221
сұрауыңыз мүмкін. Сіз жабдықтың дыбысын тыңдаудан бастауыңызға болады. Егер ол қатты
шу шығаратын болса, бірдеменің дұрыс болмағаны. Егер бөлшек қазір ғана патроннан ұшып
кеткен болса, оның жеткілікті деңгейде берік қысылмағанын
немесе тым терең кесудің, не
беріліс жылдамдығының пайдаланылғанын білдіреді. Ол сонымен қатар құралдардың
сынуына да қатысты болуы мүмкін.
Осындай көзге түсіп тұрған кесудің «нашар» өлшемдерінің
белгілерінен басқа мұнда
қандай да бір ауытқу да меңзеледі (құралға сырт жағынан қарап көріңіз). (Тағы да егер
құралдар тиісінше пайдаланылмаса, олардың жарамдылық мерзімі болжамсыз болады).
»
Кесу жиегіндегі шор: кескіштегі шор ‒ аустенитті
тот баспайтын болат және
суперқорытпалар үшін кеңінен таралған құралдың жиегіне жағылып қалатын
материалдың шоғырланып қалуынан болатын құбылыс. Ол сынған кезде өзімен бірге
тіректің бір бөлігін ала кетеді (оны
жиі қателесіп, кетікпен шатастырады). Құралдың
жабынына майлағышты (сырғанау үшін) көбірек пайдаланып көріңіз (мысалы TiN), кесу
жылдамдығын арттырып немесе құралдың анағұрлым
дәлірек геометриясын таңдап
көріңіз.
» Кетіктер: кетіктер мен кертіктер қатты орнатудан, жиектің
әлсіз геометриясынан
немесе қолдану үшін тым қатты қатты қорытпалы материалдан болуы мүмкін.
» Қуыстар: құрал қуыстарды жасаған кезде қатты қорытпалы пластинадан шыққан жоңқа
тікелей кесу жиегінен сыдырылып түседі. Әдетте бұл берілістің және/немесе кесудің шектен
тыс жылдамдығынан, сондай-ақ өңделетін материал қорытпасының осалдығынан да
болады.
.
» Уатылу: кесу кезіндегі қысудың күші құралдың үстіңгі
қабатында шағын жамдарды
қалдырып, материалдың (сондай-ақ, бөлшектену деп аталатын уатылуына алып келуі
мүмкін Егер материалдың біріктірілген
жапсары жұлынып кетсе, уатылу сонымен бірге
кескіштегі шормен де бірге жүруі мүмкін. Нақты себебіне байланысты жылдамдату, баяулату
немесе үдерістің басына қайта оралу туралы шешім қабылдануы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: