Өкпенің диффузиялық қабілеті ұяшықтардан өкпенің қылтамырларына ұяшық-қылтамыр мембранасының екі жағындағы газдардың үлестік қысымына байланысты газдарды тасымалдау және кері тасымалдау жылдамдығын көрсетеді.
Өкпеде газдардың диффузиясы мына жағдайларда бұзылады:
-
Өкпе қабынуы, ісінуі кездерінде ұяшық-қылтамырлық тосқауыл қалыңдауынан,
-
Қызмет атқаратын өкпе ұяшықтары мен қылтамырлардың азайып кетуінен немесе тыныс алу беттерінің кішіреюінен (мәселен ателектаз, өкпенің бөлігін отау, өкпе тінінің бүліністері кезінде),
-
Өкпе қылтамырларында қан көлемі мен гемоглобин аздығынан,
-
Өкпе ұяшықтарындағы ауа мен қанның түйісу уақыты қысқаруынан (өкпе эмфиземасы)
Өкпенің диффузиялық қабілетінің бұзылыстарын ұяшық-қылтамырлар аралық бөгет дейді.
Газдардың диффузиясы бұзылыстарынан ауыр артериялық гипоксемия дамиды. Бірақ гиперкапния онша байқалмайды. Өйткені көмір қышқылы газының диффузиялық қабілеті, оттегіге қарағанда, 20,3 есе жоғары болады.
Өкпе перфузиясының бұзылыстары.Өкпеде қанайналымның (перфузияның) бұзылыстары мына жағдайларда дамуы мүмкін: -
оң қарыншаның жиырылу қызметінің азаюы;
-
жүрек сол бөлігінің жеткіліксіздігі және өкпедегі қанның іркілісі;
-
туа біткен немесе жүре пайда болған жүрек кемістіктерінде (атриовентрикулалық қақпақшалардың тарылуы, өкпе артериясының тарылуы);
-
қан тамырлары қызметі жеткіліксіздігінен (сілейме,коллапс);
-
өкпе артерияларында қан қатпарларының (тромбылар) құрылуы немесе эмболдар тұрып қалуы.
Шығу тегі бойынша мына түрлерін ажыратады
-
Біріншілік, идиопатиялық өкпелік гипертензия
-
Екіншілік
-
гиперкинетикалық (өкпе ішілік шунттар, қос жармалы қақпақшаның тарылуы)
-
облитерациялық (өкпенің обструктивті және рестриктивті аурулары, өкпелік артериит)
-
обструкциялық (өкпе эмболиясы, өкпе артериясының тромбозы)
-
вазоконстрикциялық (альвеолалық гипоксия, гиперкапния, қанның ацидозы, қан тамырының эндотелий-тәуелді реттелу межеқуатының бұзылысы және эндотелин сөлденісінің , нитроксидтің (NO)
Көріністері: жүректің сол қарыншалық немесе оң қарыншалық жеткіліксіздігінің көріністері (көктамырларды қанның іркілуі, ісінулер, іш шемені ж.б.), ӨТС төмендеуі, гипоксемия және гиперкапния, ацидоз (тыныстық, созылмалы дамығанда — аралас).
Кіші қан айналым шеңберінің гипотензиясы Өкпелік гипотензиясы кіші қанайналым шеңбері қан тамырларында қан қысымының тұрақты түрде төмендеуімен сипатталады. Ең жиі кездесетін себептері:
• Жүрек ақаулары кезінде қанның «оңнан солға» шунтталуынан. Осы кезде веналық қан артериялық жүйеге “лақтырылады” (мысалы, Фалло тетрадасында, өкпе артериясы қақпақшаларының жеткіліксіздігі кезінде).
• Әртүрлі себептерден дамыған гиповолемия (мысалы, ұзақ іш өту кезінде, сілеймелік жағдайларда, созылмалы қан жоғалту нәтижесінде).
•Жүйелік артериялық гипотензия (мысалы, коллапс немесе кома кездерінде).
Көрнекті материал:
1. Мультимедиялық дәрістердің электронды түрі (студент кафедрадан алады)
2. Курс лекций: Патофизиология в схемах и таблицах: – Алматы: Кітап, 2004. – ҚазҰМУ кітапханасында және кафедрада электронды түрі
Әдебиеттер:
Негізгі:
-
Ә.Нұрмұхамбетулы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007.
-
Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008. С. 382-386
-
Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 447-471.
-
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2009
-
Патофизиология. Основные понятия: Учебное пособие под/ред А.В. Ефремова М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008, С. 127-135
Қосымша:
-
Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 169-178.
-
Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 427-457
-
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга - М.: Томск., 2006.-С.503-513
-
Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 2. – С. 215-238.
-
В.Ю. Шанин. Патофизиология критических состояний.- СПб: ЭЛБИ-СПб, 2003.- С.77-135.
Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
1.Тыныс жеткіліксіздігінің патогенезіне қарай түрлері
2. Сыртқы тыныстың созылмалы жеткіліксіздігінің сатылары
3.Өкпе гиповентиляциясының рестриктивті түрінің себептері
4. Ұлпалық-қылтамырлық тосқауыл туралы түсінік
№ 5 тақырып. БҮЙРЕК ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ
Мақсаты: БСЖ, бүйрек қызметтерінің бұзылыстарының этиологиясы мен патогенезінің сұрақтарын меңгеру
Дәріс жоспары:
-
Бүйрек шумағы мен өзекшелері қызметтері бұзылыстарының этиологиясы, патогенезі
-
Бүйрек шумағы мен өзекшелері қызметтеруі бұзылыстары көріністерінің патогенезі (диурездің, зәрдің сапалық құрамының, зәрдің салыстырмалы тығыздығының өзгерістері)
-
Бүйректің соқызмалы жеткіліксіздігінің (БСЖ) этиологиясы, патогенезі, сатылары, сипаттамасы
-
Уремия туралы түсінік, уремиялық синдромның клиникалық көріністерінің патогенезі
Дәріс тезистері
Шумақтар қызметінің бұзылыстары:
-
Шумақтық сүзілудің азаюы мыналардың нәтижесінде дамиды:
а) Дәрменді сүзілулік қысымының төмендеуі (Дәрменді сүзілулік қысымының әсерінен шумақта сүзілу үрдісі басталады ДСҚ= ГҚ – (ОҚ + ҚҚ) ГД - гидростатикалық қысым, ОҚ - онкотикалық қысым, ҚҚ - Боумен-Шумлянский қапшығындағы қысым)
-
гипотензия (АҚ 80 мм с.б. төмен, сілейме, коллапс)
-
бүйрек ишемиясы
-
қанның онкотикалық қысымының жоғарылауы
-
алғашқы несеп қысымының жоғарылауы (зәрдің ағып кетуінің қиындауы)
б) қызмет атқаратын шумақтар санының азаюы
в) сүзілулік мембрананың өткізгіштігінің төмендеуі
Шумақтық сүзілу жылдамдығын клиренс арқылы есептейді, яғни бүйректе белгілі уақытта тазартылған заттың плазмадағы мөлшеріне қатынасы.Бұл зат алғашқы зәрден кері сіңірілмеуі және эпителий жасушаларымен өндірілмеуі тиіс, тек бүйректік сүзгіден қтуі керек. Осы мақсатта практикада эндогенді креатининді анықтау қолданылады.
Клиренс – белгілі бір уақыт ішінде белгілі бір заттан бүйрек арқылы тазаланатын плазма көлемі C = (U/P) x V
-
С – клиренс
-
U - заттың зәрдегі мөлшері
-
P – заттың қандағы деңгейі
-
V – минуттық диурез
-
Дені сау адамның эндогенді креатинин клиренсі бойынша шумақтық сүзілу жылдамдығы 80 – 120 мл/мин
2. Шумақтық сүзілудің көбеюі мыналардың нәтижесінде дамиды:
а) Дәрменді сүзілулік қысымның жоғарылауы:
-
Шумақтан шығатын артериолалардың күш-қуаты жоғарылауы (катехоламиндер, ангиотензин, вазопрессин әсерінен)
-
Шумаққа келетін артериолалардың күш-қуаты төмендейді (кининдер, простагландиндер А, Е әсерінен)
-
Қанның гипоонкиясы
б) шумақтардың сүзгі беттерінің өткізгіштігі күшейгенде
Өзекшелер қызметтері бұзылыстары - ТУБУЛОПАТИЯЛАР
ТУБУЛОПАТИЯЛАР
Тұқымқуатын
|
жүре пайда болған
|
кері сіңірілу мен секрецияға қажетті ферменттер белсенділігінің төмендеуі:
- тұқымқуатын фосфаттық бүйректік диабет:
фосфаттардың кері сіңірілуі бұзылған ® фосфатурия және гипофосфатемия; кальциурия, мешел және остеомаляция - Фанкони синдромы:
глюкозаның, фосфаттардың, гидрокарбонатардың, амин қышқылдарының кері сіңірілуі бұзылуы, өзектік ацидоз (гидрокарбонаттарды жоғалтудан)
| -
Кері сіңірілу үрдістердің зорығуы (бүйрек межесінен артық болу)
-
Уытты заттар әсерінең ферменттердің тежелуі (нефроуытты улар – сынап, қорғасын)
-
Қабыну, дистрофия кезінде бүйрек өзекшелері эпителийінің құрылымдық өзгерістері
|
Өзекшелердің проксималдық бөлігінің зақымдануы
|
Өзекшелердің дисталдық бөлігінің зақымдануы
| -
Глюкозаның, амин қышқылдарының, мочевинаның, сүт қышқылының, бикарбонаттардың, фосфордың, хлордың, калийдің кері сіңірілуі бұзылады
| -
Натрийдің, калийдың, магнийдің, кальцийдің, судың кері сіңірілуі бұзылады
| Несеп құрамының сандық және сапалы өзгерістері
Несептің тәуліктік мөлшерінің өзгерістері
-
Полиурия
-
Олигурия
-
Анурия
ПОЛИУРИЯ – несептің тәуліктік мөлшерінің 2 л-ден көп болуы
Дамуының бойынша түрлері
Пререналдық
|
Реналдық
|
а) физиологиялық (сүйықты көп мөлшерде қабылдаудан)
б) дерттік
-
Ісіну қайтқанда
-
Эссенциялық гипертензия аурудың бастапқы сатысында (шумақтардан шығатын артериолалардың спазмы)
-
гиперволемияда
-
Ішкі сөлденіс бездерінің ауруларында (қантты диабет, қантсыз диабет)
|
Бүйрек дерттері (сүзілулік мембрананың өткізгіштігінің жоғарылауы, ағымға қарсы көбейтетін өзекшелік жүйесінің қызметі бұзылуы)
| Полиурияның патогенезі: -
Шумақтық сүзілуінің көбеюі
-
Өзектік кері сіңірілудің азаюы
ОЛИГУРИЯ – несептің тәулік мөлшерінің 500 мл аз болуы
АНУРИЯ - несеп түзілуінің және несеп шығарылуының тоқтауы (диурез 50 мл аз)
Дамуының түрлері бойынша:
Пререналдық
|
Реналдық
|
Постреналдық
| -
Артериялық қысымның 80 мм с.б. төмен болуы
-
Гиповолемия
-
Қанның онкотикалық қысымының жоғарылауы (қанды алмастырушы нәруыздық заттарды көп мөлшерде құйғанда)
| -
Бүйректің өзінің немесе қан тамырларының бүлігісі
| -
Несеп жүретін жолдармен несеп шығуының бұзылуы
Несеп шығуына кедергі болуы (шумақтар қапшығында қысымның жоғарылауы)
сүзілудің азаюы
|
Олигурияның патогенезі:
-
Шумақтарда сүзілудің азаюы
-
Шумақтарда натрий және судың кері сіңірілуінің күшеюі
-
Несеп шығарылуына механикалық кедергінің болуы
ПОЛЛАКИУРИЯ – несептің жиі шығарылуы.
Патогенезі: несеп шығаратын жолдардың тітіркенуі (циститер, қуықасты бездің қабынуы, аденомасы кездерінде)
НИКТУРИЯ - несептің түнде көп шығарылуы (бүйрек және қанайналым жүйесінің аурулары)
НЕСЕП ҚҰРАМЫНЫҢ САПАЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕРІ:
ПРОТЕИНУРИЯ - несепте нәруыздың болуы
шумақтық
шумақ қылтамырлары өткізгіштігінің жоғарылауы
ірі молекулары плазмалық нәруыздардың көп мөлшерде шығуы (4 - 5 г 50 г дейін тәулік бойы)
|
Өзекшелік протеинурия
Бүйрек өзекшелерінің зақымдануы
¯
Ұсақ молекулалы нәруыздардың кері сіңірілуінің бұзылуы
|
Цилиндрурия – несепте цилиндрлердің пайда болуы. Цилиндрлер – бүйрек өзекшелерінің көшірме бедері.
ГЕМАТУРИЯ –несепте эритроциттердің пайда болуы
бүйректік
Бүйректік шумақтары капиллярларының өткізгіштігі жоғарылауы
Несепте өзгерген (гемолизге үшыраған) эритроциттердің болуы
|
Бүйректен тыс
Несеп жолдарының бүліністері
Несепте бүлінбеген тұтас эритроциттердің болуы
|
ПИУРИЯ – несеппен лейкоциттердің (ірің) көп мөлшерде шығуы
Несептің салыстырмалы тығыздығының өзгерістері
Несептің салыстырмалы тығыздығы бүйректің қоюландыру қабілетін сипаттайды. Ол еріген заттардың (мочевина, несеп қышқылының тұздардың, креатининің) мөлшеріне тәуелді. Қалыпты жағдайда несептің салыстырмалы тығыздығы –1002 – 1035 кг/м3 толқиды (әдеттегі тағамдану кезінде 1018 – 1025 (кг/м3))
Несептің салыстырмалы тығыздығының өзгеруі өзекшелер қызметінің бұзылуын көрсетеді
Гипостенурия – несептің салыстырмалы тығыздығының төмендеуі. (Зимницкий сынауы бойынша, барлық сынақтарда 1010 аспайды)
Изостенурия - несептің салыстырмалы тығыздығы үнемі тұрақты, алғашқы несептің тығыздығындай (1010 –1012) ол бүйректің қоюландыру қабілетінің жоғалуын көрсетеді
Гиперстенурия – несептің салыстырмалы тығыздығының жоғарылауы (қантты диабет кезінде)
Бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігі (БҚСЖ) –бүйректер қызметтерінің үдемелі төмендеуі
Себептері:
Зәр шығару жолдары мен бүйректердің созылмалы аурулары:
гломерулонефриттер, пиелонефриттер, бүйректердің поликистозы, амилоидозы, несеп тас ауруы, диабеттік нефропатия, атеросклероз, гипертониялық ауруда бүйректердің зақымдануы,
ПАТОГЕНЕЗІ:
Нефрондардың тіршілігін үдемелі жоғалтуы, олардың орнына дәнекер тін өсуі (нефросклероз) ® нефрон шумақтары мен өзекшелерінің атқаратын қызметтері қатты төмендеуі ® несеп құрылуы және оның шығарылуы азаюы ®гиперазотемия ® уремия ® уремиялық кома
БҮЙРЕК ҚЫЗМЕТІНІҢ СОЗЫЛМАЛЫ ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІНІҢ САТЫЛАРЫ
Бүйрек қызметінің бұзылу дәрежесі бойынша:
Жасырын
|
Шумақтарда несеп сүзілуі 50% - ға дейін азайған, қанда қалдық азоттың деңгейі қалыпты мөлшерде
|
Гиперазотемиялық
|
Креатинин мен мочевинаның денгейі жоғарылайды
Шумақтарда 20%-ға дейін азайған
|
Уремиялық
|
Шумақтарда несеп сүзілуі 10- 5%-ға дейін төмендеген, қатты гиперазотемия, уремия
|
Диурез бойынша:
Жасырын
|
диурез қалыпты, Зимницкий сынағы өзгеріссіз, жүктеме жасағанда бүйректердің қоюландыру қызметінің төмендеуі анықталады (құрғақтай тамақтану)
|
Полиурия
|
Әдеттегі тәртіпте бүйректердің қоюландыру қызметінің төменедеуі, гипостенурия
|
Олигурия
|
диурез 500мл аз, изостенурия, уремия
|
УРЕМИЯ
( грекше uron – зәр, haima - кровь) – зәрліқан.
Бүйректер қызметтерінің жеткіліксіздігінен дамитын синдром
Патогенезі:
-
Организмнің өзінің зат алмасу өнімдермен (аммиак, зәрқышқылы, креатинин, зәрнәсіл мочевина, фенол, индол,скатол т.б.) уыттануы
-
Су мен электролиттер алмасуы бұзылуы
гипоосмостық гипергидратация - сумен улану,
гиперкалиемия, гипермагниемия, гипокальциемия, гипонатриемия, гиперфосфатемия, гиперсульфатемия
-
Метаболиздік ацидоз (бикарбонаттар реабсорбциясының бұзылуы, сүтегі иондардың алмасуының бұзылуы
-
Гормондар мен, витаминдер алмасуларының бұзылуы (вит.Д)
-
Эритропоэтин, простагландиндер, кининдер т.с.с. заттардың өндірілуінің бұзылуы.
Уремия кезінде организмдегі бұзылыстар
1. Нейропсихикалық әйгіленімдер
-
Шаршау, бас ауруы, рефлекстердің тежелуі, дәм сезу және естудің бұзылуы, діріл, ұйқы қашу, тұнжырау, ми ісінуі, кома
Патогенезінде маңыздысы:
-
уыттану;
-
қышқылдық-сілтілік үйлесім бұзылыстары;
-
гипергидратация;
-
электролит алмасуының бұзылыстары;
-
гипоксия.
2. Жүрек тамыр жүйесі қызметінің бұзылуы
Миокард дистрофиясы, жүрек ырғақсыздығы (электролит алмасуының бұзылуы, гипоксия, уыттану), перикардит (улы заттардың сірлі қабаттар арқылы бөлінуі), гипертензия (ренин-ангиотензин-әлдостерон жүйесінің әсерленуі, депрессорлық заттар түзілуінің төмендеуі).
3. Тыныс алу ағзалары қызметінің бұзылуы - өкпе ісінуі, пневмония, плеврит
4. Қандағы өзгерістер
анемия (эритропоэтиннің тапшылығы, эритроциттердің гемолизі)
Қан ұюының бұзылуы (геморрагиялық синдром, ТШҚҰ-синдромы)
5. Ішек - қарын жолдары қызметінің бұзылуы
жүрек айну, құсу, анорексия, гастроэнтероколит
Патогенезінде маңыздысы:
-
уыттану;
-
Гипоксия;
-
АІЖ арқылы азотты қалдықтардың бөлінуі.
6. Терідегі өзгерістер
-
Қышыну (жүйке талшықтарының азоттық қалдықтармен тітіркендірілуі);
-
«уремиялық қырау» - зәр қышқылымен мочевинаның тер бездері арқылы шығарылуы
-
гиперпигментация
7. Сүйек – бұлшық ет жүйесінің бұзылуы:
-
Д витаминінің белсенді түрі түзілуінің бұзылуы ® гипокальциемия ® кейінгі гиперпаратиреоз ® остеомаляция (сүйектің жұмсаруы), кальциноз (бүйректік рахит)
Көрнекті материал:
1. мультимедиялық дәрістің электронды нұсқасы (студент кафедрадан алады)
2. Курс лекций: Патофизиология в схемах и таблицах: – Алматы: Кітап, 2004. – ҚазҰМУ кітапханасында және электрондық нұсқасы кафедрада
Әдебиеттер:
Негізгі
-
Ә.Нұрмұхамбетулы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007.
-
Патофизиология учебник + СД. Литвицкий П.Ф. – 4-е изд. – М., ГЭОТАР-МЕД., 2008. 427-432 с.
-
Патофизиология//Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д., Уразовой О.И.– М., ГЭОТАР-МЕД., 2009 .
-
Патологическая физиология//Под ред. Зайко Н.Н., Быця Ю.В. - Москва: МЕДпресс-информ, 2004 – С. 516-538
-
Патофизиология. Основные понятия.: учебное пособие. Ефремов А.В.– М., 2008.– С. 172-
192
Қосымша
6. Нурмухамбетов А.Н. Патофизиология в схемах и таблицах – Кітап, 2004 – С. 221-229.
7. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 598-623.
8. Джеймс А. Шейман. Патофизиология почки.-2 изд.-М.-СПб.: «Изд-во БИНОМ» - «Невский диалект», 2002.-206 с.
Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
-
Тубулопатиялар, түрлері
-
Полиурияның патогенезі
-
несеп құрамының сапалық өзгерістері
-
БҚСЖ сатылары (бүйрек қызметінің бұзылу дәрежесіне және диурез бойынша)
-
уремияның патогенезі
беттің беті
Достарыңызбен бөлісу: |