Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу


Саңылауларды сәтті бұрғылаңыз



Pdf көрінісі
бет190/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

Саңылауларды сәтті бұрғылаңыз 
Бұл велосипед бөлшегінің, пошта жәшігінің немесе өлген тотықұсты көмуге арналған
жәшіктің саңылауы болсын, сіздердің көбіңіз саңылау жасаумен таныссыздар. Металл өңдеу 
әлемінде бұл ең жиі орындалатын операция болып табылады. Перфорацияланған, лазерлік 
немесе электронды сәуленің көмегімен электржелілену білдегінде (ЭЖБ) омырылу арқылы 
алынғандардан басқасы (бұрғы жұмысының нәтижесі көбінде ойдағыдай бола бермейді). 
Бұрғылардың барлық қолжетімді түрлерін жіті талдамастан (мен 5-тарауда қарастырған 
тақырып), бұрғының тегіс және сындарлы бұрғылауы үшін не істеу керектігінің бірнеше 
тәсілдерін қарастырайық:
 
Жақсы құралға инвестиция жасаңыз. Менің атам әдетте былай деп айтатын: 
«Егер бұрғы басынан бастап қисық болса, онда ол тік тесікті қалай жасайды деп 
ойлайсыңдар», ал содан соң жасына тән алаңғасарлықты меңзеп басын шайқайтын. Басқа 
барлық нәрселер туралы айтқанындай, қарияның осы айтқаны да дұрыс, себебі сіз машинист 
ретінде бұрғының қозғалыстан шығуына аса қатты мән беруіңіз тиіс. Бұған сапасы жоғары 
құрал ұстағыштың көмегімен жол бермеуге болады әрі мен бәріне түсінікті болғанша 
«құралдар үшін ешқашан ақша үнемдемеңіз» деген мәтелді қайталай беремін. Жақсы құралға 
ақшаңызды салған соң оны тиісті жағдайда ұстаңыз.
 
Бұрғының ауып кетуін болдырмаңыз. Көбіне ұзын бұрғыларға жұмысты 
бастау үшін қысқа, берік, дұрысы сәл үлкендеу (дюймның мыңнан бір бөлігі) және аздап 


193 
жазық бұрышты еңкіш бұрғы қажет. Бұл тек бір немесе екі диаметр тереңдікті бұрғылап, одан 
да ұзынырақ құралды енгізуден бұрын саңылау жасауды бастау үшін қажет. Осы қосалқы 
қолсыз бұрғы қалағанымыздан гөрі көбірек тентіреп жүреді, бұл ‒ бұрғының «ауып кетуі» 
ретінде танымал құбылыс, егер ол тым терең кіріп кетсе, бұрғы сынады, әрине егер басынан-
ақ сынып қалмаған болса. Бұл бұрғының өндірушісіне байланысты, бірақ көпшілігі сізге қатты 
қорытпалы бұрғы қазір ғана сипатталған пилоттық саңылаусыз, бұрғының диаметрінен 
шамамен он есеге дейін (10xD) жете алады деп айтады, алайда бұл әсіресе тот баспайтын 
болат секілді анағұрлым күрделі материалдарда әсірелеу болуы мүмкін. Бұл қауырсынды 
ТКБ-дан жасалған бұрғылар үшін нақты әсірелеу болып табылады, бұл жерде сіз «5xD»-дан 
аспайтынға ұмтылуыңыз тиіс, егер тік сызықтылық маңызды болса, онда одан да кішірегі 
дұрыс.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет