Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу



Pdf көрінісі
бет152/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

АӨБЖ-леу 
Елестетіп көріңізші, бұрын адамдар телетайпта немесе білдек басқару пультінде 
тұрып, сандар мен белгілерді тере отырып, білдектерді қолмен бағдарламалайтын. Бұл әлі 
мүмкін болғанына қарамастан (телетайпты таба алған жағдайда, сіз eBay-де тексеріп көргіңіз 
келетін болар) бүгінгі таңда көптеген бағдарламалар автоматтандырылған өндірісті басқару 
жүйесі немесе АӨБЖ көмегімен түрлендіріледі.
АӨЖБ жүйелері қаңқалық немесе қатты модельді (АӨЖБ жүйесінің айнымас бөлігі 
болып табылатын) АЖЖ-нен алады және СББ білдегінің технолог-бағдарламашысына 
бөлшектің моделіне кесетін құралдарды виртуалды қолдануға мүмкіндік туғызады (9-2-суретті 
қараңыз). Осы құралдар өз алдына металды жазу барысында кесу үдерісіне визуализация 
жасау мүмкіндігін жеңілдететіндей болып, алдын ала модельденген. Осы әңгіме барысында 
және фондық режимде көрсету барысында машина оқитын G-кодқа немесе «артынан өңдеу» 
ретінде белгілі СББ үдерісінің көмегімен бағдарламалаудың ұқсас тілінде түрленетін құрал 
қозғалысының траекториясы қалыптасады.
Тоқтай тұрыңыз, G-код деген не? Ол туралы Сіз 11-тараудан білетін боласыз, алайда 
қысқаша айтқанда, G-код көптеген білдектердің не істеу қажеттігін айтатын тіл болып 
табылады. Әрине, кейбір СББ білдектері мүлдем басқа тілде сөйлейді (олардың бірі 1981 
жылы «MAZATROL» басқару жүйесін ойлап тапқан «Mazak» компаниясы болып табылады 
(бірақ «EIA/ ISO» (Электронды өндіріс ассоциациясы/Стандарттау бойынша халықаралық 
ұйым) бағдарламалау тілі СББ білдектеріне арналған ағылшын тілінің баламасы болып 
табылады, ол мінсіз немесе үнемі жеңіл түсінікті емес, бірақ көбі сол тілде сөйлейді.
9-2-
сурет: «Autodesk's 
Fusion 360» «SaaS» 
өніміне жазылым 
негізінде әмбебап
«CAD / CAM / CAE» 
мысалдарының бірі 
болып табылады 
АЖЖ жаңа автоматтандырылған жүйесін алу кезінде заманауи бөлшектерде
дұрыс жұмыс істейтінін ғана таңдау емес, сондай-ақ сіз бес жылдан кейін 
өңдейтін бөлшектерде де жұмыс істей алатынын таңдау маңызды болып 
табылады. Екі координатты жону білдегін бағдарламалау қосалқы сүмбіге 
арналған G-кодын, беткі қабатты бес координатты өңдеудің күрделілігін былай 
қойғанда, көп тапсырмалы режимнің жетекші құралынан Y біліктерін жасауға 
қарағанда анағұрлым жеңілірек болып келеді. Ең бастысы, сіздің АЖЖ 
жүйеңіздің кез келген бөлшектермен және білдектермен жұмыс істей 
алатындығына көз жеткізу болып табылады.
Тіл мен бағдарламаланатын білдектерге қарамастан суағындыдан және лазерлік 
кесетін құралдардан бастап, жону немесе тоғыз білікті фрезер білдектерінің барлығын 
бағдарламалауға қабілетті ондаған коммерциялық АЖЖ жүйелері бар. Олардың көпшілігі 
ЕСКЕ ТҮСІРУ


153 
айтарлықтай тиімді және қолданыста қарапайым (сіз тиісті әзірліктен өткен соң), ал сіз өз 
білдегіңізге постпроцессор сатып алған жағдайда (немесе өзіңіздікін жасағанда) барлығы да 
жақсы болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет