Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу



Pdf көрінісі
бет34/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

Әр қырынан қарағанда 
ТКБ білдектері дайындаманың тек беткі жағын өңдеумен шектеледі ‒ егер сізге шаршы 
кесектің барлық алты қырынан да тесік тесу қажет болса, онда, алдымен, бір тесікті тесіп, 
содан кейін бөлшекті тағы бес рет айналдыруға тура келеді. Алайда ТКБ білдектерін 
«индекстеу кестесі» деп аталатын арнайы қосымшамен жабдықтасаңыз, онда өңдеу көлемін 
айтарлықтай кеміте отырып, кесектің төрт жағынан тесіктерді тесу үшін оның бір шетін іліп 
алып, оны айналдыра «индекстеуіңізге» болады.


39 
Осы ойды ары қарай жалғастырыңыз. Айталық, сізге, мысалы, біліктің ұзына бойында 
арнайы шиыршық жырашық жасау керек немесе мүсіннің беткі жағын өңдегіңіз келеді 
(мысалы, Йода мүсінін). Жұмыстың осы түрі үшін сізге белгілі бір қалыпқа немесе тоқтағанға 
дейін индекстелмейтін, бірақ бір немесе одан көп білдек біліктерімен үздіксіз айнала алатын 
айналмалы үстел қажет болады.
Цехтарда ондаған жылдар бойы оларды орындау үшін қажетті операциялардың санын 
азайта отырып, барынша күрделі бөлшектерді жасауға мүмкіндік беретін, тік өңдеу 
орталықтарына арналған айналмалы үстелдер мен индексаторлар орнатылған болатын. 
Дегенмен қайсыбір кездері бір ақылды ұста жергілікті жәрмеңкедегі «Tilt-a-Whirl» әткеншегіне 
отырған соң айналмалы үстелді келесі айналмалы үстелдің басына бұрап бекіткен және 
осылайша еңкіш айналмалы немесе шетмойын тәріздес үстелді ойлап тапқан.
3 + 2 ≠ 5 
 
Осы көріністі жасаған кезде ешкім Сізге күлмеуі үшін есікті жауып алыңыз. Енді кока-
коланың құтысын алыңыз, логотипті оқи алатындай етіп, оны бетіңіздің тура алдында 
төменгі шетінен ұстап тұрып, содан кейін екінші қолыңыздың сұқ саусағын құтынын жоғары 
бөлігіне тігінен бағыттаңыз. Құтыны А және В бес білікті өңдеу орталығына ұқсатып, 90 
градусқа солға және оңға еңкейтіңіз. Басқа біліктері, ол бір жағына (Х білігі), ішке және 
сыртқа ( У білігі) әрі жоғары мен төмен (өзіңіз де аңғарғандай, Z білігі) қарай қозғалған 
кезде, сіздің бос қолыңызбен бейнеленеді.
Барлық бес білікті де бірден жылжытыңыз (осы орайда, қысылмай механикалық өңдеу 
дыбысын шығаруыңызға болады). Бес білікті өңдеу осындай болады. Еспе бұрамалар,
тізелік имплантаттар және Ти-рекс төсемелерінің көшірмелері секілді күрделі пішіндерді 
кесу үшін өте қолайлы. Дегенмен егер А және В біліктерін кез келген нүктеде ұстауыңыз 
және қалтаны өңдеуіңіз немесе бірнеше тесік тесуіңіз, содан соң фрезер қалпақшасын 
пайдалануыңыз қажет болған болса, онда ол 3+2 өңдеуі деп аталады.
«Шетмойындар» ұсталардың металл кесегін оның төменгі шетінен қармап алып, бетін 
өңдеуіне және дайындаманың төрт жағынан тақалуына мүмкіндік береді. Оның бір бөлігі
айналдыру және түбін фрезерлеудің арқасында бітеді; алты бөлек операцияның орнына бар-
жоғы екі операция орындалады. ТКБ-ның үш білігі болған жағдайда, шын мәнінде күрделі 
жұмысты орындай отырып, шетмойынның екі білігімен бір мезгілде қозғалуға болады. Бұл бес 
білікті білдек жұмысының мәні болып табылады.
Күрделі жұмыстарды орындауға екі бес білікті өңдеу ғана мүмкіндік бермейді, дегенмен 
шығынды азайта отырып, жұмыстың көбісін бір өңдеумен де бітіруге болады. Азырақ 
операция қажет етілетіндіктен, бөлшектер негізінен дәл болып келеді, оларды қозғалту үшін 
азырақ күш жұмсалады, тапсырысты орындау уақыты азаяды, ал цехтар өндіретін құрылғылар 
мен жабдықтардың саны түбегейлі кемиді.
Шетмойынды үстелі бар ТКБ-лердің көбісін жабдықтау қиынға соқпайды (2-4-
суретті қараңыз). Бар болғаны электрлік жалғаулардың жұбы мен қосымша 
біліктерді бақылайтын бағдарлама қажет (төртінші және бесінші білдектердің 
интерфейстері). Дегенмен көптеген машина жасаушылар білдектің осы түріне 
арналған нағыз, бес білікті өңдеу орталықтарын ұсынады. Олар түрлі 
кескіндемеде және мүмкіндіктерімен қолжетімді әрі өңдеу орталығы 
топтамасындағы ең мықты құралға тез айналады.
ЕСКЕ ТҮСІРУ


40 
2-4-
сурет: Шетмойынды 
үстел ‒ бес білікті өңдеу 
орталығының 
келесі 
тиімді 
нәрсесі 
болып 
табылады. 
«Айналмалыдағы 
айналмалы» үстелдегі А 
және 
В 
біліктерінің 
құрылымына 
назар 
аударыңыз 
«Корп. ФАНУК Америка (FANUC America Corp)» рұқсатымен 
Өздерінің барлығын өзгерте алатын мүмкіндіктеріне қарамастан бес білікті өңдеу 
орталықтарының көлеңкелі тұстары да бар (шын мәнінде, олардың кейбірінің): олармен жұмыс 
істеу қиынға соғады (олар шығаратын бөлшектер де әдетте тең дәрежеде күрделі 
болғандықтан); білдек сүмбісі мен үстелдің арасында болатын кедергіні тудырмас үшін 
бөлшекті барынша жоғары көтеретін арнайы ұстағыш қажет және оларда бір машиналық 
қайталымды шығарылатын бөлшектердің саны шектеулі ‒ бір ретте біреу қалыпты жағдай, бір 
қайталымда төртеуін шығару аса күрделі емес, алтау шығаруы да мүмкін. Не болса да 
бөлшектерге толы үстелі бар үш білікті ТКБ білдегін жүктеп, кешкісін үйге қайту тәжірибесі бес 
білікті машинада мүмкін емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет