Жаңбыр суын жинап тазалау үшін Алматы қаласы Алмалы ауданы алынды


Жаңбыр қабылдағыштар және олардың конструкциялары



бет15/26
Дата03.01.2022
өлшемі406.15 Kb.
#451792
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26
Aytbaev Damir

1.4.7 Жаңбыр қабылдағыштар және олардың конструкциялары
Жаңбыр қабылдағышты көшелердің жүрінді бөлігінің барлық төмен жерлеріне орналастыру өте тиімді. Олар ҚР ҚН бойынша түбі шұңқырсыз жобаланады. Жаңбыр қабылдағышқа су түсуі алдында тордан өтуі керек. Жаңбыр қабылдағыштан су диаметрі 250 мм болатын қосылғыш құбыр бойымен жабық коллекторға құйылады. Олар керегелерден, стакандардан және түйіннен тұрады. Жаңбыр қабылдағыштар тікбұрышты өлшемдері 0,6х0,9 м немесе дөңгелек диаметрі d=0,8 м болады.

Көшелер ені 30 м-ге дейін кварталдардан жаңбырғабылдағышқа дейінгі ара қашықтықты ҚР ҚН-ның 6 кестесі бойынша қабылдайды:


3 Кесте - Максималды ара қашықтықтар


Көше еңістігі

Жаңбырқабылдағыштар арасындағы ең үлкен ара қашықтық, м

0,004-ге дейін

50

0,004-0,006

60

0,006-0,01

70

0,001-0,03

80

Көшелік коллекторлар орнату көп жағдайларда жергілікті жердің рельефіне байланысты көлемдік және кварталдың төменгі бөлігі арқылы трассаланады. Бірінші жағдай жердің ылдилығы i = 0.01 болғанда.



4 Cурет Жаңбыр қабылдағыш
Коллекторлардан жаңбырқабылдағыштардың қосылу ұзындығы 40 метрден артық емес, диаметрі 200 мм және ылдилығы 0.02 м болу керек. Жаңбырқабылдағыштар міндетті түрде жаяу жүргінші жолға дейін жетпей көшелер қиылысында орнатылуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет