Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу


Қолғаптарымызды шешеміз (және қорғаныс көзілдірігін киеміз)



Pdf көрінісі
бет243/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   246
Білдектерді автоматтандыру

Қолғаптарымызды шешеміз (және қорғаныс көзілдірігін киеміз) 
Білдектер қауіпті болуы мүмкін. Иә, мен 1-тарауда механикалық өңдеудің басқа 
салаларға қарағанда қаншалықта қауіпсіз болатындығын атап өткенмін, білемін, дегенмен 
тәуекелдер баршылық. Сүмбі минутына бірнеше мың айналым жылдамдықпен айналып 
жатқан кезде қатты жылдамдықпен қозғалатын өткір кесетін құралдар мен металл бұйымдар
жазатайым оқиға қаупін тудырады. Металл жоңқасының көзге түсуі, кесілген саусақтар
аяқтағы жарақаттанған саусақтар ‒ осының бәрі соңғы жылдардағы менің тәжірибемде 
болған, мен және менің бірнеше әріптесім жедел жәрдемге барған (көбіне ол менің басымда
болған жағдайлар) бірнеше жазатайым оқиғалар болып табылады. Артқа көз тастай отырып, 
осы жарақаттардың барлығын бірнеше қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, 
болдырмауға болатынын растауға болады:
» Наркозбен көздің үстіңгі қабатынан металдың кішкентай бөліктерін алу... оны ұмыту 
мүмкін емес. Оны болдырмаудың жолы айқын. Үнемі қорғаныс көзілдірігін киіңіз, күңгірт,
жандарында қалқаншасы барын пайдаланыңыз. Егер ажарлаумен айналысатын болсаңыз,
қорғаныс маскасын киіңіз. Осы ережелердің сақталмауы сіздің Брайл әрпін үйренуіңізге 
бірегей мүмкіндік беруі мүмкін.
» Бұл құрылыс жұмыстары емес, дегенмен білдек операторларының атауыздар 
мен патрондар секілді ауыр заттарды жиі көтеруіне тура келеді. Егер оларды 
аяғыңызға түсіріп алсаңыз, онда софтбол немесе боулинг ойнай алмауыңыз әбден 
ықтимал. Егер сіз болат тұмсықты бәтіңке кимейтін болсаңыз, онда жағымсыз 
жағдайларға тап боласыз.
» Егер сіз айналмалы механизимдермен жұмыс істеу барысында қолғапты 
пайдаланатын болсаңыз, онда бұл бұрғылау білдегіндегі бөлшектің қылауын қолындағы 
ауыр дәнекерлеу қолғабымен шешуге тырысқан менің досым Эдпен болған жағдайдай 
аяқталуы мүмкін. Алынған жарақат тағдырдың тәлкегімен «жалаңаштану» деп аталады, 
яғни дененің үлкен кесегін жұлып алу, Эдтың жағдайында ол саусақтың бөлігі болған. 
Жеткілікті ме? 
» Не? Қайталайсыз ба? Естуден айрылу айтарлықтай маңызды мәселе. 9-тарауда мен 
шыбық берілісіне арналған шулы қондырғылар туралы айтқан болатынмын, алайда олар 
қазіргі кезде анағұрлым тынышырақ. Дегенмен ең шусыз білдектердің өзі қоғамдық 
кітапханадағы тыныштықпен салыстыруға келмейді. Егер сіз кәрі және ақ шашты (бәлкім, олай 
емес) болған кезде қашан да болмасын немерелеріңіздің күлкісін және жаздыгүні желдің 
үйеңкі ағашының жапырақтарын сыбдырлатқанын немесе сіздің жұбайыңыздың арнаны 
ауыстырғаныңыз үшін күңкілдегенін естігіңіз келсе, жаныңызда механикалық қондырғы жұмыс 
істеп тұрған кезде құлаққап киіңіз.


249 
Басқа да бірқатар қауіп түрлері бар. Мысалы, тығыздалған ауа қызықты болуы мүмкін 
және кейбір тым ақылды механиктер өздерінің пневматикалық пистолеттерінен 
«снарядтармен» цехта атудың немесе оларды кесіктерді тазалау үшін пайдаланудың 
тәсілдерін тауып алады. Екеуі де ‒ еш мағынасыз ой. Тығыздалған ауа сондай-ақ қатты шу 
шығарады, сондықтан өз пистолетіңізді шуды бәсеңдететін шүмектермен жабдықтаңыз.
Тағы бір ой жабдықтың қорғаныс жақтауларын шешіп тастау немесе 
профилактикалық бақылауды өткізудің алдында элетрлік панельді 
бұғаттамау, бәрі дұрыс болған жағдайда ол сізге «пысық» (Sparky) деген 
лақап атты беруі мүмкін, бірақ өлімге де алып келуі мүмкін. Біз қауіпсіздік 
тақырыбын толығымен жаппай тұрып, бір-екі парақ бұрын болған ауаның 
сапасы туралы бөлімді оқыңыз. Егер сіздің цехыңызда тұман жинағыш 
болмаса, осы туралы бастығыңызбен сөйлесіп көріңіз. Егер ол әсер етпесе, 
онда жаңа жұмыс орнын табыңыз 
Кәсіби қауіпсіздік пен денсаулық әкімшілігі (КҚДӘ) Құрама Штаттардағы жұмыскерлердің 
қауіпсіздігі үшін жауап береді. Осы жылдар ішінде ол өзінің қауіпсіздік техникасы бойынша 
күтпеген тексерістер жүргізгені үшін жағымсыз беделге ие болды. Осыдан кейін цехтарда 
барлығы механизмдердің қорғаныш қоршауын ауыстырып, қорғаныш көзілдірігін кие бастады. 
Оларға ұқсамаңыз. Мен осы мақаланы жазу кезінде КҚДӘ веб-парақшасында осы жылғы 
өлімге алып келген жағдайлардың тізімі пайда болды, орташа санын шығарғанда жыл сайын 
45000 адам болды.
Бұл - көптеген қажетсіз азап шегу мен адам шығыны. Мен механикалық жабдықпен 
байланысты болған ешбір қайғылы жағдайдың куәгері болған жоқпын, алайда олардың 
болатынына сенімдімін. Егер сіз қауіпсіздікке байыппен қарайтын болсаңыз, КҚДӘ-ге жүгініңіз, 
жұмыскерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қандай шара қолдану қажеттігін сұраңыз 
және қауіпсіздік пен денсаулық саласындағы жетістіктерді мойындау бойынша бағдарлама 
туралы біліңіз (Safety and Health Achievement Recognition Program, SHARP). Бұл өзіңізді және 
басқаларды қатерден сақтаудың қарапайым тәсілі болып табылады
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет