236
Сізге құжаттардың сканері қажет болады, әсіресе материалдарды жеткізу мен қабылдау
аймағында. Сізге құжаттардың тасымалданатын форматын (PDF) немесе баламалы
файлдарды жасау үшін қандай да бір жаңа бағдарламалық жасақтама қажет болуы мүмкін.
Сізге, бәлкім, желі үшін, мүмкін кәсіпорынның қорларын жоспарлау жүйеңіз (КҚЖ ) үшін
немесе өнімдер туралы мәліметтерді басқару (PDM) үшін
пайдаланушыларға арналған,
олардың барлығын қай жерде сақтайтыныңызға байланысты жаңа есептік жазбалар қажет
болар.
Сізге машықтанудың қажет болары да анық. Екінің бірі сіз бен мен секілді компьютер
мамандары емес, сіздің персоналыңызды «иә, мен түсіндім, енді жұмысыма оралуға рұқсат
етіңіз» деген қолхатымен қарқынды түрде оқытпаған жағдайда, топтың ішіндегі кейбіреулер
техниканы қатардан шығарудың тәсілін табады.
Осының бәрін тындырған
соң принтерлерден құтылыңыз, себебі қағазсыз өмір сүре
алмайтын қандай да бір дөңмойындар табылуы мүмкін. Принтерлерді алып тастау кез келген
азғыруды болдырмайды. Бұл сондай-ақ ІТ бюджеттің шығынын азайтады (ІТ-менеджердің
келіспеуі мүмкін, бірақ бұл ‒ шындық). Қорқынышты болып естіледі ме? Мүмкін солай да
болар, алайда барлығы СББ алғашқы білдегі де қорқынышты болған деседі.
Достарыңызбен бөлісу: