Жалпы металлургия


Ағартылған және басқа да шойындар



бет21/57
Дата24.10.2023
өлшемі2.35 Mb.
#481539
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   57
Жалпы металлургиядан даристер

Ағартылған және басқа да шойындар
Ағартылған құймалар – беткі қабаты ақ шойыннан, ал іші сұр немесе жоғары төзімді шойыннан құралған шойын.
Шойын құрамына 2,8...3,6% көміртек және аздаған мөлшерде 0,5...0,8% кремний болуы қажет. Беттік қаттылығы жоғары (950...1000 НВ) және тозуға төзімділігі жоғары болады.
Прокатты валдар, вагон дөңгелектерін, шарлы диірмендерге шарлар жасау үшін қолданылады. Қайрақты тозу жағдайларында жұмыс істейтін детальдар жасау үшін хроммен, хром және марганецпен, хром және никельмен легирленген ақ шойын қолданылады. Бұндай шойын құймалары жоғары төзімділігімен және беріктігімен ерекшеленеді.Жоғары температурада тозу жағдайында жұмыс істейтін детальдар жасау үшін жоғары хромды және хром-никельді шойын қолданылады. Ыстыққа төзімділігін жоғарылату үшін бұл шойынды кремниймен (5...6%), алюминиймен (1...2%) легирлейді. Коррозияға төзімділігі хроммен, никельмен, кремниймен легирлеу арқылы жоғарлайды. Шойындарға термиялық өңдеуді қолдануға болады.


Әдебиеттер: нег. 2 [353-430], [518-520], қос. 3 [140-157, 291-305]


Бақылау сұрақтары
1. Шойындардын болаттардан айырмашылығы неде?
2. Графитизация дегеніміз не?
3. Графиттің пайдалы әсерлері?
4. Беріктігі жоғары шойындардың құрамы?
5. Ағартылған шойындардан қандай детальдар жасалады?
6. Шойындардың жіктелуі
7. Сұр шойын қандай өндірісте кеңінен қолданылады?
8. Соғылымды шойын қалай алынады?
9. Ағартылған құймалар құрамы
10. Соғылымды шойынның неше маркалары бар?


Дәріс 6. Конвертер конструкциясы



Жоспар


1 Конвертерді қайтажасау түрлері. Конвертирлеуде жүретін негізгі реакциялар


2 Болат өндірудің оттегілі конвертерлік үрдісі

1 Конвертерді қайтажасау түрлері. Конвертирлеуде жүретін негізгі реакциялар




1.1 Бессемерлік үрдіс
Бессемерлік болат қорыту үрдісін алғаш 1855 жылы ұсынған Г.Бессемер. Конвертердің шегені қышқылды материал динас кірпішінен қаланып, сыртынан қалың болат қаңылтырмен 5 қапталған (6 сурет). Конвертердің цилиндрлік орта тұсы 1 асимметриялы конуспен 5 жалғасқан.
Конвертердің цилиндрлік бөлігіне түбі 3 мен ауа қорабы 4 бекітілген. Конвертер түбіне ауа кіретін тесіктері (сопло) 6 бар фурмалар орнатылған. Тыянақ белдіктің цапфалары 9, 10 подшипник 11 арқылы станинаға 12 орнатылған. Ауа цапфаның 9 жеңі 15 арқылы ауа қорабына 4 беріледі. Одан фурмалардың соплолары арқылы сұйық шойынды үрлеуге жұмсалады. Жетек цапфа 10 шестерня арқылы тісті рейкамен жалғасқан, сондықтан конвертер технологиялық операцияларды (шойынды құю, қосымша материалдарды салу, болат пен қожды ағызу және т.б.) орындау үшін горизонталь өстің бойында 3600 айнала алады.
Бессемер конвертерінің сыйымдылығы 20-35 т.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет