«Жалпы дәрігерлік практика №1» кафедрасы



Pdf көрінісі
бет7/104
Дата01.03.2024
өлшемі2.37 Mb.
#493589
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   104
httpsp.ayu.edu.kzdocuments381fff9a-d6f3-4442-ba5a-dde093b84338 Кардиол20клинжағ-сит-20212021.04.21.pdf

Клиникалық жағдай №2 
55 жастағы науқас әйел, емханаға келесi шағымдармен келдi: басының 
ауыруы, айналуы, құлағының шулауы, жүрек тұсының шаншуы, жүрегiнiң 
айнып, құсуы. 
Өзiн он шақты жылдан науқас санайды, алдын алу шолуында АҚ 
жоғарылығы анықталып, есепке алынған, мезгiл-мезгiл бас ауырулары 
болған, капотен, гипотиазидты курстармен қабылдаған (?), 3 рет стационарда 
емделген. Соңғы 2 жылда АҚ тұрақты жоғары деңгейде – 170-180/100 мм 
сын. бағ., кейде 220/120 мм сын. бағ. көтерiлiп, мазалайды. Емханалық 
картасындағы анализдерден: несебінен мезгіл-мезгіл, 0,033-0,066
0
/
00
белок 
бөлінген; холестерині 5,9 ммоль/л. Келер алдында жұмыстағы келеңсiздiктен 
кейiн басының, жүрек аймағының қатты ауыруы, бас айналуы, бiр реттiк 
құсу мазалаған, тiлi мен ерiндерi ұйып қалған. Антигипертензиялық 
дәрмектер болмай қалған. 
Жалпы жағдайы орта ауырлықта, артық салмағы бар (бойы 160 см, 
салмағы 92 кг), бетi домбыққан, қуқыл, қабақтары iсiнген. Санасы анық
патологиялық рефлекстер жоқ. Бет аймағында ауырсынулық және тактиль 
сезiмталдығы төмендеген. Сол қолының бұлшық еттік күшi әлсiз. Жүректiң 
шала тұйық дыбысының сол шегi сол бұғана орта сызығынан 2,0 см солға 
ығысқан. Жүрек тондары анық, ырғақты, аорта үстiнде II тонның акцентi, АҚ 
230/120 мм сын. бағ. Пульсi 60 минутына, ырғақты. Бауыры ұлғаймаған.
ЭКГ: I, aVL R биiк, R тiсшесi V
5
,V
6
>V
4

1. Негiзгi синдромдарына байланысты (АГ, нысана мүшелердегi өзгерiстердiң 
даму ерекшелiктерiне) күдiктi ауруларға тәуелдi тексеру жоспарын құрыңыз.
2. Болжам диагнозы, асқынулары (криз типiнiң ерекшелiктерi). 


12 
3. Емi (АГ дәрежесiне, ерекшелiктерiне, қауiп факторларына және нысана 
органдардың өзгерістеріне тәуелдi ем). Антигипертензиялық дәрмектерді
таңдауда ұйымдастыратын шараларыңыз (АМАД – АҚ амбулаториялық 
мониторингі, ДМАД – АҚ үйдегі мониторингі). 
№2. Жауаптары: 
1. АГ 40 жастан кейін дамыған, антигипертензиялық дәрмектерді тағайындау 
тактикасы дұрыс болмаған; кризді негізінен эмоциялық күштемелер 
арандатады – сондықтан Артериялық гипертензия нозобірлігінен 
күдіктенеміз, дегенмен артық салмағын, дислипидемиялық факторларды 
ескере отырып, бүйрек артерияларының атеросклерозымен байланысты 
рефрактерлілік даму мүмкіндігін ескереміз, ол үшін бүйрек тамырларының 
допплер УДЗ тағайындаймыз; әрине хаттамаға сай тексеру жоспарын да 
құрамыз (хаттаманы зерттеңіз). 
2. Нег. ауруы: Артериялық гипертензия III дәрежелi, қауiп-қатер тобы 4 – өте 
жоғары (артық салмақ, гиперхолестеринемия, сол қарынша гипертрофиясы, 
БСА/гипертензиялық нефропатия, ТИА). 
Асқ.: Гипертензиялық криз, II типтi, асқынған. Транзиттік ишемиялық 
шабуыл (атака).
3. Науқаста асқынған криз болғандықтан шұғыл стационарлық емге көрсетпе 
бар, стационарда АГД таңдалады, ол негізінен сартандардан, ұзақ әсерлі 
кальций антагонистерінен (амлодипин, нормодипин, лацидипин т.б. 
зерттеңіз) топтастырылады. Стационардан шыққаннан АҚ тұрақты тәулік 
бойына бақылауды ұйымдастыру керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   104




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет