Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу



Pdf көрінісі
бет234/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

 
 
 
 
16-
ТАРАУ. 
ТАБЫСТЫ МЕХАНИКАЛЫҚ ӨҢДЕУГЕ АРНАЛҒАН ОН КЕҢЕС 
«Бір білдек қатардағы елу жұмысшының жұмысын істей алады. Ал бірде бір білдек 
жалғыз бірегей адамның істегенін жасай алмайды». 
 
ЭЛБЕРТ ХАББАРД 
Мен осы кітап кем дегенде бірнеше адамның медициналық жұмыс жоспарларынан 
немесе Голливудта табысқа жету армандарынан бас тартып, өндірісте жұмыс істеуге көзін 
жеткізді деп үміттенемін. Бұл күшті, себебі Оскар марапаттауынан кейінгі кештерді 
есептемегенде, актер болғаннан гөрі машинист болған анағұрлым жағымды, тіпті сіз келесі 
Ди Каприо немесе Ума Турман болып, прокатта миллиардтаған долларды жинайтын 
блокбастерге түссеңіз де. Осы танымалдық, психикалық тұрғыдан тұрақсыз сталкерлер және 
таблоидтардың алабажақ мұқабалары кімге керек? Доктор дәрежесін алумен салыстырғанда 
да, механикалық білдекпен жұмыс істеуді үйрену оңай әрі бұл оқу анағұрлым арзан тұрады.
Біздің кәсібімізбен айналысып жүргендер үшін, бәлкім, сіздің механикалық өңдеу 
рухыңыз осы кітаптан оқып отырған барлық мықты технологиялар туралы ойдан туындаған 
болар. Мүмкін, сіз өз цехыңызды ашу туралы ойланып отырған боларсыз немесе кем дегенде 
өз бастығыңызды қандай да бір жаңа жабдықты, құралдарды немесе бағдарламалық 
жасақтаманы алуға көндіруді ойлап отырған боларсыз. Не болса да осы тарауда, олар оған 
күнде тап болатындықтан, әсіресе олар осындай механикаландырылған қоғамдастықтың 
жақсы азаматы болғысы келсе, оператолар ( және олардың жұмыс берушілері) ескеруі тиіс 
бірнеше сұрақ талқыланатын болады.
Өңдеу балағаттау емес 
Кез келген цехтың иеленушісінен компанияның өсуіне келетін ең үлкен кедергіні 
баяндап беруін өтініңіз, сонда оннан тоғызы білікті адамдарды іздеу деп бір-ақ нәрсені 
айтады. Бір себептерге байланысты механикалық өңдеудің соңғы онжылдықтарда артып келе 
жатқан сұранысқа, озық технологиялардың пайда болуына және жоғары жалақыға қарамастан 
мамандық таңдау ретінде сұранысы азайды. 
2017 жылғы операторлардың жалақысы туралы Гуглдан ақпарат іздеу оның Құрама 
Штаттардағы орташа көлемі жылына 50 000 $ шамасында болғанын көрсетеді, бұл 
фотографтардың, медицина мамандарының, фитнес жаттықтырушыларының және 
ОСЫ ТАРАУДА 
1. 
Оператордың қызметі 
2. 
Сертификат алу 
3. 
Бүтін күйінде сақтау 
4. 
Тік нарықтар 
5. 
Барлық ережелерді бұзу 
6. 
Кәсіби маманның орнатуы 
7. 
Статус кво-дан бас тарту 


240 
бальзамдаушылардың жалақысына қарағанда айтарлықтай көбірек. Сіз спандекс кие 
алмайсыз немесе аза тұтқан туыстары үшін марқұмды гримдей алмайсыз делік, алайда 
механикалық өңдеу жақсы төленетін, мықты бөлшектер өндіре алатын және роботтармен 
жұмыс істей алатын пайдалы мамандық болып табылады.
Жұмылғыштыққа талпынатындар үшін механикалық өңдеу, білдектерді бағдарламалау, 
қосымшаларды немесе өндіріс технологияларын әзірлеу, құралдар мен қалыптамаларды 
жасау, жабдық сату немесе бизнесті өз бетінше жүргізу секілді одан да күрделі мансапқа 
айқара ашылған қақпа болып табылады. БАҚ-тарда айтылғандарға қарамастан барлық 
өндірістік жұмыстар Қытайға кетіп қалған жоқ. Иә, жұмыс күшіне шығатын шығын аз елде 
бөлшектерді шығару арзанға түседі, алайда тек бағасына қарап бөлшектерді сатып алып 
көрген компаниялар жиі (және азаппен) «сен не алсаң, сол үшін төлейсің» деген көне мәтелдің 
растығына көз жеткізеді.
Нәтижесінде соңғы жылдар бойы елден тыс жерлерде өндіріліп келген өнімдер қазіргі 
кезде өз елімізде өндіріле бастады. Жеткізудің ұзаққа созылған мерзімінен және құрғақ 
уәдеден шаршаған сатып алу жөніндегі мамандар бөлшектерді барған сайын мұхиттың бергі 
жағынан сатып алуда. Бөлшектер мыңдаған миль қашықтықта әзірленіп жатқан кезде сапаны 
бақылау қиын, ал түн ішіндегі немесе таң атпастан шағымды қарастыру үшін кездесулер өткізу 
қалыпты жағдайға айналуда. Ал тұтынушылар өздері мен көршілері үшін «жергілікті өнімді 
сатып алу» дұрыс екендігін мойындайды. Қысқасын айтқанда, сіз Милоукиде немесе 
Миннеаполисете, Аламедте немесе Сан-Антониода тұрсаңыз да, өндіріс кері оралуда.
Сонымен, не естігеніңізді ұмытыңыз. Механикалық өңдеу ‒ жоғары технологиялық, таза 
және табысты мамандық. Егер сізді механикалық өңдеу қызықтырса (егер сіз осы кітапты оқып 
отырған болсаңыз, ол сөзсіз солай болғаны) және аздап болса да механика саласында 
қабілетіңіз болса, онда сізді қуана жұмысқа қабылдайтын цехты табу мүмкіндігіңіз мол. Егер 
сіз колледж туралы ойланған болсаңыз, бірақ өскен кезде кім болатыныңызды білмесеңіз, 
негізгі философияны өткізіп жіберіп, ауыртпалықты білімгерлік несие туралы ойланбаңыз және 
де ең жақын орналасқан техникалық колледжге қарай тартыңыз. Егер сіздің тәжірибеңіз бар 
болса және жақсы жұмыс іздеп жүрген болсаңыз, есіктерді қағуды бастаңыз. Мәселе судың 
жылы боп тұрғанында. Суға сүңгіңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет