Жалпы имунология кафедрасы Дәріс тақырыбы «Вакциналар және вакцинды профилактика»



бет4/11
Дата08.04.2023
өлшемі6.77 Mb.
#471936
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Вакцины КАЗ

Жұқпалы ауруларды зерттеу


Пастер жұқпалы деп аталатын аурулар тек зақымдану нәтижесінде, яғни микробтардың организмге сыртқы ортадан енуі нәтижесінде пайда болатындығын көрсетті.
1876 жылдан кейін Пастер Сібір жарасы, босанудан кейін болатын толғақ, тырысқақ, құтыру, тауық тырысқағы және т.б. аурулардың қоздырғыштарын анықтай отырып, өзін толықтай клиникалық микробиология мен иммунологияға арнады
1880 жылы Пастер әлсіздендірілген қоздырғыштарды енгізу арқылы жұқпалы аурулардан сақтануға болатындығын, яғни олардың аттенуациялануын көптеген жұқпалы ауруларға қарсы қолдануға болатынын тапты.
Сібір жарасына (1881) , құтыруға (1885) қарсы қорғаныш ретінде егу әдістерін ұсына отырып, ол егуді «ВАКЦИНАЦИЯ» деп атады (неге?)

Құтыруға қарсы алғашқы егу


1886 жылы 6 шілдеде анасының өтініші бойынша 9 жасар Йозеф Майстер деген балаға жасалды. Балада құтыру көріністері байқалмады, емдеу іс-шарасы табысты аяқталды.
Вакцинациялаудың нәтижелері мен зерттеулерін бүкіл әлем бақылап отырды. Пастерге қорқынышты ауруды жеңуге үміттенген науқастар жан-жақтан ағыла бастады. Суретте: құтырған қасқыр тістеген Смоленскийдің бір топ орыс шаруалары. Парижге келген 19 адамның 16-сы емделді, дегенмен инфекция жұққаннан бастап алғашқы егуге дейін 12 күн өткен.

Химиялық дуэль


Француз бактериологы Луи Пастер өзінің зертханасында шешек бактериясының дақылын зерттеді. Кенеттен оған бейтаныс адам келіп, өзін ақсүйектің секунданты деп таныстырды, оған ғалым тіл тигізгендей көрінді. Ақсүйек қанағаттануды талап етті.
Пастер хабаршыны тыңдап, айтты: "Егер мені дуэльге шақырса, онда мен қаруды таңдауда құқығым бар. Мына тұрған екі ыдыстың біреуінде шешек бактериясы, екіншісінде – таза су. Егер сізді жіберген адам, осы екеуінің біреуін таңдап ішсе, мен басқасын ішемін”.
Дуэль болды ма ?
Вакцина́ция - аурудың қоздырғышына иммунитетті қалыптастыру мақсатында антиген кодталған нуклеин қышқылдары немесе антигендік материалды ағзаға енгізу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет