Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу


Жоғары қысыммен салқындату



Pdf көрінісі
бет143/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

Жоғары қысыммен салқындату 
Кесетін құралдар қолданыста болған барлық уақыт ішінде адамдар оларға бірнәрсені 
бүркіп отыратын. Майлы және сулы негіздегі майлағыш-салқындатқыш сұйықтықтар кесетін 
құралдар мен дайындамаларды салқындатуға көмектеседі. Олар тозуға төзімділігін 
қамтамасыз етеді және жоңқаны алып тастауға септігін тигізеді. Көптеген жағдайларда олар 
бөлшектің беткі қабатының тазалығын жақсартады және тотығуды болдырмайды. Бірақ жақын 
араға дейін майлағыш-салқындатқыш сұйықтықты қолданудың жағыз тәсілі онымен барлық 
жұмыс аймақтарын толтыру болды, ол құс саңғырығының титей кесегін алып тастау үшін
бақтағы құбыршектің көмегімен суды бүкіл жолдың бетіне шашу секілді нәрсе.
Алайда барлығына мәлім болғандай, ол құбыршектің ұшын басбармақпен қысқан кезде 
жұмыс анағұрлым жылдамырақ жүреді. Бәлкім, сондықтан да «Gulf Research Development 
Company» компаниясында жұмыс істейтін басы бар инжнер Реджинальд Пиготт 1951 жылы 
кесетін құралға бағытталған қысыммен жоғары жылдамдықтағы майдың ағыны құралдың 
тозуға төзімділігін, бөлшектердің өңделуін және дәлдігін арттырады деген үмітпен патентке 
берген.
Пиготт бақ құбыршегінің толық қуатын білген, бірақ оның жаңалығы жақын уақытқа 
дейін көп мақсатты білдек өндірісінде кеңіне қолданыс таппады. Бүгінгі таңда жоғары 
қысыммен берілетін майлағыш-салқындатыш сұйықтықтардың (МСС), сондай-ақ бір шаршы 
дюймға немесе одан көпке 1000 фут қысымды ұстап тұратын көп мақсатты білдек 
орталықтарында сүмбі арқылы берілетін салқындатқыш сұйықтықтың және жону 
білдектеріндегі айналғыш қалпақша арқылы берілетін салқындатқыш сұйықтықтың кең көлемі 
қолжетімді. 


144 
Жақсы айтылған, алайда сізге тиісті кесетін құралдар мен аспаптық ұстағыштар қажет 
болады, ал сіздің салқындатқыш сұйықтықты сүзгілеу жүйесіне инвестиция жасағыңыз келетін 
болады (әрине, егер сіздің жоғары жылдамдықта есептегіш шығырыңыз әлі жабдықталмаған 
болса). Айтарлықтай инвестиция салуға қарамастан, «HPC» қатты қорытпалар үшін келесі 
жақсы таңдау болып табылады. Егер сіздің цехыңыз осы артықшылықты пайдаланбайтын 
болса, онда сіз мүмкіндікті жіберіп алып жатырсыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет