Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу


Білдектер (және адамдар) үшін жағдай жасау: температуралық режим, тазалық



Pdf көрінісі
бет241/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   246
Білдектерді автоматтандыру

Білдектер (және адамдар) үшін жағдай жасау: температуралық режим, тазалық 
және қауіпсіздік 
Шындыққа тура қарайықшы. Кейбір механикалық цехтар шошқа сарайы секілді көрінеді. 
Ауада салқындатқыш сұйықтықтан немесе майлы түтіннен тұман тұрады. Металл жоңқасы 
мен майланған ескі-құсқы нәрселер білдектің түбінде жатады, бірнеше ай бойы жиналмаған. 
Құралдар каталогының бумалары сөрелерге қауіпті болып тіреліп тұр, үстелдің үстінде қол 
құралдары мен микрометрлер, тәрелкеде кешегі ішіліп тауыспаған кофенің шынысы тұр (16-
1-
сурет мысалдардың бірі).


246 
16-1-
сурет: Мүмкін сізге осындай 
жағдайда жұмыс істеген жайлы да 
болар, алайда сізге әлеуетті 
клиенттер жиі келіп тұрады деп 
ойламайсыз ба?
 
« Үнемді өндіріс жөніндегі кеңесшілер» рұқсатымен  
Ешкімнің де таңертең төсекті жинағысы немесе түскі астан соң ыдысты жуғысы келмейді 
делік, алайда біздің көпшілігіміз кеш өткізу үшін қонақтарды шақырмас бұрын осыларды 
жасаймыз. Цехта да тура осындай ұстаным болуы тиіс, әрбір күн өткізілетін кеш және кез 
келген уақытта сізге келе салуы мүмкін қонақтар (клиенттеріңіз) бар.
Бұл сырт көріністен де көп. Білдектер өте қымбат және тиісті деңгейде сақталуы тиіс. 
Мен күнделікті қызмет көрсетуді 14-тарауда талқыладым, алайда шаруашылықты жақсы 
ұстау сүзгілердің тазалығын сақтау мен белағаштар тозуын тексеруден де көбірек нәрсе. Бұл 

әркім өзінің жұмыс орнын мақтан тұтатын және оны күтіп-қарауға белсенді түрде 
атсалысатын мәдениет. «Еден одан тамақ жейтіндей таза» деген термин артық айтылған, 
бірақ қолданымды (16-2-суретті қараңыз).
16-2-
сурет: Көптеген механикалық және 
өндірістік цехтар осы ойды ұғынып, таза 
күйінде, жақсы ұйымдастырылған және 
көрегендік танытады.
«Прото Лабс (Proto Labs)» рұқсатымен  
Тазалық қауіпсіздік те болып табылады. Цехтардың иеленушілері мен менеджерлерінің
басым көпшілігі өз қызметкерлеріне қамқорлық жасайды, ал ауаны және түтін-тұманды 


247 
сүзгіден өткізу жүйесіне инвестиция жасау әрбір СББ білдегі үшін тым артық болуы мүмкін, 
бірақ бұл бір күндері Уэйннің өкпенің қатерлі ісігіне ұшырағанын немесе Джимге эифизем 
диагнозы қойылғанын естігеннен әрі осыған цехтағы нашар ауа кінәлі емес пе деген сұрақ 
мазалағаннан гөрі анағұрлым жақсы.
Ешкім де сырғанақ еден немесе ауыр заттарды көтеру қаупі туралы ойланбайды, олар 
шүбәсіз болады және кім де болмасын олардан аулақ болуға тырысады. Алайда олар сондай-
ақ шілде айында цехтағы ауаның температурасының Фраенгейт бойынша 90 градусқа дейін 
көтерілуінен де аулақ болуы тиіс. Мұнымен қоса ауаны жеткілікті баптамау бөлшектердің
сапасына нұқсан келтіреді және қызметерлерді де тоқтата алмайды. Тура осы қыстыкүнгі тым 
қатты температураға да қатысты. Цехта жыл бойы бірқалыпты температураны сақтап тұру 
СББ білдектеріне арналған артықшылықтарды былай қойғанда сүйменді қайта жасау немесе 
жаңа қызметкерлерді оқытуға қарағанда арзанға түседі.
Табысты өндірістік компаниялар қауіпсіздікті, тазалықты, ауаның сапасын және жұмысты 
жағымды ететіннің бәрін ескереді. Қызметкерлердің моральдық рухы «шошқа сарайындай 
лас» жұмыс орындарына қарағанда жақсырақ болады. Клиенттер бір-біріне «Мен соншалықты 
таза цехты өмірімде көрген емеспін; оларда бәрі де дұрыс болуы тиіс» дегенді тез таратады 
(иә, кейбір адамдар шынында да солай айтады), ол бизнесті кеңейту ықтималдығын 
арттырады. Лас, ыстық, қауіпті цехтар ма? Не үшін? Тазалауды бастаңыз. 
Үнемді өндіріс қағидалары механикалық цехтардың таза, жақсы 
ұйымдастырылған болуын талап етеді. Ол «5S» деп аталады және «seiri», 
«seiton», «seiso», «seiketsu» және «shitsuke» ретінде белгіленеді. Мен де 
жапонша оқи алмаймын, дегенмен 5 сөздің жалпы мағынасы: Sort (сұрыптау), 
Set (орнату), Shine (жарқырау), Standardize (стандарттау) және Sustain 
(қолдау(күтіп қарау)) (алғашқы үшеуі таныс болуы тиіс) түсінікті. Егер сіз өз 
цехыңызды мақтан тұтқыңыз келсе (жұмыс істеу үшін жағымды), оны өз 
клиенттеріңізге көрсетіңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет