмановой и Е.А.М.Уйлсон»). Мынадай конверсияланған тұлғаларды кездестіреміз: 1 .Hoop-обруч (зат есім). 2.Ноор-обручать (етістік). З.ҒооІ-глупец (сын есім). 4.Fool-дурачить (етістік) және т.б. Ағылшын тілінде де сын есімдердің түркі тілдеріндегідей өзінің анықтаушылық қызметінде жұмсалғанда ешқандай өзгеріске ұшырамайды. Мысалы, 1. a)Stone-каменная стена. 2. a)Stone- каменный мост. Бажайлап қарайтын болсақ, ағылшын тіліндегі осы тіркестердің қазіргі қазақ тіліндегі тас қабырға, тас құдық, күміс сағат, алтын тамыр т.б. деген сөз тіркестерінен ешқандай айырмашылығы жоқ. Бұлардың басты өзгешеліктері сол, ағылшын тілінде сын есім қызметінде жүмсалған зат есім сөздердің барлығы да конверсияланған сөз деп танылады да, сөздіктерден жеке сөз ретінде көрінеді. Ал, қазақ тілінде сын есім мәнінде қолданылған зат есімдердің барлығы да конверсияланған сөз деп танылмай, ол тек «зат есімдердің анықтауыштық функциясы» делінеді де, лингвистикалық сөздіктерден оларға жеке сөз ретінде орын тимейді. Қазақ лексикографтары функциясының өзгеруі сөз мағынасына да эсер етіп, оны мүлде басқа сөзге айналдыратынын ескермейді. Жалпы тіл біліміндегі, түркологиядағы кейбір пікірлерді ескерсек, жоғарыда мысалға келтірілген «алтын тамыр, күміс сағат, тас құдық» және т.б. деген сөз тіркестеріндегі. «алтын, күміс, тас т.б.» сөздер тіптен зат есім емес. Олардың пікірінше, сөздердің қолданылу аймағы (секторы) әбден айқындалған қазіргі кезде әрбір соз тек кана өз мағынасында, өз функциясында ғана жұмсалады. Каждый язык имеет ярко выраженную секторную структуру. Это означает, что каждый элемент языка имеет собственную строго очерченную и строго определенную сферу действия» [«Принципы описания языка мира», 28-29]. Жалпы тіл біліміндегі бұл пікірді белгілі түрколог Н.З.Гаджиева да қолдайды: «В функций другой части речи на самом деле выступает другой языковой элемент, строго ограниченный собственной сферой действий. Контекстные значения в действительности вряд ли существуют» [29-157]. Бұл пікірлер, біздіңше, назар аударуға тұрарлық. Өйткені, «зат есімдердің» (солай деуге болса) анықтауыштық қызметі тілде «уақытша құбылыс» емес. Қазақ тілінде, басқа да түркі тілдерінде зат есімдердің атрибутивтік позицияда қолданысы әбден қалыптасқан, айқындалған тұрақты құбылыс. Сол себепті, жоғарыда келтірілген көзқарастар тұрғысынан қарағанда, атрибутивтік функция жұмсалған зат есімдерді «зат есім» деп тану дұрыстыққа жата ма екен? Бұл - бір. Екіншіден, қандай көп мағыналы сөз болсын, оның мағынаның қырлары контексте, сөйлем құрамында басқа бір сөздермен тіркесу барысында анықталады. Олай болса, алтын сағат, ағаш арба, тас еден, қамыс құлақ, болат пышақ т.б. сөз тіркестеріндегі алтын, ағаш, тас, қамыс деген сөздердің мағынасын «заттық» деп түсіндіру шындыққа жата ма? Біздің ойымызша, бұлардың ағылшын тіліндегі конверсияланған деп қаралатын stone- (тас қабырға), орыс тіліндегі сын есім деп танылатын золотая (ложка), серебрянный (час), железная (дорога), каменная (стена) дегендерден еш өзгешелігі жоқ. Рас, орыс тілінде бұларды сын есім деп танығанда, оның соңғы сөздің қандай родта (текте) тұрғандығына қарай морфологиялық өзгеріске түсетіндігі басшылыққа алынады. Әйтпесе, оларды да түркі тілдеріндегідей «заттың неден жасалғандығын» білдіріп тұр деуге болар еді. Осы орайда, орыс тіліндегі сын есімдердің грамматикалық топ болып қалыптасуы жайында арнайы еңбек жазған А.Б.Якубинскийдің мына бір пікірін ескермесе болмайды: «Такое положение вещей вовсе не говорить о том, что мышление турецкого народа архаичнее, чем у тех народов, которые выделили особую морфологическую категорию прилагательных, возможности выражения в языке той или иной категории бесконечно разнообразны: турки мыслят теми же категориями, что и мы, но у них категория признака-свойства, определения прилагательных не получила специфического морфологического выражения в других языках, при благоприятных обстоятельствах определение- прилагательное оформляется и морфологически особыми аффиксами- окончаниями. Так случилось в русском языке» [30-67],

Әдетте, қазақ тілінде зат есімдерден сын есім жасалғанда, зат есім сөздерге сын есім тудыратын аффикстер жалғанатыны белгілі. Жоғарыда мысалға келтірілген сөз тіркестеріндегі алтын, күміс, mac, болат және т.б. сөздерді сын есім деп мойындамауымыздың себебі, оларға сын есім тудыратын аффикстер жалғанбаған. Бірақ қазақ тілінде зат есімдердің үлкен бір тобы арнаулы жұрнақсыз-ақ сындануға (адъективтенуге) бейім. Өйткені, олардың бойында, профессор Құдайберген Жұбанов айтқандай, І жасырын жатқан сындық мағыналар болады. [31-117]. Ондай зат есімдері сөйлемде атрибутивтік функцияда жұмсалғанда сындық мағына иеленіп шыға келеді. Мұндай зат есімдер, әлбетте, сын есім тудыратын қосымшаларды керек етпейді. Олардың адъективтенуіне (сындануына) анықтауыштық функцияның өзі-ақ жеткілікті болады. Анықтауыштық қызметте жұмсалуға, әдетте, барлық зат есімдер қабілетті бола бермейді. Мысалы, кітап, орман, шам, қаламсап, дәптер, өзен, көл т.б. зат есімдер еш уақытта атрибутивтік позицияда қолданылмайды. Кез келген зат есімдер анықтауыштық қызметте жұмсала алады деген пікір, әлбетте, шындыққа жанаспайды. Сөйлем құрамында атрибутивтік функцияда жұмсалуға бәрінен бұрын, өз бойларында айрықша қасиеті бар, сол қасиеті оның өзін басқа заттар мен құбылыстардан ерекшелеп тұратын зат есімі сөздер бейім тұрады. Мысалы, «болат, темір» деген зат есімнің мағынасында «мықты, күшті» деген сын есімге меңзеу бар, сондай-ақ, «күм» сөзі «жұмсақ, бос» деген атрибутивтік ұғымның орнына жүмсауға бейім тұрады, «алтын» сөзі «таза,» «мөлдір» деген сын есімнің мәнін бере алады т.б. Мұндай зат есімдер синтаксистік қолданыс барысында конверсияланып, өзінің бұрынғы мағынасымен бірге тілде лексика-грамматикалық омонимдер қатарын құрайды да, олардың әрқайсысы жеке, бөлек сөз ретінде танылады.

Сөйлем құрамында жалғаусыз, сөздердің орын тәртібі арқылы қатар келген зат есімді сөз тіркестерін алғашқы сыңарының конверсияланған (адъективтенген) сөз болып табылатындығын грамматикалық тұрғыдан да дәлелдеуге болады. Грамматикада тілдегі сөздердің барлығы да грамматикалық объект болып табылады да, олар өздерінің лексика-грамматикалық ерекшеліктеріне қарай белгілі бір сөз таптарына топтасады. Тілдің сөздің құрамында, әлбетте, сөз таптарының біріне жатпайтын сөз болмайды. Грамматиканың заңы бойынша, белгілі бір сөз табының құрамына енетін сөздердің барлығы да, әйтеуір, сол сөз табына тән грамматикалық категорияның бірінде тұруға тиіс. Мысалы, зат есімдер тобына жататын сөздердің барлығы да септік категориясының формаларымен түрленеді де, сөйлем құрамында сол септік формаларының бірінде тұруы кажет. Осы орайда, алтын сағат, күміс белбеу, жібек орамал, ағаш қасық және т.б. сөз тіркестеріндегі анықтауыштық қызметтегі алдыңғы сыңарларды атау септігінде тұрған зат есімдер деп қарауға бола ма? Оларды атау септігінде тұрған зат есімдер деп тану үшін, бұлар, біріншіден, атау септіктің кім? не? деген сұрауларына жауап беруі керек. Бұларды ондай сұрауларға жауап береді деп айта алмаймыз. Екіншіден, атау септігіндегі сөздің сөйлемде бастауыш мүше атқаратыны белгілі. Бұларды бастауыш мүше кызметінде тұр деп тағы айта алмаймыз. Морфологияның ең басты міндеттерінің бірі-сөздерді грамматика-лексикалық белгілеріне қарай сөз таптарына топтастыру. Ал, сөз болып отырған тұлғалардың лексикалық мәні жағынан да, грамматикалық белгілері жағынан да сын есімдерге өте ұқсас екені дәлел тілемейді. Бұл лексикалық тұлғалар сын есімнің категориальды мағынасын да, грамматикалық ерекшеліктерін де (өзі анықтайтын сөзімен қатыса байланысып, араға басқа сөз салмайтындығы т.б.) қабылдайды. Біз тек қана конверсияланған зат есімдердің өзіндік ерекшеліктерін теориялық тұрғыдан әңгіме еттік. Бұл талдаудың, белгілі бір дәрежеде конверсияланған басқа да сөз таптарына қатысы бар ғой деп ойлаймыз.

Қорыта айтқанда, конверсияланған сөз таптары ағылшын, неміс, француз т.б. тілдеріндегідей қазақ тілінде де түрлі лингвистикалық сөздіктерде жеке реестр сөз ретінде берілуі тиіс.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Виноградов. Вопросы современного русского словообразования. - «Русский язык в школе». 1952. №2. .

2. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. Алматы. 1964.


  1. Юлдашев А. А. Конверсия в тюркских языках и ее отражение в словарях. -«Советская тюркология». 1970. -№1.

  2. Корлэтяну Н.Г. Конверсия в современном молдавском языке. - «Впоросы языкознания». 1956. -№3.

  3. Уфимцева А.А. Слова в лексико-семантической системе языка. -Москва, 1968.

  4. Мешкова О.Д. Словообразование современного английского языка. -Москва, 1975.

  5. Солнцев В.М. Проблемы частей речи в китайском языке. - «Вопросы языкознания», 1956. -№5

  6. Пешковский A.M. Русский синтаксис в научном освещений. -Москва, 1956.

  7. Блумфилд Л. Язык. -Москва. -1968.

  1. Морозова М.Н. Современный русский язык. Словообразование. Москва, 1977.

  2. Севортян Э.В. К проблеме частей речи в тюркских языках. - Вопросы грамматического строя. -Москва. -1955.

  3. Мусаев К. Грамматика караимского языка. -Москва, 1964.

  4. Рамстедт Г. Введение в алтайское языкознание. Москва, 1957

  5. Кононов А.Н. Грамматика узбекского языка. -Москва-Ленинград, 1948

  6. Кайдаров А.Т. Структура односложных корней и основ в казахском языке. -Алма-Ата, 1986.

  7. Щербак A.M. Очерки по сравнительной морфологии тюркских языков. -Ленинград, 1977.

  8. Будагов РА. Введение в науку о языке. -Москва, 1965.

  9. Марр Н.Д. Избранные работы. -Ленинград, 1936. -Т.1.

  10. Ишбулатов Н.Х. О классификации частей речи в тюркских языках. В сб. «Тюркское языкознание». Ташкент, 1985.

  11. Орузбаева Б.О. Словообразование в киргизском языке. -Фрунзе. 1964

  12. Ярцева В.Н. Слова-заместители в современном английском языке. -Учен, зап. Ленинград, университет. -Серия филологических наук. -Т.4. -№97. 1947.

  13. Каламова НА. К вопросу о переходности одних частей речи в другие. -Русский язык в школе. -1961. -№5.

  14. Қазақ тілінің грамматикасы. I том. Алматы. 1967

24. Ковалевская Е.А. Субстантированные прилагательные их
функционирование в текстах художественных произведений. В сб. «Семантика
переходности». -Ленинград, 1977.

  1. Тихонов А.Н. Части речи - лексико-грамматические разряды слов. В сб. «Вопросы теорий частей речи». Ленинград, 1965.

  2. Смирницкий А.И. По поводу конверсии в английском языке. - «Иное, яз. в школе». -1954. -№3.

27. Мигирин ВВ. Очерки по теории процессов переходности в русском языке. -Бельцы 1971.

28. Принципы описания языка мира. -Москва, 1976.



29. Гаджиева Н.З. О морфологической реконструкции тюркских языков. –В кн. «Проблемы современной тюркологии». -Алма-Ата, 1980.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет