Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу



Pdf көрінісі
бет237/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

Үнемді болып қалу
Қалай болғанда да, адамдар Эли Уитнидың заманынан бері өздерінің өндірістік 
үдерістерінің тиімділігін арттыруға талпынып келеді, егер сіз механикалық цехтың баға жетпес 
маманына айналғыңыз келсе, тура солай жасауға талпынуыңыз керек. Ол «Lean» үнемді 
өндірістің терминологиясында «ысырап» деп аталатын қалдықтар мен залалды жоюдан 
басталады. Оларға келесі жатады: 
» Тасымалдау (жүкті қажетінсіз тасымалдау оның зақымдану немесе жоғалу 
тәуекелін туындатады ). 
» Инвентаризациялау (материалдың тым көп болуы, материалдың тым аз болуы 
немесе тым кеш жеткізілген материал ‒ осының бәрі компанияның шығыны болып 
табылады).
» Қозғалыс (адамдар мен машиналардың қажеттіліксіз қозғалысы, мысалы, 
құралдарға барып келу үшін тым алыс жол және сандық бағдарламалық басқарудың 
тиімсіз бағдарламалары). 
» Күту (аяқталмаған өндіріс ретінде де танымал, АӨ механикалық цехта келесі 
операцияны күтіп тұрған ішінара аяқталған бөлшектерді білдіреді). 
» Қайталама өндіріс  (клиентке ұсыну үшін қолда тым ерте болатын бөлшектердің тым 
көп санын дайындау).
» Өндірісті арттыру (сызбада талап етілгенге қарағанда көбірек дәлдікпен 
механикалық өңдеу).
» А қ а у л а р  (бұл күрделі емес; сынық немесе ақаулы бөлшектер – барлық 
жұмыскерлер үшін нашар көрсеткіш). 
Егер сіз осының бәрін есте сақтаудың қарапайым тәсілін іздейтін болсаңыз, онда әрбір 
сөздің бірінші әрпіне қараңыз. Олар КМҚКААА (КМҚКААА ‒ Көлік, Мүкаммал, Қозғалыс, Күту, 
Артық өндіру, Артық өңдеу, Ақаулар (ағыл.«TIMWOOD – Transport, Inventory, Motion, Waiting, 
Overproduction, Over processing, Defects») деп айтылады. Әрине, «TPS» (толық өнімді алу) 
бірінші күндерінен бастап басқа да «ысырап» сәйкестендірілген, әсіресе дағдылар (яғни, 
біздің әрқайсысымыз күнделікті жұмысқа алып келетін дағдыларымызды қолданбау), 
осылайша «КМҚКААА» қысқартуы «КМҚКАААД» болып кеңейтілген (Д ‒ дағдылар 
(аудар.:ағыл. «S»- Skills, сәйкесінше «TIMWOODS»). Қалай болғанда да бұл ‒ өндіріс 
қалдықтарының «аса ауыр күнәларын» есте сақтаудың оңтайлы тәсілі.
Үнемділіктің негізін қалаушылар көптен бері аспандағы үлкен зауыт алаңқайында, 
алайда басқа көптеген адамдар оның эстафетасын алып, онымен бірге алға жылжуда, ал 
бүгінгі таңда үнемді өндіріс әдісі (Lean manufacturing) цехтарды жетілдірудің баршаны 
қамтитын жүйесін құрайды. Ол өнімді дер кезінде жеткізуді (just-in-time, JIT), құралды бір 
минутта ауыстыруды (single-minute exchange of die, SMED), икемді түрді жоспарлауды 
(Kanban), үдерістің жақсаруына алып келетін ақауларды қысқартуды, (Six Sigma), мен 9-
тарауда айтып кеткен өндірісті жобалауды (design for manufacture, DFM) және басқа да 
көптеген нәрселерді қамтиды.
Үнемді өндірісті жүргізгіңіз келгенімен неден бастарыңызды білмей отырсыз ба? Бірінші 
қадам-осы тақырыптағы кітапты таңдап алу. «Гугл іздеуден аса көп кеңесшілерді беретін 
«үнемді өндіріс ‒ Lean» іздеп көріңіз, алайда «Lean»-ды енгізу үшін олардың бірін жалдау 
міндетті шарт болып табылмайды (олардың кейбіреулері мұнымен келісе қоймас). Үнемділік 
туралы семинарлар, клиенттер мен цехтардың беретін кеңестері және Ғаламтордың өзінде 
үнемді өндіріс туралы ақпарат жеткілікті ‒ енді нені күтіп отырсыз? «Lean»-ге айналыңыз. 


243 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет