» Білдек интерфейсі: егер сіз жаңа жону білдегіне көз тіге отырып, қолма-
қол ақшадан аздап қысылсаңыз, онда сізге әрқашан да шыбықты беру
қондырғысын кейінге қалдыра тұруыңызға болады; тек міндетті түрде тиісті
интерфейсі бар білдекке тапсырыс берсеңіз болғаны. Осы сымдардың және
электрониканың шоғыры білдекті басқару қондырғысы мен шыбықты беру
қондырғысының өзара түйіндесуіне мүмкіндік беретін нәрсе болып табылады.
Онсыз жону білдегін сатып алу сіз келесі жылы тұрғын автофоургонымен
саяхатқа шығатыныңызды біле тұра, пикапты сүйреткіш пакетінсіз алумен
бірдей. Оны тұрған орнында да қосуға болады, бірақ оның қосымша ақша
тұруы ықтимал.
»Дайын бөлшектерді ұстап қалғыш: мұны іс біткен соң айту оңай
емес, себебі ол үшін білдектің табақ металлын модификациялау қажет
болады. Дайын бөлшектерді ұстап қалғыштар бөлшекті суырып алып,
оны кәрзіңкеде ұстап алатын, содан соң білдектің алдыңғы жағындағы
есік арқылы лақтырып тастайтын бағдарламаланатын иінтіректер
болып табылады. Ол болмаса машинаның ішіне үңіліп, спагеттиге
арналған елеуішпен бөлшектерді іліп алған кезіңізде жауын өткізбейтін
сулық киіп жүруіңізге тура келеді (осы кітапта ол үшін ешкім жауап
бермейтін, есіктің қауіпсіздік модулін өшіру мүмкіндігі болған жағдайда).
»Сүмбіге арналған ішпектер: міне, тағы бір қарапайым тәсіл, алайда сізге
оларды сатып алудан бұрын, бәлкім, шыбықтты беру қондырғысын
таңдағанға дейін қоя тұру қажет шығар (кейбіреулері үшін арнайы ішпектер
қажет болады). Сүмбіге арналған ішпектер шыбық беруді теңестірудің ең
маңызды бөлігі болып табылады. Әдеттегідей полиуретаннан немесе
болаттан жасалған олар шыбықты діңгек пен сүмбі саңылауының диаметрі
арасындағы саңылаудың арқасында болатын «шыбықты торламаны»
барынша азайтады, сарапшылардың көбі 1/16 дюймнан аспайтынын
ұсынады, алайда одан да кішісі (әдетте) тегі жақсы. Сүмбі дұрыс
түзуленбесе, онда міндетті түрде шыбықты дайындама және тіпті білдек те
зақымдалады және бөлшектер шақтамасы мен жоғары қабат сапасын ұстап
тұру мүмкін болмай қалады.
Жону білдегінің сүмбісі мен шыбықты беру қондырғысының арасындағы ретке
келтірудің маңызы зор. Сіз орнатуға дайын болған соң өзіңізге жақсылық
жасап, ол келгенге дейін бірнеше күн бұрын жалға бұрғы алыңыз, сөйтіп
өзіңіздің СББ білдегіңізді еденге бекітіп тастаңыз. Бір сәтке тоқтай тұрыңыз,
сіз бұл нәрсе менің машинамнан да ауыр болатын болса, онда оны мен не
үшін еденге бекітуім керек деп ойлайсыз ба? Сенсеңіз де, сенбесеңіз де,
«шыбық бергіштің итермелеушісі» тарапынан қысым көрген шыбықтардың
шамалы мөлшері де ең ауыр деген жону білдектерінің өзін біртіндеп, бірақ
міндетті түрде қозғалысқа түсіреді.
ЕСКЕ ТҮСІРУ
133
Достарыңызбен бөлісу: |