Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу



Pdf көрінісі
бет157/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

Өндіріске жарамды 
Білдекші-операторларға әдеттегідей бұйымды құрастыруға азырақ үлес қосу 
ұсынылады, алайда нашар құрастырылған бөлшекті көрген кезде олардың жүрегі ауырады. 
Инженерлердің көңіліне келмесін, бірақ кез келген ардагер білдекші жылдар бойы жасауына 
тура келген мүмкін емес дерлік бөлшектер, көбіне бірнеше қарапайым баптаманың көмегімен 
жақсартуға болатын құрылымдар туралы кітап жаза алады.
«DFM» және «DFMA»
Жаппай өндіріс үшін жарамдылықты ескере отырып жобалау немесе «DFM» тең 
дәрежеде инженерлік тәжірибенің ең үздік тұжырымдамасы әрі бағдарламалық құралы болып 
табылады (9-4-суретті қараңыз). Біріншісіне келер болсақ, бөлшектерді әзірлеудің құнын 
төмендету үшін аздап дұрыс мағына мен іс жүзіндегі тәжірибенің маңызы зор екендігі түсінікті.


157 
9-4-
сурет: Егер сіздің 
цехыңыз жобалаумен 
және өнімді жинаумен 
айналысатын болса, 
онда 
«DFMA» 
бағдарламалық 
жасақтамасы өндірістік 
шығынды 
азайтуға 
және жинау үдерісін 
жеңілдетуге 
көмектеседі 
«Boothroyd Dewhurst, Inc.» рұқсатымен 
Осы білімге қоса (ал кейде оның орнына) инженерлер мен дизайнерлерге 
бөлшектердің құрылымын талдауға және төртбұрышты саңылаулар, тым қатты 
шақтамалар, шектен тыс терең саңылаулар мен қабырғалар мен білдекте жүзеге асыруға 
келмейтін, өндірістік шығынды арттыратын және дайындама уақытын ұлғайтатын басқа 
функциялар секілді нәрселерді іздеуге арналған «DFM» пакеттерінің жиынтығы жүреді. 
«DFM»-нің кейбір топтамалары тіпті біріктірілуі қиын тым күрделі құарстыру мен 
бөлшектерді «құрастыру» (үш әріптен тұратын қысқартуды мұқият «DFMA»-ға өзгерте 
отырып) құнының драйверлерін талдайды әрі бөлшектердің санын азайтуға болатын 
тұстарды анықтайды.
«FEA» 
 
Аяққы элемент әдісімен (FEA) талдауға арналған бағдарламалық жасақтама өнімнің 
тіршілік кезеңін басқаруға (PLM) арналған шешімнің тек бір бөлігі ғана болып табылады. 
Сіздің барбекю гриліне арналған қалыбыңыздың қандай бөлігі түсіп қалатынын түсіну қажет 
пе? Сіздің тобыңыз жұмыс істеп жатқан жаңа жолаушылар ұшағының шассиі ше? Қалай 
болғанда да «FEA» әлеуетті өнімділік пен шығарылатын өнімнің сенімділігі туралы құнды
ақпарат береді.
Материалдардың қасиеті, кернеу нүктесі, құрылымдық жүктеме және кезеңділік, 
температура, ылғалдылық пен қысым ‒ «FEA» осы айналмалыларды және тағы басқа 
көптеген нәрселерді модельдеу мен дизайнерлерге өз өнімдерін олар цехқа түскенге дейін
жақсарту мүмкіндігін ұсынады. Нәтижесінде бөлшектерді әзірлеудің мықты, қауіпсіз және 
көптеген жағдайларда анағұрлым үнемді тәсілі алынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет