Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу


Бағдараламық жасақтама қысқартуларын түсіндіру



Pdf көрінісі
бет147/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

Бағдараламық жасақтама қысқартуларын түсіндіру 
Бағдарламалық жасақтама күрделі тақырып. Сіз алдыңызда не күтіп тұрғанын білместен, оған 
кірісіп кете алмайсыз. Бұл тарау аға буын оқырмандар бала кезінде ие болған декодердің
құпия сақинасы секілді және сізге жақын арада еститін үш-төрт әріптен тұратын сөздерді 
түсіндіруге көмектеседі. Уайымдамаңыз, егер сіз оның кез келгенін қайталайтын босаңыз, ал
механикалық цехта, бағдарламалау бөлімінде немесе инженерлік бөлімде жұмыс істейтін 
болсаңыз, міндетті түрде солай жасайсыз, анаңыз сол үшін аузыңызды сабынмен жумайды. 
ОСЫ ТАРАУДА 
1. 
Бағдарламалық 
қысқартуларды 
түсіндіру 
2. 
Автоматтандырылған 
өндірістің 
түйінін шешу 
3. 
Бөлшектеріңізді модельдеу 
4. 
Бағдарламаларыңыздың еліктемесі 
5. 
Өлшемдерді жеке таңдау 
6. 
Файл форматтарын анықтау 


148 
Мен осы тарауда олардың көбі туралы іш пыстырарлық нақтылықпен сәл кешірек тоқталып 
кетемін. Ал қазір сіз өндіруші компаниялардың көпшілігінде ести алатын терминдердің 
кейбіреулері төменде келтірілген:
» CAD: автоматтандырылған жобалау жүйесі 
» CAE: автоматтандырылған жобалау жүйесінің техникасы (АЖЖТ) 
» CAM: өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйесі (ӨАБЖ) 
» DFM: жаппай өндірістегі жарамдылықты ескере отырып жобалау 
» ERP: кәсіпорын қорларын жоспарлау (КҚЖ) 
» FEA: аяққы элементтер әдісімен талдау 
» FMEA: бас тарту сипаты мен салдарларын талдау (БССТ) 
» MES: өндірістік үдерісті басқарудың автоматтандырылған жүйесі 
» MRP: өндірістік қорларды жоспарлау 
» PLM: өнімнің тіршілік кезеңін басқару 
» SCEM: жеткізу тізбегінің орындалуын басқару
» TMS: аспаптық жабдықты басқару жүйесі 
» WMS: қойманы басқару жүйесі. 
Олар өте көп. Дұрыс қолданған жағдайда, өндіріске арналған бағдарламалық жасақтаманың 
осы және басқа да түрлері компаниялардың «КБМШ»-ді (Пәрменге бағдарланған мәселе 
шешу), ЖПЖ-ға (жалпы пайданы жақсарту), ДК (дер кезінде) бөлшектерді жеткізуге және 
бәлкім СЖБ-ға (сапаны жан-жақты басқару) жұмыс барысында пайдалануына көмектеседі, 
олардың барлығы ӘДӨ (әлемдік деңгейдегі өндіруші) компания болу үшін қажетті қадамдар 
болып табылады. Сізге қысқартулар шынымен де ұнамайды ма? 
Егер бұл кәсіпорын қорларын жоспарлауға (КҚЖ) арналған бағдарламалық 
жасақтама туралы кітап болғанда, ҰМЖ (Ұзақ мерзімді жоспарлау), КӨБ 
(Клиенттермен өзара әрекет етуді басқару), МЭИ ( Мәліметтердің 
электронды интефейсі), СОЖ (Сату мен операцияларды жоспарлау) және 
тағы да басқа көптеген қысқартулар болған болар еді. Заманауи өндірістік 
компанияда жұмыс істейтін білдектші немесе инженер ретінде сіз осы 
немесе басқа да қысқартулады кездестіруіңіз мүмкін, алайда сізден КҚЖ 
жобасына қатысуды өтінбесе, олардың күнделікті әрекетіңізге әсер етуі 
неғайбыл. Дегенмен де олардың нені білдіретінін біліп алғаныңыз артық 
болмас, ол Ссіздің демалатын бөлмеде микротолқынды пештің босауын 
күтіп отырған кезде тілге тиек етуіңізге мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет