«Жалпы медицина» мамандығы бойынша 3 курс студенттеріне арналған «Эпидемиология» пәнінен емтихан сұрақтары 2022ж


Эпидемиялық процесс туралы ілім, құрылымы және эпидемиялық процестің факторлары. Эпидемиологияның негізгі теориялары



бет25/74
Дата08.05.2024
өлшемі360.5 Kb.
#500744
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   74
307 ЭПИД СЕССИЯ

20. Эпидемиялық процесс туралы ілім, құрылымы және эпидемиялық процестің факторлары. Эпидемиологияның негізгі теориялары.
Эпидемиялық процесс туралы ілімнің негізін қалаған Л. В. Громашевский болып саналады. Ол бірінші болып эпидемиологияның негізгі заңдарын жете зерттеп, құрастырды, инфекцияның берілу механизмінің теориясын жөне эпидемиялық процестің қозғаушы күштерін анықтады. “Эпидемиялық процесс” деген терминді де бірінші рет енгізген Л. В. Громашевский болды, “Эпидемия” деген үгымды тар магьшада “эпидемия” деп, кең мағы- нада “эпидемиялық процесс” деп екіге бөлді. Әртүрлі жүқпалы аурулар эпидемияларының пайда болу себеп- терін талдау кезіңде Л. В. Громашевский (К. Сталлибрасс, 1936 сияқ- ты) үш жағдайға көңіл аударды. Эпидемия пайда болу упіін бірінші ең қажет жағдай, инфекция қоздырғышының көзі болуы қажет. Ин­ фекция көзі болмаса, ешқандай эпидемия да, тіпті, жеке ауру да пайда болуы мүмкін емес.
Бірақ эпидемиялық процестің пайда болуы үшін, егер осы про- цескс сыртқы орга қатыспаса, тек инфекция қоддырғышының көзінің болуы жеткіліксіз.
Осы себептен эпидемиялық процестің пайда болуы үшін міндетгі түрде екінші бір қажетгі жағдай керек болады. Ол сыртқы ортадагы азды-көпті өзіндік факторлар арқылы қоздырғыштың берілу мүмкіншілігінің болуы болып табылады. Бүл процесс эволюциялық дамуы кезіңде қоздырғыштың жұққан организмнен қабылдаушыға жылжу әдісі арқылы іске асады (берілу механизмі).
Эпедемиялық процестің пайда болуы үшін үшінші міндетті шарт осы аурудың қоздырғышын қабыддаушы халықтың болуы қажеттілігі. Осы көрсегілген үш алғы шарттың (инфекция қоздырғышының көзі, берілу механизмі, қабылдаушы халық) қосылған жиынтық жағдайында ғана жұқпалы аурудың, яғни эпидемиялық процестін пай­да болу мүмкіндігі туады. Керісінше, осы көрсетілген үш шарттың тек біреуі ғана болмай қалса, онда жүқпалы ауру, яғни эпидемиялық процесс пайда болмайды. Л. В. Громашевскийдің осы теориялық тұжырымдамасы эпидемиологияда толыққанды заңның негізін қалады. Ол заңның тұжырымы былай: “Эпидемиялық процестің пайда болуы жөне үзілмеуі үшін оның міндетті үш элементінің өзара әрекеті қажет: инфекция қоздырғышының көзі, берілу механизмі осы ауруды қабылдағыш халық. Осы элементгер болмаса немесе олардың өзара әрекетін үзсе, онда эпидемиялык процесс тоқтайды”. Л. В. Громашевский эпидемиялык процестің үш қүрамдас бөлігін оның түрақты (ішкі) тікелей қозғаушы күштері деп атады. Олардың
маңызы толық бірдей емес. Бірінші бөлік инфекция қоздырғышының көзі —жұқпаның сақтаушысы болып есептелінеді, оңда қоздырғыш өсіп-өніп, көбейеді, қоздырғыштың сыртқы ортаға шыгаратын да сол болып саналады. Эпидемиялық процесте ол басты роль атқарады. Екінші бөлік - қоздырғыш факторын тасымалдау (берілу механизмі) —оның қоздырғыштың таралу процесінде белсенді, шешуші маңызы бар. Үшінші бөлік - қабылдағыш халық. Оның ролі елеусіз болады. Бұл бөлік белгілі дәрежеде сұрыптаушылық роль атқарады: организмнің қабылдаушылық қабілеті болса, қоздырғыш жүғады және ауру пайда болады, ал ол жоқ болса, яғни қабылдаушылық қабілеті болмаса (мысалы, иммуңцы организм), ауру пайда болмайды. Л. В. Громашевскийдің бейнелеп айтуынша, қабылдамаушылық фактор, эпидемиялық процестің барысында, тежеуші сияқ- ты роль атқарады: қабылдамаушылық болғанда эпидемиялық процестің барысы тоқтайды, ал қабылдағыш халықтың барлығы өз бстінше эпидемиялық процестің пайда болуын тудырмайды. Инфекция қоздырғышының көзі, берілу механизмі іске қосылганда қабылдамаушылық эпидемиялық процестің барысына тек кедергі келтіру үшін ғана қажет. Осы жерде эпидемиялық процестің әрбір бөлігінің эпидемияға қарсы шараларды қолданған кезде өзінше ерекше маңызы бар екендігін айта кеткен жөн. Мысалы, қызылша, дифтерия, полиоми­елит және басқа ауруларда эпидемиялық процестің үшінші бөлігіне әсер еткеңде (алдын ала иммундау) өте тиімді нәтижеге жетуге болады; кейбір вирусты гепатитгерде (А, Е түрлері), жедел ішек ауруларьшда (дизентерия, іш сүзегі, сальмонеллездер), безгек және т. б. аурулар­ да эпидемиялық процестің екінші бөлігіне (берілу механизмі), кейде бірінші бөлігіне (инфекция қоадырғышының көзі) әсер ету өте тиімді; мерезде, созда, трахомода, бруцеллезде, т. б. қоздырғыштың инфекция көзіне қарсы жүмыстарды атқарудың (бірінші бөлік) шешуші маңызы бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет