Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу


Қатаң деректерге сүйенсек



Pdf көрінісі
бет74/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

Қатаң деректерге сүйенсек 
Кесетін құралдар металл шығырларын өңдеуден бастап дайын бұйымды алғанға дейін 
қолданылады. Олармен саңылауларды теседі, біліктерді бұрайды, қуыстарды үңгиді және 
бөлшектің сызбасында немесе CAD форматындағы электронды файлда көрсетілген 
пішіндерді береді. Өңделгеннен кейін осы жанылған бөлшектер ұшақтарда, автокөліктерде 
және жабдықтардың барлық бірліктерінде дерлік аспаптар мен механикалық құрал-
саймандарда бүкіл дүние жүзінде қолданылады.
Алайда кесетін құралдар, шын мәнінде, кеспейді. Кесетін құралдар кесу кезінде 
«пластикалық деформация» деп аталатын, сіз қатып тұрған йогурттың ішінде қасықты 
қозғалтқандай, үдерістің барысында металмен қозғалады. Жақсы көретін йогуртты ыдысымен 
алып, солай жасап көріңіз. Сіз қасығыңыздың алдында карамель пралиненің немесе шие 
шоколадының еспе салғанын көрдіңіз бе? Бұл өңдеу кезіндегі жоңқа түзілуіне ұқсас. Егер сіз 
қызықты да жақсы төленетін білдекші мамандығын таңдасаңыз, онда сіздің аяқ киіміңізден 
металдың осы өткір бөліктерін шығарып отыруыңызға тура келеді.
ОСЫ БӨЛІМДЕ 
1. 
Ауыр айғақтарға тап болу 
2. 
Элементтерді талдау 
3. 
Тез кесетін болатпен батыл қимыл 
4. 
Үдерісті еке есеге ұлғайту: карбид 
5. 
Дөңгелек кескіштер : индекстеу және 
айналдыру 
6. 
Таптырмас иінтіректі құралдар 


81 
Пластик қасықты пайдаланып, мұздатылған йогрутпен сынақты қайталап көріңіз, сонда 
бұл қасық үстелдің үстінде сынып жататындықтан, сізге басқа қасық іздеуге тура келетінін 
көресіз. Осы себепті кесетін құралдар үнемі өңделетін материалға қарағанда қаттырақ болуы 
тиіс, әйтпесе олар тез сынып қалады. Олардың көбі шағылған жаңғақ немесе ваниль қындары 
болмасын, кез келген материалмен жұмыс істеуге арналып, айтарлықтай берік болады.
Бірақ кесетін құралдарға болат пен алюминийдің қабаттарын өзін зақымдамастан сырып 
тастаудың асқан мүмкіндігін не береді? Олар тозуға қалай төтеп береді және металл айрықша 
қызу мен қысымға ұшыраған жағдайда олар кетік пен пішіннің өзгеруін қалай болдырмайды? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет