«Жалпы дәрігерлік практика №1» кафедрасы



Pdf көрінісі
бет4/104
Дата01.03.2024
өлшемі2.37 Mb.
#493589
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   104
httpsp.ayu.edu.kzdocuments381fff9a-d6f3-4442-ba5a-dde093b84338 Кардиол20клинжағ-сит-20212021.04.21.pdf

 
 
 
 
 
 
 



Тақырыптың өзектілігі 
 
ҚР тұрғындары денсаулығының сапасын арттыру саясаты осы саланы
жоғары санатты мамандармен қамтамасыз етуге негізделген шаралардан 
тұрады. Бұл шараларды іске асыру жолы – медициналық білім берудің 
үздіксіздігін пайдалануда болып тұр. Қазіргі стандартқа сай алғашқы бес
курста болашақ жалпы дәрігерлік тәжірибе дәрігерлері білім ақпараттарын 
синдромдар атауларына біріктірілген нозологиялық бірліктер тұрғысынан 
алады, ал интернатура кезеңінде диагноздық ізденісті синдромдық 
алгоритмімен жүргізу қажеттілігіне үйрету – даусыз дүние. Дәлелді диагноз 
қою үшін, болашақ дәрігерлік тәжірибедегі жұмыстың негізі де – 
синдромдық диагноз бен дифферециялық (саралама) диагноз жүргізу 
дағдысы [1,2]. Сондықтан, білім беру үрдісінің сапасын арттыру 
мақсатында және алғашқы курстардағы білім негіздерін пайдаланып, бекіту 
мақсатында, тәжірибеде жиі кездесетін және орындары маңызды 
синдромдардың диагноздық ізденіс алгоритмдерін ашатын оқу-әдістемелік
оқу құралдары өте қажет.
ЖТД жан-жақты, алғашқы көмек көрсетудің әр қырын қамтитын 
мамандық. 20-шы ғасырда негізінен кардиомегалия термині қолданылған 
болса, қазіргі таңда заманауи зерттеулердің нәтижесінде жүрек бұлшық 
етінің патологиялық өзгерістерге ұшырауын кардиомиопатия терминімен 
сипаттап отырмыз. Сондықтан, құралда бұл терминдер жеке және біріктіріле 
қолданылды. 
Кардиологиялық дерттердің негізі болатын бөліктік және тотал да 
кардиомегалия синдромы адам патологияларының ішінде кең таралған 
синдромдардың бірі. Қазіргі таңда денсаулық сақтау саласында жүрек 
шектерінің өзгерістерімен сипатталатын патологиялары бар науқастарды 
ЖТД деңгейінен бастап тексеру тәжірибеге енгізілген [3]. Соңғы ғасырлар 
эпидемиясы іспетті артериялық гипертензия, жүректің ишемиялық аурулары, 
миокардиттер мен түрлі генезді кардиомиопатиялар да жүрек шектерінің 
өзгерістерімен, жүрек бұлшық етінің патологиялық қайта құрылуымен 
сипатталатын дерттер. Алғашқы қабылдаудың өзінде пальпация, перкуссия, 
аускультация 
тәсілдерінің 
көмегімен 
кардиомиопатия/кардиомегалия 
синдромын ерекшеліктерімен қоса анықтауға болады, нәтижесінде күдікті 
нозологиялардың ең мүмкінін таңдауға негіз болады, әрине, қажетті 
зерттеулерді сауатты тағайындау да осы дағдылар мен тұжырымдарға 
тәуелді. Кардиомиопатия/кардиомегалия синдромын диагноздық ізденістің 
алғашқы қадамдарынан бастап саралауды үйрету – ЖТД дәрігерінің бәсекеге 
қабілетті мамандар қатарында болуына сөзсіз үлесін қосады [4,5,6].
ЖТД дайындауда кардиомиопатия/кардиомегалия синдромы бар 
науқастарға дифференциялық диагноз жүргізу дағдыларын игеруге 
бағытталған дайындықты іске асыру – мамандар дайындайтын кафедралар 
үшін өзекті мәселелердің бірі. Болашақ мамандардың осы тақырып 
айналасындағы дағдылары мен біліктілігін арттыруға құрылған бұл оқу 
құралын МСАК ұйымдарының дәрігерлеріне де ұсынуға болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   104




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет