Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу



Pdf көрінісі
бет213/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

Ғылыми тұрғыдан ойлау 
«
Егер сіз оны үнемі бір тәсілмен жасайтын болсаңыз, онда оны қалай жасайтыныңыз 
маңызды емес». Бұл менің тәлімгерім Джоннан цехта бірінші күні жұмыс істеуді бастаған кезде 
естігенім. Ол маған қол бұрандасының алдында қалай тұруым, саптамаларды қай жерінен 
ұстауым және қандай күшпен тартуым қажеттігін және білдекті қолмен басқарудың негізгі 
тәртіптерін түсіндірді. Оның мақсаты, айтуынша, біркелкілік болып табылады, ал онсыз 
бөлшектердің өлшемі өзгереді, ал құралдар сынады немесе тозады.
Оның айтқаны шындық болып шықты. СББ (сандық бағдарламалық басқару) көмегімен 
саптамаларды тарту қажеттілігі және күні бойы бір орында тұру жойылғанымен, жоғарыда 
келтірілген біркелкілікті сақтау туралы цитатада күшінде қалады. Онда айырмашалық неде? 
Мысалы, СББ білдектеріндегі болжалды үдерістерге келесі жолмен қол жеткізіледі:
» Механикалық өңдеудің нақты анықталған стратегиялары 
» Бағдарламалаудың бірізді әдістері 
» Білдекке техникалық қызмет көрсету 
» Өңдеу операцияларын жіті түсіну 
» Ғылыми тұрғыдан ойлау 
Бұдан басқа тәсілдердер де бар, олардың кейбірін мен келесі тарауларда нақты 
сипайттайтын боламын, алайда осындағы соңғы жол – ғылыми тұрғыдан ойлау ‒ ерекше мән 
беруге тұрарлықтай, ол сондай-ақ Джонның маған төрт онжылдық бұрын дерлік берген кеңесіне 
де қатысты: бір тәсілді ұстану, ал сізге бірнәрсені өзгерту қажет болған жағдайда, бір жолы бір 
нәрсені ғана өзгертуге тырысыңыз. 
Мен өзім олай істей алмаймын. Мен қандай да бір механикалық мәселе туындаған кезде,
менің ойымша, мәселені шешуге көмектесуі мүмкін барлық тәсілдерді іске қосып, осы сайтан 
алғыр мәселе шешілгенге дейін кеңінен қамту тактикасына сүйенемін. Кімнің тұрақтылыққа қол 
жеткізгенге дейін бірінің артынан бірін орындаумен беріліс жылдамдығын шыдамдылықпен 
арттырып тұратын, кесудің тереңдігін баптайтын, жаңа ендірмені сынақтан өткізетін немесе 
үдеріс барысында ондаған түзетулерді қолданатын уақыты бар? Алайда табысқа қол жеткізгіңіз 
келсе, онда сіздің Джонға көбірек ұқсап, маған азырақ ұқсағаныңыз жөн. Кеңінен қамтудың 
мәжбүрлі тактикасы су кетіп жатқан шүмегі үшін немесе қаркешкіш қозғалтқышының қатты бос 


218 
жүрісі үшін жақсы болуы мүмкін, бірақ қымбат тұратын білдек үшін ол апаттың көзі болып 
табылады.
Егер сіздің ғылыми әдіске қызығушылығыңыз болса, астрономия, оптика және 
математика саласындағы зерттеулері Ренессансқа дейінгі жүз жыл бұрын 
ғылыми болжамдар мен сынақтардың негізін салған парсылық ғалым Абу 
Райхан әл-Бирунидың жұмыстарын қараңыз. Ол геоцентризм теориясын 
ұстанғанымен (Жердің ғаламның кіндігі болып табылатындығы туралы), 
қайсыбіреулер ол күндік жылдың ұзақтығын шынайы мәнінен 15 минуттік 
ауытқумен ғана және ғаламшарымыздың диаметрін 200 мильдік ауытқумен 
ғана есептей алды деп пайымдайды. Телескоптың тағы да 600 жыл бойы 
ойлап табылмайтынын ескерсек, айтарлықтай көңілге қонымды болып 
табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет