150
аталады, оны 1842 жылы Джон Гершель (оның одан да атақты әкесі Уильм Гершелб уранды
ашқан) жасаған. Осындай үдеріс ‒ диазқағаз әлі де пайдаланылады, бірақ ол ірі көлемді
лазерлік принтерлер мен көшіргіш машиналарға жол беріп, біртіндеп жоғалып бара жатыр.
Енді бұлардың бәрі қалай жұмыс істейді?
АЖЖ қай жерде аяқталып, АБЖ қай жерде
басталады? Маған екі түрлі бағдарламаны зерделеп, басқару қажет пе? Неліктен бізде тек
біреуі, «барлығы кумбайды жырлайды»
дегендей, әмбебап өндірістік бағдарламалық
жасақтама бола алмайды? Осының бәрі орынды сұрақтар, алайда бұл бағдарламалық
жасақтамалар туралы емес, механикалық өңдеу туралы
кітап болғандықтан, бағдарламалық
жасақтама жасаудың көп жылдық тарихына үңілмеймін (енді аздап шығар). Жақсы
жаңалығымыз, жаңа технологияларды бағалағысы келетін цехтар үшін (өнімнің шектен тыс
көлемін жасаумен айналысудан гөрі басқа адамдардың бөлшектерін өңдеумен айналысуды
артық көретін) бірқатар кешенді шешімдер қолжетімді.
Компьютердің көмегімен жобалау немесе ККЖ,
пайдаланушыларға
бөлшектердің құрылымын талдауға, оларды шынайы өмірде пайдалануды
модельдеуге және түптеп келгенде, оңтайландырылған, экономикалық
тұрғыдан тиімді әрі сенімді
өнімдерді жасауға алып келетін, ААЖ-ны бір
қадам алға жылжытады. ККЖ әдеттегідей ӨТКЖ (өнімнің тіршілік кезеңін
жобалау) атауымен танымал өнімдердің кең жинағының АЭӘТ (аяққы
элементтер әдісімен талдау) және ГМ (гидродинамикалық модельдеу)
қамтитын бір бөлігі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: