Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу



Pdf көрінісі
бет242/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   246
Білдектерді автоматтандыру

 
Баптаудың табысты болуы 
Мен осы кітаптың екінші бөлімінде тек кейбір құралдарды талқылаймын. Тез 
алмастырылатын, уақытты қысқартатын құрал ұстағыштар кесетін құралды алмастыру үшін 
қажетті уақытты минуттан секундқа дейін қысқартады. Дайындамаға немесе атауыздарға 
батырманы бір басу арқылы екпінді әрекеттер жасауға мүмкіндік туғызатын тез 
алмастырылатын бекіткіштер. Алдын ала баптаудың дербес қондырғылары, сүмбілерді 
тексеру жүйелері, тұғырықтарды автоматты түрде алмастыру қондырғылары- цехты 
анағұрлым бәсекеге қабілетті және клиенттердің жылдам ауысатын талаптарын 
қанағаттандыратындай ететін саймандардың кең түржинағы бар. Сондай-ақ, сіздің бір тиын 
да жұмсамастан осындай баптау уақытын қысқартып, өткізу қабілетін анағұрлым болжалды 
ету үшін жасауыңызға болатын бірнеше қадам бар.
Құралдардан бастайық. Америкалық өнертапқыш Бенджамин Франклин бірде былай деп 
айтқан болатын: «Бәріне де орын бар және барлығы да өз орнында». Пенсильванияның 
президенті СББ-мен механикалық цех туралы айтқан жоқ, алайда оның сөздері Бен 
бифокалды көзілдіріктер мен жайтартқышты ойлап тапқан зертханаға да қолданымды.
Өзіңіздің құралдарыңызға қараңыз. Олар жақсы ұйымдастырылған ба? Тек қоймада 
емес (сізде құралдарға арналған қойма бар емес пе?), сондай-ақ білдектегілер де. Мысалы, 
кейбір цехтар осы орайда стандартталған құралдар топтамасының жиынтықтарын пайдалана 
отырып, ал содан соң білдектерді белағаш жүрісі бойынша немесе сүмбінің жылдамдығы
емес, керісінше, оларда қамтылған құрал топтамаларына қарай сұрыптай отырып, жөндеу 
уақытын, құралға шығатын шығынды және тоқтап тұру уақытын бірден қысқартты. Кейбір 
батылдауларының тым алысқа кеткені соншалықты, олар осы құралдар топтамасына 
кірмейтін жұмыстардан бас тартты.
ЕСКЕ ТҮСІРУ


248 
Жаңа тапсырма туындаған кезде ол тұрған орнындағы қажетті құралдар болуы 
тұрғысынан ойластырылады. Қоймаға барудың немесе аспаптар салынған жәшікті ақтарудың 
қажеті жоқ, кесетін құралдарды ұстап көрудің немесе ауыстыру туралы ақпаратты енгізудің 
қажеті жоқ. Өндірісті автоматтандарылған басқару жүйесінде (ӨАБЖ) стандартты құрал 
ұстағыштар, кесетін құралдардың ендірмелері мен корпустары әрбір топтама үшін алдын ала 
анықталған, ол бағдарламалау үдерісін анағұрлым жеңілдетеді. Осындай жағдайларда баптау 
үшін көбіне шикізатты жүктеу, қажетті бағдарламаны анықтау және (сіз модельдеуге арналған 
бағдарламалық жасақтаманың көмегімен құралдың траекториясын тексерген жағдайда) 
қайталымды іске қосу талап етіледі.
Тура сол жұмыс орнына да қатысты. Жүйені санау тұрғысынан және тез алмастыратын 
патрондар тұрғысынан талқылау есіңізде ме? (6-тарауда келтірілген). Сіздің шарлы бекіткіші 
бар немесе нөлдік нүктесі бар кіріктірілетін жұдырықшалары немесе сүмбілі бекіткіші бар
жүйені артық көруіңізге қарамастан, сіздің цехыңызға бекіткішті тез алмастыру стратегиясын
зерделеу және қабылдау, ал содан соң өлшеу (немесе оның өлшемдерін жүктеп алу), өзіңіздің 
өндірісті басқару жүйеңізде модельдеу және цехтағы барлық білдектерге осы стратегияны 
қолдану қажет. Ол шамалы уақыт пен күшіңізді алады, алайда механикалық өңдеудегі 
бәсекеге қабілеттілікті арттырудың ең тиімді тәсілі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет