79
ОСЫ БӨЛІМДЕ...
Қай уақытта болмасын қараторғай үйшігін
жасап көрге бе
едіңіз? Жақын арада сіз бұрғылар мен кесетін шарғыларды
жасау үшін пайдаланылатын аса қатты металдар туралы
бәрін білетін боласыз.
Механикалық өңдеу кезінде
дайындаманың сенімді және
қауіпсіз бекітілуін қамтамасыз етіңіз.
Сенімді құрал ұстағыштар маңызды. Егер тиісті ұстағышты
қолданбаса, ұстара секілді өткір құрал цехтың ішінде ұшып
кетуі мүмкін.
Сенімді кесетін құралдар да маңызды. Төменде оларды
қалай таңдау және қалай жұмыс
істеу керектігі туралы
айтылады.
Білдектермен жұмыс істеуді қызық және өнімді ететін
құралдарды зерттеңіз
.
5-
ТАРАУ.
ЖАҢА
ТЕХНОЛОГИЯЛАР:
АБАЙЛАҢЫЗ, ӨТКІР!
Менің мың идеям болып, соның бірі ғана жемісті болса, соған ризамын.
АЛЬФРЕД НОБЕЛЬ
Егер сіз бұрынғы хоккей ойыншысы мен мәнерлеп
сырғанаушы қыздың қысқы
олимпиада ойындарында жаттығу кезінде бір-біріне ғашық болып қалғаны туралы 1992 жылғы
«Алтын мұз» романтикалық комедиясын көрген болсаңыз, онда қобалжымай-ақ қойыңыз, бұл
тараудың айтылған кинематографияның үздік туындысына ешқандай қатысы жоқ және оның
жалғасы болып табылмайды (егер оны көрмеген болсаңыз, онда кешірім өтінемін). Өйткені
осы тарауда қыз бен жігіттің ғашық болуынан да қызықты нәрсе ‒ кесетін құралдар туралы сөз
болмақшы.
Әрі-беріден соң
осы бөлімде сипатталған бұрғы, кеңейткіш,
саусақты жонғыш,
айналмалы кескіштер, кеулейжону құралбілігінсіз камералар мен кино түсіруге
арналған
жабдықты жасау мүмкін болмаған болар еді. Мәнерлеп сырғанаудағы мұзтепкіштердің жүзі
сүйектен немесе ағаштан жасалған болар еді, ал Халықаралық
олимпиада ойындары
жергілікті шара болған болар еді (себебі жолға шығатын жеңіл көліктер немесе ұшақтар
болмас еді) және сауда орындарында тек жеміс-жидектер мен жаңғақтар
сатылған болар еді
(хот-дог, сыра немесе картоп чипсыларын жабдықтарсыз жасау мүмкін емес). Сіз кесетін
құралдардың қаншалықты маңызды екенін көрдіңіз бе?
Достарыңызбен бөлісу: