Фрезерлік білдектер туралы: фрезерлік білдектер мен өңдеу орталықтары
Сізге мектептегі балалардың не айтқанына қарамастан бәрібір. Шынында да, домалақ
болмағанға дейін, сіз қалағандай тік бұрышты немесе ортоганалды, не басқа геометриялық
пішінде болсын. Бұл домалақ бөлшектердің жону білдегінде, ал домалақ еместердің фрезер
білдектерінде жасалатынына байланысты. Осы бөлімнің соңына қарай көретініңіздей, бұл
негізделмеген пікір шындыққа жартылай жанасады және күн өткен сайын шындықтан алыстап
барады.
ЖАЗЫҚ БЕТ ТУРАЛЫ АЙТСАҚ
Көптеген білдектер құрсаулар мен дестелегіш табандық жолынан өткен. Осылардың
бірі –шын мәнінде білдек болып табылмайтын (солардың біріне ұқсағанымен) сүргілеу-
фрезер білдегі. Сүргілеу-фрезер білдегінің дайындама бекітілетін жылжымалы үстелі бар.
Кесетін құрал (айналмайтын және қашауды еске түсіретін) жүріп бара жатқанда
материалды алып тастай отырып, бөлшектің жоғары бойымен өрлейді. Әрбір келесі сәтті
өткен сайын бөлшек аздап жоғарыдан төменге қараған бағытта алынады және үдеріс
қайталанады. Тура осылай, егер сіз көлігіңіздің бамперіне күректі байлап, қозғалыс
барысында дөңгелектен аздаған ауа шығарып, көгалмен ары-бері жүру қажет болған болса,
онда шындап келгенде, батпақта ор «қазған» болар едіңіз (үй басқармасына ұнамайтын
нәрсе).
Жаңадан бастаушылар үшін фрезер білдектері жұмыр бөлшектерді оңай жасайды;
олар білік пен нығайтқыш секілді жұмыр бөлшектерді «жасауда» онша мықты емес. Бірақ осы
тарихи бәсекелестердің арасызығы барған сайын айқын емес, себебі жону білдектері санының
артуы фрезерлік мүкіндіктер шегінен шығып, өңдеу орталықтары барынша көп жону
жұмыстарын атқару мүмкіндігіне ие. Бүгінгі СББ екі білікті білдектері және үш білікті фрезер
білдектері жону білдектері мен фрезер білдектері секілді тозып қалатын күн жақында тууы
мүмкін.
Атауында тұрған не бар? Ол сіздің кімнен сұрайтыныңызға байланысты, бірақ
осы кітап бойына сіз «фрезерлік білдек» пен «өңдеу орталығы» терминдерінің
өзара алмастырылып қолданылғанын көресіз. Мұның нақ солай болмауы да
ғажап емес, бірақ бұл менің кітабым және редактор маған осылай етуге
рұқсат беретін болса, онда мен нәрселерді қалай атағым келсе, солай
атаймын. Мұнымен қоса, кез келген сатушыдан сол жердегі үлкен бөлменің
атын сұраңыз, білесіз бе, ол барлық өңдеу орталықтары бар бөлме деп
аталады. Ол оның фрезерлік бөлім екенін айтады. Алайда егер сіз нақты
терминологияның жақтасы болсаңыз, «фрезерлік білдек» шын мәнінде қол
фрезерлік білдегі ‒ көбіне Бриджпорт пішінді тізелік білдек ‒ ал «өңдеу
орталығы» 99,9% жағдайда металл қаптама, сүмбінің жылдамдығынан
анағұрлым жоғары және өзінің қолмен жұмыс істейтін ізашарына қарағанда
өнімділік есігін айқара ашатын автоматты құралды алмастырғаш, оның СББ
серігі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |