Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу



Pdf көрінісі
бет189/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
12-
ТАРАУ. 
БІЛДЕК ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ 
Ойыңыздың 
бәрін 
жұмысқа 
жұмылдырыңыз. 
Күн 
сәулелері 
бір 
жерге 
жұмылдырылмағанша отты тұтата алмайды.
-
АЛЕКСАНДР ГРЭХЕМ БЕЛЛ 
Мен осы тарауда талқылайтын өңдеу операцияларының көбі 50 жыл бұрын мүмкін 
болмаған. Мүмкін болғандарының өзі бүгінгіге қарағанда анағұрлым баяулау және қазіргідей 
дәл болған емес. Сіз жақын арада еститін бір қалыпқа келтіру операциялары трассалаушы 
білдектерде орындалып, олардың мектеп жасына дейінгі балаңыз қоңыздар мен гүлдерді 
қадағалау үшін пайдаланатын пластикалық трафареттерден аса бір айырмашылығы 
болмайтын. Ал қадағалауға келмейтіндері жылдамдығы жоғары болаттан (ЖЖБ) жасалған 
аспаптық ұштыққа ұшталған қалаулы пішіннің айнадай бейнесін беріп, жиі тіреліп қалып 
жататын.
Заманауи жабдықта мүмкін болатын түрлі операциялардың орасан зор саны да өзгерді. 
Бұрын бірнеше өңдеуден өтетінді енді бірден жасау мүмкін. Бұл өндірістік шығынды азайтады, 
тапсырысты орындау мерзімін қысқартады және ең бастысы ‒ бөлшектің сапасын 
жақсартады. Осы озық технологиялардың барлығының кемшіліктері ‒ швейцарлық әскери 
пышаққа қарағанда қабілеті жоғарылау машинаға жарты миллион немесе одан да көп доллар 
жұмсау ‒ бүкіл дүние жүзінде көптеген цехтардың кезедесетін шешімі. Бұл 
супермашиналарды бағдарламалайтын және пайдаланатын адамдарды табу одан да 
күрделірек, тек осы кітап қана ондаған мың жастардың өндірістегі жұмысқа кірісуге көндірмесе,
бұл жағдай одан сайын нашарлай түсуі мүмкін.
Оператор-білдекшілердің жетіспеуімен қоса сіз детрейдер жұмысын тастап, тауда 
жүруге арналған жоғары сапалы велосипед өндірісімен айналысатын компания ашқыңыз келді 
делік. Сіз осы кітаптан көп нәрсені білгеніңіз соншалық, өзіңізді сенімді сезінесіз және 
анаңызды үйді екінші рет кепілге қоюға көндіресіз. Сіз СББ жону білдегін, жүк машинасын 
немесе екі жасақтаушыны сатып аласыз, ал содан соң Джейн есімді дизайнерді жалдайсыз. 
Ол сіз шығаратын велосипед бөлшектерінің сызуын сызумен айналысып жатқан кезде (12-1-
сурет) қазір ғана барлық мұраңызды жаратқан бұл жабдықтың бәрін қалай басқару керектігін 
түсіне алмай дал боласыз.
ОСЫ ТАРАУДА: 
1. 
Бұрғының тегіс және сындарлы 
бұрғылауына жетуге тырысамыз 
2. 
Бұранда кесу әдісін таңдау 
3. 
Шыр 
айналдыру 
және 
жырашықтарды кесу 
4. 
Тереңінен фрезерлеу 
5. 
Тегістеу 


192 
12-1-сурет: Мынау секілді күрделі 
бөлшектерді жасау тауда жүретін 
велосипед болсын немесе медициналық 
құтқару құралдары болсын, бір күндік 
жұмыс болып табылады
«Thomson Bike Products» рұқсатымен 
Сіз алдыңғы тарауларды оқыды деп есептесек, кесетін құралдар, қысқыштар мен 
патрондар, құрал ұстағыштар, СББ білдектері туралы және де олардың қалай 
бағдарламаланғаны туралы үстірт болса да түсінігіңіздің болғаны. Араларыңыздағы кітаптың 
ең жақсы бөлімдеріне секіріп кеткенді ұнататындар үшін де бұл күшті, егер бір нәрсе түсініксіз 
болса, жай ғана қолыңыз боста кітаптың соларды түсіндіретін басқа бөлімдерін қарап 
шығыңыз. Енді Джейн сізге жақын арада жіберетін кейбір бөлшектерге көз жүгіртейік. Мен сіз 
жасайтын кейбір операцияларды көрсетемін және оларды қалай жасайтынын сипаттаймын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет