«SaaSy» алыңыз
Міне, тағы бір қысқарту. Ол «SaaS» деп аталады және «бағдарламалық жасақтама
қызмет көрсету ретінде» дегенді білдіреді. Ол электр құралдарын сатып алудың орнына
жалға беру бойынша дүкеннің баламасы болып табылады. «Бұл туралы ұмыт» деп
айтудан бұрын маған өзімнің жеке жабдығымды (және бағдарламалық жасақтаманы)
сатып алып әрі оған қызмет көрсетуді қалаған болар едім, одан да мынау туралы
ойланып көріңіз: «SaaS» бұдан былай ІТ маманына қателерді жөндеу үшін немесе
бағдарламалық жасақтаманы жаңарту үшін төлеу қажет болмайтынын білдіреді. «SaaS»
сіздің кәсіпорныңызда барлық дерлік (немесе көп бөлігі) есептеулер ІТ мамандары
басқаратын қашықтықтан сервистік орталықта орындалатындықтан, арзанырақ
компьютерлерді пайдалануға болатынын білдіреді. Бағдарламалық жасақтама үнемі
ағымдағы нұсқасында болады, вирус немесе зиянды БЖ қаупі жоқ (қандай жағдай болса
да, «SaaS» хост-компьютерлерінде), ал иелену құны көбіне жергілікті бағдарламалық
жасақтамаға қарағанда айтарлықтай төмен. Ең бастысы, өндірісті ұйымдастырудың және
бүгінгі бизнестің бағдарламалық құралдар жүйесінің көпшілігі SaaS моделін қолдайды (ал
кейбіреуі тек «SaaS»-ты ұсынады). Бар болғаны жазылымды сатып алыңыз да жұмысқа
кірісіңіз. Электрлік құралдар да тура осындай жеңіл болса ғой.
Шынайылықты модельдеу
Құрал қозғалысының траекториясын модельдеу АЖЖ операторының жақын досы болып
табылады (9-3-суретті қараңыз). Мұнсыз СББ білдегін бағдарламалау автокөлікті күннен
қорғайтын пердесін түсіріп қойып айдағанмен бірдей (немесе солтүстік аймақ тұрғындарының
алдыңғы терезенің қарын тазаламастан айдағанымен бірдей).
Құрал қозғалысының траекториясын модельдеуге арналған бірнеше бағдарламалар
бар. Олар құрал қозғалысының траекториясын тексеріп қана қоймай, білдектің нақты G-кодын
пайдалана отырып, білдектің эргономикалық ортасын тіпті сомындарға, бұрандаларға және
бұрамаларға дейін модельдейді. Құрал ұстағыштардың, кесетін құралдардың, дайындаманың
және машина бөлшектерінің арасындағы әлеуетті өзара кері әсер (іркілу үшін жақсы сөз)
бағдарламалаушыға апат орын алғанға дейін бағдарламаны өзгертуге мүмкіндік бере
отырып, айқын көрінеді. Кейбір құрал қозғалысының траекториясын тексеретін құралдар қажет
емес қозғалысты болдырмай және мүмкін болған тұста траекторияларды жыламдатып,
басқару бағдарламасының өзін оңтайландыруға мүмкіндік береді, ал осы орайда басқалары
бөлшектің «болжамды» моделі мен «өңделген» виртуалды бөлшектің арасындағы
айырмашылықты көздейді. Бұл жоңқаны және дайындаманың қалдығын, сондай-ақ, АЖЖ
жасаудағы қателіктерді анықтауға мүмкіндік береді.
АЖЖ жүйелерінің көпшілігі құрал қозғалысы траекториясының кейбір
деңгейін модельдеуге мүмкіндік береді, себебі олар кесетін құралдың
виртуалды дайындамамен өзара әрекетін көруге мүмкіндік туғызады, бірақ
олар әдеттегідей білдектің түрлі бөліктерін назардан тыс қалдырады және
сүмбі мен білдектің біліктерін іске қосу үшін пайдаланылатын нақты G-код
басқаруын оқымайды. Күрделі пішіндегі бөлшектер мен қателерге жол
берілмейтін жағдайларда бұл Сіз сатып алуды жоспарлаған, ұсталынған
автокөлікті автосалонға сеніп тапсырғанмен бірдей.
МАҢЫЗДЫ
БӨЛШЕКТЕР
154
9-3-
сурет:
Құрал
қозғалысының
траекториясына
имитация
жасау
кедергілердің болуын
тексереді,
білдек
сынуының
алдын
алады
және
«Toolpath»
секілді
бағдарламалаушылар
мен
опреаторларға
қолайлы
жағдай
туғыза
Достарыңызбен бөлісу: |