238
тарауда айтқан болатынмын) кесетін құралды сындырудан басқа ешнәрсе
жасау мүмкін болмайды.
Микробөлшектердің артып жатқан пайызы мүлдем өңделмейді. Олар нақыштама мен
тұндырудың жартылай өткізгіштерді жасау үшін пайдаланылатын тура сол үдерістерін
пайдаланумен әзірленеді. Осы ультра кішкентай нанотехнологяилық
қондырғылар МЭМЖ
ретінде танымал (микроэлектрлі механикалық жүйелер) және оларсыз «ІоТ» болмаған да
болар еді. МЭМЖ қондырғылары гироскоптарда, қысым бергіштерде және микрофондарда,
түрлі өнімдерде пайдаланылады. Олардың дабылдардың әсерімен орнын ауыстыратын және
осы
ақпаратты
кіріктірілген
бағдарламалық
жасақтамаларға
және
біріктірілген
микросызбалардың басқа түрлеріне беретін, олар өз кезегінде ақпаратты бұлтқа жолдайтын
кішкентай бөлшектері бар. МЭМЖ бергіштері кардиостимуляторлардағы жүрек
жиырылу
жиілігін бақылайды, сіздің автокөлігіңізге қауіпсіздік жастықшаларын қай уақытта белсенді ету
қажеттігін мәлімдейді немесе Сіздің «Гоу Про» (GoPro) камерасымен жабдықталған
пилотсыз ұшу аппаратыңызды көршінің бассейніне құлап кетуден сақтайды.