Жұмыстың орындалуы
тәжірибе. Мыстың қатысумен мырыштың коррозияға ұшырауы.
Екі пробиркаға 2 мл 1 М. күкірт қышқылын құйып, оған мырыш бөлшегін тастаңыз. Сутегі бөлініп шықты ма? Пробирканың біріне мыстан істелінген сымды батырыңыз / мырышқа тигізбей/.
Сутегі бөлініп шыққанға назар аударыңыз: Енді сымды мырышқа тигенше батырыңыз. Не өзгерді? Байқалған құбылысты түсіндіріңіз. Сутегі қай металдан бөлінді? Қандай метал жойылып анод ролін, қайсы катод ролін атқарды? Анодтық және катодтық процестердің электрондық тендеулерін жазыңыз.
2 тәжірибе. Мырышпен және қалайымен қапталған тазартылған темірдің коррозиясы.
Пробирканың орта шетіне дейін дистиллинген су құйып оған 3-4 тамшы 2 н күкірт қышқылын және 3-4 тамшы қан қызыл тұзын қосыңыз. Алынған ерітіндіні екі пробиркаға бөліңіз. Бірінші пробиркаға мырышталған темірді, екіншіге - қалайымен қапталған темірді салыңыз және 5-10 минутка қалтырыңыз. Ерітіндінің түсі өзгеруін байқаңыз. Қай жағдайда темір коррозияға ұшырайды?.
тәжірибе. Оттегінің әртүрлі келуіне байланысты болатын коррозия.
Металл пластинкасын тас қағазымен тазартып сумен жуыңыз және фильтр қағазымен сүртіңіз. Таза бетіне бірнеше тамшы NaCl /3 %/ ерітіндісін / фенолфталеин және қан қызыл тұзы араластырылған/ тамызыңыз. Пластинканы 10 минутқа қойыныз /басқа тәжірибеге кірісе беріңіз/. 10 мин. соң пластинканың ортасында және шет жағындағы түсінің өзгеруіне назар аударыңыз. Бұл құбылысты қалай түсіндіруге болады? Анодтық және катодтық процестердің электрондық тендеулерін жазыңыз.
тәжірибе. Әртүрлі электролитерде темірдің коррозияға ұшырауы.
Бес пробирканы алып, оған келесі ерітінділерді құйыңыз: I –шіге- натрий хлориді (рН=7), 2-шіге- натрий хлориді және 1-2 тамшы натрий гидроксидін (рН=13), 3-шіге -дистиллинген су және 1-2 тамшы күкірт қышқылын, 4-шіге- дистиллинген су, 5-шіге- кран суын. Барлық пробиркаларға 2 тамшыдан К3/Fe/CN/6 ерітіндісін құйыңыз. Алынған ерітінділерді шайқап аралыстырып, барлық 5 пробиркаға да 1 шегеден тастаңыз (алдын-ала тас қағазбен тазаланған). 2-5 мин. соң қай пробиркадағы шегенің төңірегіндегі ерітінді көгерді, түсіндіріңіз. Қандай иондар ингибиторлар және қайсы активаторлар болып табылады / темір коррозиясы үшін/.
тәжірибе. Протекторлық қорғаныс.
Қорғасын –мырыш үлгісіндегі протекторлық қорғаныстың схемалық принципін түсіндіріңіз.
Пробиркаға 5 мл шамасында 0,4 н сірке қышқылының ерітіндісін құйып, оған 5 тамшы йод ерітіндісін қосыңыз. Алынған сұйықты 2 пробиркаға бөліңіз және әрқайсысына металл бөлшектерін салыңыз: біріншісіне – мырыш пен темір / бір-бірімен байланыскан/ екіншісіне қорғасын. Екі пробирканың қайсысының /бетінде/ металл бөлшегінің бетінде PbI2 ерітіндісін сарғыш бояуы байқалады.
Анодтық және катодтық процестердің тендеуін, қорғасын – мырыш коррозиялық гальвани элементінің схемасын жазыңыз.
6 тәжірибе. Коррозия процесінің ингибиторлары
Үш пробиркаға 5 мл тұз қышқылын құйыңыз. Үшеуінің біріне -ұсақталған уротропин таблеткасын қосып қатты араластырыңыз, тағы біріне 1-2 мл формалинді қосыңыз. Пробиркалардың әрқайсына темір сымынан екі бөлшегін салыңыз. Не байқалады? Темірдің тұз қышқылымен жүретін реакциясының тендеуін жазыңыз. Реакциядан кейінгі тұз қышқылы өзінің, агрессивтігің жоғалтып алды, бірақ тұздармен, қышқылдармен, гидраттармен реакцияласы алатындағын жоғалтқан жоқ. Соңғы ерітіндіні құйып алып оған мәрмір /СаСО3 / бөлшегін таста. Не байқалды? Реакция тендеулерін жазыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |