«Жалпы химия» пәні бойынша зертханалық ЖҰмыстарғА Әдістемелік нұСҚаулар



бет28/33
Дата27.11.2023
өлшемі497.86 Kb.
#484560
түріНұсқаулар
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
МУ ЗЖ 2023-2024

Жұмыстың орындалуы
1. тәжірибе. Қалайы хлориді ерітіндісінің электролизі.
SnCl2 0,5м. ерітіндісін электролизерге құйыңыз, электродтарды батырып, бірнеше минут электр тогін өткізіңіз. Байқаңыз, катодтың бетінде қалайы пайда болды.
Анодты кеңістікте бос хлордың пайда болуын дәлелдеңіз. Ол үшін ток өткізіп, 2-3 минуттан кейін электролизерден анодты шығарыңыз және крахмал мен калий иодиді ерітіндісін аз мөлшерде тез құйыңыз. Зерттеліп отырғанға түсініктеме беріңіз. Электродта өтіп жатқан электролиз схемасын және реакция теңдеулерін құрастырыңыз. Тәжерибені аяқтап, катод электродын 3-5 минутқа Na2S2O3 10% ерітіндісіне батырыңыз және сумен жуыңыз, содан соң KHSO3 батырыңыз және сумен жуыңыз.
2 тәжірибе. Kалий иодиді сулы ерітіндісінің электролизі
KI ерітіндісін электролизерге құйыңыз, графитті электродты түсіріп, ток көзіне жалғастырыңыз. Электролиз кезінде бірнеші минуттан кейін катод үстіне қай зат ыршып шығады? Анод үстінде газ пайда бола ма? Графитті электродтар мен катодты және анодты процестердің теңдеулерін жазыңыз.
3 тәжірибе. Натрий сульфатының сулы ерітіндісінің электролизі
Натрий сульфатының Na2SO4 сулы ертіндісімен электролизерді толтырыңыз. Нейтралды лакмус (немесе метилоранж) ертіндісін аз мөлшерде қосып, араластырыңыз. Графитті электродтарды түсіріп, ток көзіне жалғастырыңыз. Екі электродта газдың пайда болуын және катодты және анодты кеңістіктердегі түстердің ауысқанын байқаңыз. Катодты кеңістіктегі лакмусты қай иондар көк түске бояды? Катодта қандай газ пайда болды? Анодты кеңістіктегі лакмусты қай иондар қызыл түске бояды? Анодта қандай газ пайда болды?
Na2SO4 сулы ертіндісінің электролиз схемасын құрып, электродты процестермен екінші рет қайталанған реакцияларды көрсетіңіз.
4 тәжірибе. Ерімейтін аноды бар CuSO4 ерітіндісінің электролизі.
CuSO4 ертіндісін электролизерға құйып, графитті электродтарды түсіріңіз. Ток көзіне қосып, бірнеше минуттан кейін электродтарда газдың ыршып шығуын байқаңыз: катодта – сутегі, анодта – өттегі. Анод өзгерістерге тап болды ма? Электродтарда өтіп жатқан процестердің теңдеулерін жазыңыз.
5 тәжірибе. Еритін анодпен NiSO4 ертіндісінің электролизі
NiSO4-тың 1м. ертіндісіне электролизердің 2/3 бөлігіндей көлемде құйыңыз. Анод ретінде мыс пластинкасын қолданып, катод ретінде графитті стерженьді алыңыз. Электролиз уақытында катодта өтіп жатқан процесті байқап отырыңыз, көңіліңізді мынаған аударыңыз: тәжірибенің басында катодта сутегі көбігінің ыршып шығатына, содан соң ерітіндіні көгілдір түске бояған сайын сутегінің ыршып шығу жылдамдығының азайып және осымен қатар бір мезгілде катодты мыспен қапталуына.
Осы зерттеліп отырғанға анықтама беріп, катод пен анодта өтіп жатқан реакциялардың теңдеулерін жазыңыз. Электродтарды орындарымен ауыстырып, тәжірибені қайталаңыз. Айырмашылығы неде?
Тәжірибе біткен соң 3-4 минутқа 10% Na2S2O3 ертіндісіне көмір электродын батырып, содан кейін сумен жуыңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет