Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу



Pdf көрінісі
бет133/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

 R2D2-
мен ынтымақтастық 
Шыбықты беру механизмдері жақсы, егер тек сіздің цехыңыз үнемі шыбықтармен 
қоректендірілген және бір операцияда орындалатын (көптеген швейцариялық цехтар солай 
істейді) майда бөлшектерді ғана өңдеумен айналыспаса, ерте ме, кеш пе сіз бөлшектерді 
қолмен жүктеуге тап боласыз. Құйындылар мен әзірлемелер, беруші қондырғы үшін тым үлкен 
бөлшектерге араланған кесек темірлер немесе аталып кеткен бөлшектердің шыбықпен 
қоректендірілген кері жағы, міне, осылардың барлығы жүктеу үшін ақша мен уақытты қажет 
етеді. Жону білдектері осындай көңіл бөлуді қажет ететін жалғыз білдектер емес. Ал көп 
мақсатты өңдеу орталықтарына келер болсақ ше? Егер сіздің механикалық өңдеу цехында 
тегін жұмыс істегісі келетін зейнеткер көкеңіз болмаса, онда сізге ең дұрысы жабдығыңызды 
күтіп қараудың бюджеттік нұсқасын тауып алу.
Бұл өрескел болып көрінуі мүмкін, бірақ сіз роботты қарастырып көрдіңіз бе? (8-2-суретті 
қараңыз). Сіз оны қалай деп атасаңыз да өз еркіңіз, «Эндрю Мартин», «WALL-E», «K-9» немесе 
«Bender Bending Rodriguez». Оған жуынатын бөлме немесе отбасылық демалыс қажет емес, 
сондай-ақ оған өткен демалыста қанша балық ұстағанын айтып, мақтану да қажет болмайды. 
МАҢЫЗДЫ 
БӨЛШЕКТЕР 


135 
Оған сіз іш пыстырарлық жұмыс берген кезде ол қиналмайды немесе сіз жарықты сөндіріп, 
боулинг ойнауға кетіп бара жатқанда қорықпайды да. Ол түні бойы электромеханикалық 
үндемес секілді өз-өзіне Айзек Азимовтың әңгімелерін айтумен, СББ білдектерге
бөлшектерді жүктеумен отырады. Тиісті мүмкіндіктер болған жағдайда, робот жаңадан пайда 
болған мәңгілік досыңыз болып қалуы мүмкін.
8-2-
сурет: Роботтар дүние жүзі бойынша ірі 
көлемді 
автокөлік 
жұмыстарымен 
шектелместен, механикалық цехтардың да 
жарамды бөлшектерімен айналысуда 
«FANUC America Corp» рұқсатымен



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет