Қазіргі уақытта ғалымдар табиғи нысандардан гендерді таза нысанда бөліп алады немесе химиялық әдістермен синтездей алады. Гендік инженерия әдістерін қолдана отырып, гендерді адам жасушасына енген кезде өз гендерінің жұмысын қамтамасыз ету үшін өздігінен көбейе алатын векторлы молекулалар - сақиналы ДНҚ-ларға біріктіруге болады.
ДНҚ вакциналары - қауіпті вирустардың немесе басқа қоздырғыштардың ақуыздарын кодтайтын гендерден тұратын векторлы молекулалар.
ДНҚ вакциналары - бактериялы плазмидтер оларға белгілі бір патогеннің бір немесе бірнеше антигенді нәруыздарына арнайылыгы бар гендер енгізілген.
Адамның жасушаларына ДНҚ вакцинасы енгізілгенде, бөтен ақуыз синтезделіп, иммундық жүйе іске қосылады. Алғаш рет ДНҚ вакциналарын АҚШ-та 1993 жылы Мерк пен Викал ғалымдары жасады.
Адамның иммундық тапшылығы вирусына және тұмауға қарсы бағытталған ДНҚ вакциналарына клиникалық зерттеулер жүргізілуде.
ДНҚ-ға қарсы иммундау тірі вакциналарды қолданумен байланысты қауіп төндірмейді, бірақ енгізілген ДНҚ-ның мутациялануына, рецепиент геномында мутация туғызуға немесе ие ДНҚ-на қарсы антиденелер өндіруге әкелуі мүмкін деген қауіп бар.
ДНК -ВАКЦИНАЛАР
Вакцинациядан кейінгі реакциялар мен асқынулар
Вакцинациядан кейінгі жалпы және жергілікті реакцияларды ажыратады. Жалпы реакциялар дене температурасының біршама жоғарылауымен, әлсіздікпен көрінеді. Вакцина енгізілгенде, тері астында ауырсыну сезіледі, инъекция орнында жиі ісіну байқалады (жергілікті реакция). Вакцинациядан кейінгі жалпы және жергілікті реакциялар оңай өтеді және 3 күннен аспайды.
Жалпы ауыр интоксикация, ісіну, вакцина енгізген орында ірің пайда болуы вакцинадан кейінгі асқыну ретінде қарастырылады. Вакцинациядан кейін мүмкін болатын асқынулардың уақыты мен сипатын ескеру қажет:
Дене температурасының жоғарылауы, кей жағдайда бұлшықеттің құрысуы АКДС, АДС және АДС-м вакцинациясынан кейін 48 сағат ішінде, қызылша және эпидемиялық паротитке қарсы вакцинацияда 4-5 күннен кейін көрініс береді; менингит белгілері паротитке қарсы вакцинаны енгізгеннен 3-4 аптадан кейін көрінуі мүмкін; теріге аллергиялық реакциялар кез-келген вакцинаны енгізгеннен кейін 24 сағаттан кешіктірмей пайда болуы мүмкін; Қызылшаға қарсы вакцинаны енгізгеннен кейін тыныс алу жолдарының катаракциясы вакцинациядан кейінгі екінші аптада мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |