244
Әрине, егер кімде кім оған сатушының берген нұсқаулықтарын ұстанатын болса
немесе
оған алуды ұсынған нәрсені сатып алған болса, онда барлық цехтар бірдей болған болар еді.
Бәсекелестік артықшылықтар қайда болады? Міне, сондықтан да сіз тұрақты үдеріс
қалыптасқанға дейін кесетін құралды жеткізушінің ұсыныстарын ұстануыңыз тиіс, ал содан соң
сізге берілген ұсыныстарды сыдырып тастап, өндірісті жетілдіре отырып, тәжірибе жасауды
бастауыңызға болады.
Ешкім де өкпелемейді. Сатушының терісі қалың, әйтпесе
олар сол жұмыста ұзаққа
қалмаған болар еді. Сіз «есінен ауысқан ғалым» секілді металды алып тастау үдерісін әлі де
зерделеп жатқан кезде оларды қалуға шақырсаңыз да болады. Мұның мәні ‒ құрал дәлдігінің
шегін сынуға дейін апарумен анықтау, содан соң кері шегіну.
Оны қалай болса солай жасамаңыз. Кез келген жаңа технологияны сынақтан өткізу
ғылыми тұрғыдан жүргізілуі тиіс. Өлшемнің шамалы өзгерістерін де құжаттап отырыңыз және
нәтижелерін жазып отырыңыз. Құралдың жарамдылық мерзімі мен үстіңгі қабаттың
тазалығын, қандай құрал ұстағыштарды пайдаланғаныңызды,
дайындаманы қалай
ұстағаныңызды, білдектің дауысы қалай шыққанын және басқа да оператордың жұмыс үшін
қалыпты ұсақ-түйектерді жіті қадағалаңыз.
Егер бәрі кері кетіп жатса (көбіне солай болып тұрады), онда сіз ең дұрысы құралдың
жұмысын баяулату екенін білгеніңіз жөн. Кейбір кездері тербелісті тоқтатудың немесе жиектегі
шорды азайтудың ең дұрыс тәсілі ‒ құралды қайтадан іске қосу. Беріліс жылдамдығын тағы да
10 пайызға көтеріңіз. Аздап қаттырақ айналымды қосып көріңіз. Осы бірізділіктің орнын
ауыстырып, бәрін басынан бастаңыз. Әрине, осындай сынақтан өтекізу оператордың алтын
уақытын алады. Алайда осының бәрі ақылмен істелінуі тиіс. Егер қосалқы бөлшектер жұмыс
күні келетін болса, онда жаңа көп фазалы жабында сынақтан өткізудің уақыты әлі келген жоқ.
Дегенмен алға жылжуыңыз үшін жасауыңыз керектің бәрін жасаңыз. Әрі есіңізде болсын,
жазып отырыңыз, жазып отырыңыз, жазып отырыңыз.
«Бола алатыныңның бәрі бол» деген постулат
металл өңдеуде тура
мағынасында қабылданбауы тиіс. Өңдеу үдерісіне бар-жоғы екі сағат қана
керек болатын болса, оны баптау үшін бір сағат уақыт кетірудің қажеті қанша?
Егер тапсырыс қайталанбайтын болса, инконель қорытпасынан жасалған, 10
пайызға артық жарамдылық мерзімін қамтамасыз ететін құрал іздеудің
(немесе оған қосымша ақша жұмсаудың) не қажеті бар? Сіздің
құралдарыңыздың жарамдылық
мерзімі айтарлықтай ұзақ, бөлшектердің
сапасы жақсы болып тұрған кезде және сіз құралдың қашан істен шығатынын
болжай алғанда супер-құралды іздеуге ешқандай негіз жоқ, әрине, қысқа
мерзімді келшекте, көптеген цехтардағы жұмыстар алуан түрлі болып келеді.
Осылайша, сапасы жақсы әмбебап құрал
жақсы таңдау болып табылады
(егер цех тоқтап тұрған болса, ал сізге кесетін құралдарды сынақтан өткізуден
басқа ешнәрсе қалмаса). Инновация дегеніміз қажеттілік, логика және
үдерістерді анағұрлым тиімді етудің арасындағы теңгерім болып табылады.
Өз таңдауыңызды ақылмен жасаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: