«Жалпы медицина» мамандығы бойынша 3 курс студенттеріне арналған «Эпидемиология» пәнінен емтихан сұрақтары 2022ж


Паразитизм, оның түрлері және паразитарлық жүйе (Облигатты, факультативті, кездейсоқ паразиттер)



бет28/74
Дата08.05.2024
өлшемі360.5 Kb.
#500744
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   74
307 ЭПИД СЕССИЯ

22. Паразитизм, оның түрлері және паразитарлық жүйе (Облигатты, факультативті, кездейсоқ паразиттер)
Паразиттің экологиясы – организмдердің (адам, хайуанат, өсімдік, микроорганизм) өмір сүру ортасымен қарым-қатынасы. Паразитизм – түрлі организмдердің бір-бірімен ұарым қатынастық түрі, бір организмнің (паразиттің) екіншісін (иені) тамақ ретінде және орнықты өмір сүру ортасы ретінде пайдалануы. Популяциялық-экологиялық тұрғыдан паразиттерді – облигатты, факультативті, кездейсоқ паразиттер деп жітейді.
Облигатты паразиттер – популяциялық циклдің қай сатысында болса да тек иелермен байланысты болады. Олардың өмір сүру ортасы ретінде әр уақытта өзге иені пайдаланады. Олар иелеріне – тәуелді болып табылады. Олар бір-біріне таралу арқылы – трансмиссивті, жыныстық, трансплацентарлық, тістеу арқылы беріледі. Олар сыртқы ортада өмір сүре алмайды.
Факультативті паразиттер – таралу процесінде организм иесімен қатар сыртқы ортаны да бірдей пайдаланады. Қоздырғыштар таралу кезінде сыртқы ортаны пайдалануы мүмкін. Әртүрлі жағдайда қоздырғыш популяциясы үш мүшеден – гостальді, векторлы және организмсіз болуы мүмкін.
Кездейсоқ паразиттер – бұл топты сапроноздар тобы құрайды. Ол үшін сыртқы орта (топырақ, су өсімдіктер және басқа да органикалық субстраттар) әдеттегі өмір сүру ортасы болып саналады. Олардың экологиялық факторлары – сапрофиттер, паразиттік болуы мүмкін. Трансмиссивті таралуы мүмкін болмаған соң, таралу популяциясы гостальді және организмсіз болып құралуы мүмкін. Оларға тән қасиет – олардың дербес тіршілік етуін және сыртқы ортада жинақталуын атап айту керек. Олапр сапрофитті жағдайда өмір сүреді, паразиттік өмір сүру жағдайы кездейсоқ болып табылады.
Паразитарлық жүйе – паразит популяциясы мен оның биологиялық иесінің (трансмиссивті инфекцияларда оның тасымалдаушымен) өзара қарым-қатынасы арқасында және оларға тиісті жағдай болғанда болғанда бірге к.нелтетін, өзін-өзі реттейтін биоценотикалық жүйе.
Жабық паразитарлық жүйе облигатты паразиттерге тән. Жоғарыда айтылғандай облигатты паразит тек организм иесімен байланысты болғандықтан, ондай паразиттердің сыртқы ортада өмір сүруі мүмкін емес.
Жартылай жабық паразитарлық жүйе – факультативті паразиттерге тән, ол организм иесімен сыртқы ортада өмір сүре алады. Сондықтан кейде ашық, кейде жабық түрі кездеседі.
Ашық паразитарлық жүйе – тек кездейсоқ паразиттерге тән. Олар сапрофиттік фазада болып, сыртқы ортада өмір сүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет