«Жалпы дәрігерлік практика №1» кафедрасы



Pdf көрінісі
бет3/104
Дата01.03.2024
өлшемі2.37 Mb.
#493589
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   104
httpsp.ayu.edu.kzdocuments381fff9a-d6f3-4442-ba5a-dde093b84338 Кардиол20клинжағ-сит-20212021.04.21.pdf

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



МАЗМҰНЫ 
 
1. Кіріспе/введение. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 7
2. Тақырыптың өзектілігі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 8 
Клиникалық жағдайлар/ Клинические ситуации . . . . . . . . . . . . 9
3. Артериялық гипертензия/Артериальная гипертензия . . . . . . . . . . . 9
4. Кеуденің ауырсынуы/Боли в груди . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 49 
5. Аритмиялар/Аритмии . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 94 
6. Қолданылған терминдер мен сөзжасамдар түсінігі . . . . . . . . . . . . . . . 126 
7. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі/Использованная литература . . . . . . . 128 



КІРІСПЕ 
 
Жанұялық медицина (жалпы тәжірибелік дәрігер/ЖТД) интерндері – 
болашақта МСАК ұйымдарының мамандары – қабылданған білім беру 
стандартына сай қажетті көлемдегі білімді, медициналық-санитарлық 
алғашқы көмек ұйымдарында атқаратын іс-шараларды игеретін маман. 
Жанұялық медицина дәрігерін дайындау үрдісі маманның білімі мен 
дағдысын қажетті бағытта дамытуды міндеттейді. Қажетті ақпараттар 
топтамасын игеруде тек оқулықтар, жетекші құралдар ақпараттарының 
жеткіліксіздігін өмір көрсетіп отыр, себебі оларда ақпараттық топтамалар 
теория түрінде беріледі. Жеке науқастарға бағытталған дағдыларға 
машықтануды қалыптастыратын ақпараттар жеткіліксіз.
Ал оқытудың нәтижелері (РО – результаты обучения) қазіргі таңда 
мамандардың теория игеруінде емес, тәжірибелерге машықтануында. 
Оқу құралында кардиологияның негізгі мәселелерін клиникалық
классикалық ойлау жолымен шешуге құрылған клиникалық жағдайлар 
тұжырымдар жасауды, анализ жасай отырып, науқастарға қатысты шешімдер 
қабылдауды үйретуге арналған. Олар екі тілде синхронды құрылған. 
Жоғарғы оқу орнынан кейін білімін жетілдіру институттары мен
факультеттерінде силлабус құрылатыны белгілі, онда тақырыптардың 
жоспарын ашып беру мүмкін емес, тапсырмалар нозологиялық бірліктерге 
жасалады. Сондықтан негізгі синдромдардың диагноздық алгоритміне 
үйрететін клиникалық жағдайлардың дәрігерлік ізденіс ойлау әдетін 
қалыптастыруда маңызы зор.
Аталмыш оқу құралында бағдарламадағы тақырыптарға қатысы бар 
нозологияларды танып білудің реттілік тәсілдері қолданылған: жетекші 
симптомдарды синдромдарға біріктіре білу; соның арқасында диагноздың 
негізі және дәлелі – синдромдарды негіздеуді, олардың ерекшеліктерін екшеу 
арқылы дұрыс диагнозды болжап, қажетті зерттеулерді ұйымдастырып, 
нәтижелерін тұжырымдаумен диагнозды дәлелдеуді үйретеді.
Диагноздық алгоритм мен ем алгоритмін нәтижелі қолдану барысында 
қажетті деңгейлердегі /ІІІ,ІV/ шараларды игеруге баулитын клиникалық 
жағдайлар жинағы интерндерді дайындау барысында күнделікті қолдануға 
да, аралық бақылауларда сынауға да ыңғайлы.
Сонымен қатар, жағдайларды шешуде қолданылған талдау, бағалау 
сияқты тәсілдер дәрігерлік ойлау қабілетін, яғни клиникалық классикалық 
ойлауды дамытады. Оқу құралын тәжірибедегі дәрігерлердің де қолдануына 
да ұсынуға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   104




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет