Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу


Қызыл таспаны ортасынан кесу



Pdf көрінісі
бет29/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

Қызыл таспаны ортасынан кесу 
Бүгінгі асқан ақылды, желілік, компьютермен басқарылатын резиденттік бағдарламалық 
жүйелері бар, құралдың ең күрделі ойға қонымды бағдарларын туындата алатын және 
бұйрықты ең мықты үйретілген аңшы иттен артық орындайтын жабдық шыққанға дейін 
білдектер телетайптарда жасақталған, ал олардың бағдарламалары ойықталған қағазда (2-2- 
суретті қараңыз) немесе Майлоар таспасында (ең ертерек машиналарда перфокарталар 
қолданылған) сақталған. Бұл СББ білдектері үшін ауыр күндер болатын. 
Егер сіздің жолыңыз болып, осы білдектердің бірін ‒ мүмкін «таспалық үлгіні» немесе 
таспалық фрезер білдегін ‒ баптаған болсаңыз, шебер сізге алқызыл, қара немесе сары түсті 
саңылаулары бар қағаз орамын берген болар еді (жоқ, ол жабысқақ емес), содан соң сіз оны 
таспаны оқу қондырғысына немесе білдек есігінің ішкі жағына, не соның жанындағы 
доңғалақты қондырғыға жүктеген болар едіңіз. СББ білдектерің ең ерте нұсқалары әрбір 
қайталым үшін таспаны бір реттен «оқуы» тиіс болатын, бірақ көп ұзамай, таспаны бір рет 
оқуға мүмкіндік беретін және содан кейін оны келесі ретке дейін ОБ әзірлеу бөліміне 
қайтаратын көпіршікті жадымен әрі соған ұқсас сақтау құрылғыларымен жабдықталды.
Біршама таспалы білдектер өндірісте әлі де болуы мүмкін, бірақ басым көпшілігі 
компьютерлік басқарумен түрлендірілген немесе металл сынығына өткізілген. Дегенмен 1950 
жылдардың басында жасалған СББ білдектері қолданатын «G-код» (сондай-ақ, «RS-274» 
ретінде танымал) бүгінгі таңда білдектердің көбі жасақталатын стандарт ретінде қызмет 
атқаруда. 


35 
2-2-
сурет: 
Ойықталған қағаз 
таспасының екі 
мөлшері және 
бірнеше түсі болған. 
Саңылаулардың 
әрбір қатары, 
нұсқаулықты бір 
дегенде бір әріптен 
оқу секілді СББ 
бағдарламасындағы 
жеке белгіні білдіреді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет