Жалпы имунология кафедрасы Дәріс тақырыбы «Вакциналар және вакцинды профилактика»



бет3/11
Дата08.04.2023
өлшемі6.77 Mb.
#471936
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Вакцины КАЗ

тасымалдаушылары
- ДНК-вакцина
- дендритті вакцина және т.б.
1749-1823
Эдвард Дженнер
Луи Пастер
1822-1895

Шешек (Натуральная оспа)


Эдвард Дженнер (1749-1823)
Қауіпті емес сиыр шешегінің вирусын адам ағзасына енгізу арқылы шешекке қарсы алғашқы вакцинаны ойлап тапқан ағылшын дәрігері

Иммунология бойынша алғашқы кітап (?) Эдварда Дженнердің 25 жылдық бақылау тәжірибесі (1798 ж.)

Қауіпті эксперимент

«Сиыр шешегін» жұқтырған шаруа әйел Сарра Нелсистің қолында бірнеше көпіршіктер (іріңді бөртпелер) пайда болды.

Дженнер көпіршіктер ішіндегісін сегіз жасар бала Джеймс Фиппсаның қолындағы сызатқа жағады . Балада бірнеше күн өткеннен кейін аздап әлсіздік пайда болды. Бірақ бұл балада шешекке қарсы қабылдамаушылық туындады ма? Тағы да тәжірибе қажет болды, бұл жолы оның өмірін қауіпке тігетін тәжірибе жасау қажет болды.

Бір жарым айдан кейін Джеймс Фиппске адам шешегі егілді, бірақ ауру туындамады. Бірнеше айдан кейін екінші рет шешектің екпесі жасалды (!), бес жылдан кейін — үшінші, ұқсас нәтижелермен


Егер Дженнер – жаңа ашылудың авторы болса, ал 8 жасар Джеймс – бірлескен авторы, дегенмен ол неге көмектесіп, нені тәуекелге қойғанын білмеді

Түсінуге дайын адамдарға ғана жаңа ашылулар келеді (Луи Пастер)


Луи Пастер 1822-1895
1864 жылы француз шарап жасаушылар шарап ауруларымен күресудің құралдары мен әдістерін жасауға көмектесу үшін Пастерге жүгінді.
Оның зерттеуінің нәтижесі - монография, онда Пастер шарап ауруларына әртүрлі микроорганизмдер себеп болатындығын және әрбір аурудың өзіндік қоздырғышы болатындығын көрсетті. Оларды жою үшін ол шарапты 50-60 градус температурада қыздыруды ұсынды. Пастеризация деп аталатын бұл әдіс зертханаларда және тамақ өнеркәсібінде кеңінен қолданылатын болды.
Біздің бақытты балалық шағымыз үшін Пастерге рахмет!

Құс/тауық тырысқағына қарсы вакцина


1879 жылы Пастер тауықтарды және т.б. үй құстарын зақымдаған эпидемиялық індетке қарсы, тауық тырысқағы бойынша тәжірибесін бастады. Оның себебі - тауық сорпасында дақылдандыруға болатын бактерия. Пастер оның жұқпалы екенін және токсиндердің бөлінетіндігін дәлелдеді. Тауықтың холерасы бойынша басталған тәжірибелер демалыс кезінде тоқтатылды. Бұл аралықта зертханада қалған барлық дақылдар өз күштерін жоғалтты: тауықтарға енгізілгендер, оларды өлтірмеді. Пастерге ескі дақыл енгізілген тауықтарға жаңа және жас дақылдарды қайта егу ойы келді. Нәтижесінде, тек жас дақыл енгізілген тауықтар өліп, қалғандары тірі қалды. Осылайша, әлсіреген - аттенуацияланған қоздырғыштардан тұратын тауық тырысқағына қарсы вакцина табылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет