Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу


Моторлы режимде жұмыс істеу туралы



Pdf көрінісі
бет19/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

Моторлы режимде жұмыс істеу туралы
Электр қуатына дейін адамдар сүмбілерді жоғары жетекті жүйеден қуат алатын су 
немесе бу жетектері арқылы іске қосатын. Оның қауіпті болуын былай қойғанда (күніңізді 
сәтсіз ететін, қолыңызды қозғалыстағы былғары белдікке орап алу жеткілікті), бұл тәсіл 
икемсіздеу болды. Жұмыс істеудің дұрыс жылдамдығына қол жеткізу үшін күрделі тегершікті 
жүйелер қажет болды және білдекті орнатып қойған соң оны келесі бөлшектер топтамасы үшін 
қозғалту немесе қайта бағыттау қиынға соқты.
Электр қозғалтқышын жасағаннан кейін ендігі жерде білдектер мен басқа да зауыт 
жабдықтарын шын мәнінде өндіріс қабатының кез келген жеріне қоя беруге болады. Олардың 
әрқайсысы дербес жұмыс жасайтын, қойылған тапсырманы орындау үшін қажет болатын кез 
келген«қуат көзі мен берілістен» («Өкшетіректер мен СББ білдектері» жанама бағанынын 
қараңыз) жұмыс істей алатын өз алдына жеке қондырғы болып табылады.
Бүгінгі күннің көптеген СББ білдектері білдектің сүмбісін (сүмбілерін), сондай-ақ 
жылжымалы табандарын іске қосу үшін ауыспалы тоқтың жоғары қуатты электр 
қозғалтқыштарын пайдаланады. Әдетте олар ауыр қималарды орындауға мүмкіндік беретін, 


25 
төмен жылдамдықта, бірақ минутына айналымы қатты, жоғары жылдамдықпен кесетін, қатты 
айналу қабілетіне ие. Кейбір көп операциялы білдектер кесетін құралдарды минутына 40000 
айналыммен немесе одан да көп айналдырады, ал көптеген жалпы мақсаттағы білдектер осы 
жылдамдықтың төрттен бірімен жұмыс істейді. Керісінше, СББ білдектерінің сүмбілері 
минутына 5000 айналымнан артық айналмайды, алайда кейбір швейцариялық жону білдектері 
көбірек айналады. Егер осы тақырып төңірегінде көбірек білгіңіз келсе, онда келесі тараумен 
танысыңыз.
Өкшетіректер мен СББ білдектері бойынша
Егер сіз жақын арада Американың орталық батысына бара қалсаңыз, Огайо 
штатындағы «Cedar Point» ойын-сауық бағына барыңыз және «Маверикте» сырғанаңыз. Ол 
келесі суретте көрсетілгенге ұқсас қозғалыстың дәстүрлі әдістерінен анағұрлым тезірек 
жылдамдықпен жолаушыларды белестерден және жүрек айнытатын шиыршықтардан 
жоғары көтеріп алып жүруге арналған, желілік қозғалтқыштардың жоғары айналымына 
негізделген американдық төбешіктердің айтарлықтай жаңа буыны болып табылады.
Осы көпжылдық танымалдығы күннен-күнге артып келе жатқан қозғалыс 
жылдамдығын бақылау технологиясын қолданушылар көлік жасаушылар ғана емес. АҚШ 
әскери-теңіз флоты реактивті жойғыштарды авиатасымалдағыштардың алаңынан итеріп 
жіберу үшін пайдалануды бастады, ал NASA (АҒКЗҰБ) оларды ғарыш кемелерін ұшыру үшін 
пайдалануды қарастыруда.
Іске көшсек, білдек жасаушылар желілік қозғалтқыштарды СББ білдектері пайда 
болған кезден бастап белағаштың қозғалысы үшін жауапты шарлы-бұрандалы берілістің 
және айналмалы қозғалтқыштың дәстүрлі механизмін алмастыру үшін қолданады. 
Айналмалы қозғалтқыштар аса жоғары жылдамдық пен үдеуді қамтамасыз етеді және 
шарлы бұранданы қолдану күрделі болуы мүмкін өте үлкен әрі ұзын білдектер үшін қолайлы.
Желілі қозғалтқыштар күшті магниттерден тұратын болғандықтан, қара және магнитті 
металдарды өңдеу кезінде шығатын жоңқаларды тартуға бейім келіп, жүрекширатқыш киетін 
жұмысшылар үшін қолайсыздық туғызады. Бұл мәселенің қозғалтқышты қоршап тұратын 
арнайы салқындатқыш арналар мен қаптамаларды пайдаланудың арқасында біршама 
деңгейде жойылғанына қарамастан, олар сонымен қатар айтарлықтай жылулық көлемін де
шығарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет