Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу


Файлдық форматтарды зерделеу



Pdf көрінісі
бет155/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

Файлдық форматтарды зерделеу 
Соңғы екі жүз жылдықта білдек соғушылар секілді құрал өндірушілер де өздерінің кесетін 
құралдарының конустарын, сүмбілердің артқы ілмектерін, құрал қысқыш механизмдерді және 
айналғыш қалпақшаның құрылымын жасап, ілгері жылжытты, бағдарламалы жасақтаманы 
жасаушы компаниялар солар арқылы өнімдері өзара әрекет ететін өз файлдарының 
форматтарын жасап шығарды. Мен АЖЖ мен АӨЖБ адамдарын кінәламаймын, себебі 
бағдарламалық жасақтама өндірісі саласындағылардың барлығы солай жасайды.
«Microsoft»-та .xls, .doc және .bat форматтары бар; «Mac»-та .dmg және .pkg бар; ал
«Adobe»-та .pdf. файлдары бар. Алайда бағдарламалық жасақтама жасаушылар осы алған 
бетінен қайтпаса, бізге жаңа әліппе қажет болады.
Төменде сізге кезігуі ықтимал кеңінен таралған файлдар кеңейткіштері берілген. Тағы 
басқалары да жеткілікті. Олардың кейбірі жеткізушіге байланысты емес, ол жержаңғақ майы
және желесі бар бутербродқа тапсырыс беру секілді барлығы да оны қалай жасайтынын
біледі. Жекеменшікті форматтарға келер болсақ, олар «Whoppers» пен «Big Mac»-қа ұқсас, 
алдымен, жөні түзу тез тамақтану мейрамханасына бару керек: 
» .dwg: «DraWinG» қысқартылған түрі болып табылады. Dwg алғаш рет 1982 жылы 
жасап шығарылған «AutoCAD»-қа арналған жеке файл форматы болып табылады. Оның 
«.dwg» меншігі болғанына қарамастан, ол екі өлшемді және үш өлшемді форматтардың ішінде 
ең көп пайдаланылатыны және ӨҚАЖ басқа жүйелерінің бірқатары үшін «жақын» болып 
табылады. Егер көбірек білгіңіз келсе, «Autodesk» веб-сайтына кіріңіз. 
» .dxf: бұл ‒ ӨҚАЖ жүйелер мен басқа да бағдарламалық пакеттер арасында өзара 
әрекетті қамтамасыз етуге арналған «Autodesk» жасаған суреттермен алмасу форматы. Сол 
кезден бері ол екі өлшемді мәліметтер алмасу үшін де-факто стандартына айлады. Өзіңіздің 
ең жаңа бағдарламалық жасақтама дизанында «.dxf» пайдаланғыңыз келеді ме? «Autodesk»-
тен дайындаманың стандартын тегін жүктеп алыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет