Көлденеңнен жону Көлденеңнен жону білдегін бір жағына еңкейтіңіз, сонда бұл көлденеңінен өңдеу
орталығы болды ғой, солай ма? Шын мәнінде олай емес. Көлденеңінен өңдеу орталығы
немесе КӨО көп уақыт бойы ТӨО-на қарағанда үлкен көлемдермен жұмыс істеу үшін қолайлы
деп есептеліп келді. Олардың кесетін құралдар станциялары да көбірек ‒ кейбірінде жүздеген
құралдар болуы мүмкін және үнемі дерлік «құлпытас» немесе бекіту қондырғысының басқа
түрі бекітілген (үнемі дерлік) айналмалы үстелмен жабдықталған.
Құлпытас жағдайында (ия, оның шойыннан жасалғаны болмаса, ол шынында да менің
мәңгілік мекенімді безендіретін гранит кесегін еске түсіреді), төрт немесе алты жағының
әрбіріне бірнеше қысқыштарды немесе қыспақтарды орнатуға болады, ол оператордың үйіліп
жатқан бөлшектерді жүктеп, кешкісін үйіне қайтуына мүмкіндік беріп қана қоймай (көбіне
«жарықсыз өндіру» деп аталатын), сондай-ақ дайындаманың алдыңғы және басқа да
жақтарын қолжетімді етеді. Бұл ТӨО-да индексатор немесе айналмалы үстелсіз орындалуы
мүмкін емес нәрсе болып табылады.
Сонымен қатар көптеген КӨО білдек басқа бөлшекті жасаумен айналысып жатқанда,
оператордың білдектің сыртында тұрып, құлпытасқа бөлшектерді жүктеуіне мүмкіндік беретін
серіктес-тетікті алмастыру қондырғысымен бірге жүреді, бұл іштегі қызметкер сізге чизбургер
мен фри әзірлеп жатқан кезде көлігіңіздің ішінде ақша қайтарымын есептеп жатып, одан
түспей-ақ терезе арқылы қызмет көрсетеуге аздап ұқсайды. Бұл да оны барынша көлденең
ету үшін ТӨО-на қосымша салынатын бөлшек болып табылады, егер осы бөлшектердің
барлығын қосатын болсаңыз, бағасы барынша өнімді КӨО-ның бағасына жуықтап қалады.
Барлық көлденеңнен жұмыс істейтін көпмақсатты білдектердің мақтан тұтарлық ортақ
қасиеті жоңқаның жақсартылған ағыны болып табылады. Ол жоңқалардың түсуін арттырып,
КӨО-дағы сүмбінің бағдары ықпалдастықтың өз жұмысын орындауына мүмкіндік беретінінде
болып табылады. Алайда ТӨО-да олар білдекшілер «қайта кесу» деп атайтын жағымсыз
құбылысты тудырып, көбіне дайындаманың үстіне және ішіне түседі әрі құралдың сынуына
себепкер болады. Ақыр аяғында, көлденеңдер көптеген тігінен өңдеуде классикалық «С-
ТЕХНИКАЛЫҚ
МӘЛІМЕТ
42
тәріздес жиекті» құрылымды пайдаланбайтындықтан, олар көбіне (әдетте) қаттылау және
өздерінің берік замандастарына қарағанда дәлдеу болып келеді.