Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу



Pdf көрінісі
бет219/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

» Ерігіш майлар: бүгінгі таңда көбіне кесу үшін пайдаланылатын суда ерігіш майлар судағы 
минералды майдың эмульсиясын береді. Олар үнемді, жақсы майлағыш қабілетті (әсіресе, 
қажамаға қарсы құрамы бар [extreme pressure, EP] қосындылар), тамаша жылу берілуді
қамтамасыз етеді және жаңадан араластырған қалпында хош иісті болады. 
» Синтетика: тұтастай органикалық және органикалық емес қосындылардан тұратын 
синтетикалар өздерінің көбірек май құрамды бауырларына қарағанда жылуды анағұрлым 
тиімдірек бөледі. Олар қымбатырақ (егер олар өңдеудің тиімдірек мүмкіндіктерін қамтамасыз 
етіп жатса, онда бұл маңызды да емес). 


223 
» Жартылай синтетика: «Екі дүниенің де ең жақсысы» тәсілі болып табылатын 
жартылай синтетика құны мен өнімділігі солардың ортасы болып келетін ішінара суда 
ерігіш, ішінара синтетикалық май.
Дұрыс майлағыш-салқындатқыш сұйықтықты таңдау маңызды шешім болып табылады 
және көптеген факторларға байланысты болып келеді. Кесуге арналған әр түрлі материалдар 
мен металл орамының көлемі түрлі болатыны секілді СББ білдегінің, жону білдегінің, көп 
мақсатты білдектің, тіс кесетін бұрамдық жонғыштың және бұрандалы білдектің ажарлағыш 
қажеттіліктері әр түрлі болып келеді. Алайда бұл үдерістің болжамдылығын жақсартудың ең 
тиімді тәсілі болып табылады. 
Тұндырмаларды тазалау кезіндегі бұрыс таңдау жұмсалған сұйықтығы бар бөшкелерді 
жою кезінде болатын басқа қиындықтарды былай қойғанда, сағаттап немесе бірнеше күндер 
бойы тұрып қалдыруды білдіруі мүмкін. Білдек өндірушісінен немесе дистрибьютерден 
ақпаратты үнемі анықтап отырыңыз. Кейбір білдектер тек маймен жұмыс істейді, басқалар 
суда ерігіш майдың белгілі бір маркасын ұсынуы мүмкін, бірнеше жылда мен жап-жаңа 
жалтырап тұрған сыры жебір сілтілік майлағыш-салқындатқыш сұйықтықтардың әсерінен тез 
кетіп қалған көптеген білдектерді көрдім. Абайлап әрекет етіңіз.
Қандай жолды таңдасаңыз да, қызмет көрсетудің сенімді ресімін орнатқаныңызға көз 
жеткізіңіз. Салқындатқыш сұйықтықтың шоғырлануы мен «pH» деңгейін апта сайын тексеріп 
тұрыңыз. Егер салқындатқыш сұйықтық жоғары қысыммен жұмыс істейтін болса, әрбір 
білдекте, сондай-ақ сүзгіш секторда май жинағыштар орнатылуы тиіс (табанды түрде 
ұсынылады). Тұндырғыштарды жүйелі түрде тазалаңыз («тазалағыш ‒ sump doc» және оның 
баламасы – үздік салым). Әрі үнемі пайдаланылған майлағыш-салқындатқыш сұйықтықты 
тиісті түрде жойыңыз, қолданыстағы ережелер мен заңмен танысу үшін жергілікті атқару 
органына немесе оршаған ортаны қорғау агенттігіне (Environmental Protection Agency, EPA) 
жүгініңіз. Сіздің немерелеріңіз алғыс айтатын болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет