1.4.8 Жартылай бөлінген жүйенің есептеу ерекшеліктері
Жартылай бөлінген жүйеде сарқынды суды әкету үшін екі бөлек торап тартылады. Бірінші торап тұрмыстық және өндірістік суды әкетеді, ал екінші торап жаңбыр суын әкетуге науаланады. Тұрмыстық және өндірістік суды және жаңбыр суының ең сарқынды бөлігін тазалау ғимараттарына әкету үшін негізгі /көлденең/ коллектор қолданылады. Жаңбыр суының шығынының сарқынды бөлігі бөлу камераларында бөлінеді.
Ал көлденең коллектор тұрмыстық, өндірістік және жаңбыр суының ең сарқынды бөлігінің қосынды шығындарына есептелінеді. Жартылай бөлінген су әкету жүйесіндегі судың қосынды шығынын былай анықтаймыз:
(13)
мұндағы qcit – жаңбыр болмаған /құрғақ/ кездегі шығын, л/с;
, (14)
(15)
мұндағы – тұрмыстық судың шығыны, л/с;
– өндірістік судың шығыны, л/с;
– шекті шығын, л/с;
– бөлгіш камераға дейінгі жаңбыр суының шығыны, л/с;
– бөлу коэффициенті.
Жартылай бөлінген жүйенің есепті учаскелеріндегі сарқынды судың қосынды щығынын тапқаннан кейін гидравликалық есептеу жүргіземіз. Көлденен коллекторды гидравликалық есептеу ҚР ҚН–ның талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |