Шарлы графитті жоғары берікті шойын
Беріктігі жоғары шойындар ферритті (ВЧ 35), феррит – перлитті (ВЧ 45) және перлитті (ВЧ 80) металдық негізге ие бола алады. Бұл шойындарды сұр шойындардан, яғни оны магний және цериймен модифирлеу арқылы алады(құю массасынан 0,03-0,07% қосылады).
Сұр шойындарға қарағанда оның механикалық қасиеті жоғарырақ болады, бұл графиттің шарлы формасынан күштеудің тарауы біртекті болуымен түсіндіріледі. Перлитті металдық негізді шойындардың пластикалығы аз болғанмен, төзімділігі жоғары. Ферритті шойындардың пластикалылық пен төзімділік арақатынасы-керісінше. Жоғары төзімді шойындар жоғары аққыштыққа ие болады,σт = 300...420МПа, яғни болат құймаларының аққыштығынан жоғары. Сонымен қатар жоғары екпінді жабысқақтық пен беріктік тән. σ-1 =230...250МПа, перлитті негіз кезінде.
Жоғары төзімді шойындардың құрамында: 3,2...3,8% көміртегі, 1,9...2,6% кремний, 0,6...0,8% марганец, 0,12% дейін фосфор , 0,3% дейін күкірт болады. Бұл шойындар жоғары сұйық аққыштыққа ие, ұзындық отырғызуы(усадка) 1% шамасында. Құймадағы сызықтық күштеуі сұр шойындігіне қарағанда көбірек. Серпімділік модулі жоғары болғандықтан, өңдеп кесуі де қиынырақ. Жақсы пісірілуге ие. Жоғары төзімді шойындардан жұқа қабатты құймалар (поршеньді сақиналар), станиналар, пресс және прокатты стандардың рамаларын, изложницалар,кескіш ұстағыштар жасайды. Массасы 2,3т дейін жететін буынды білік құймалары жоғары циклды жабысқақтыққа ие, сыртқы күштеу концентраттарына төмен сезімтал, ең жақсы антифрикциялық қасиеттерге ие және әлдеқайда арзан болады.
Белгіленуі: индекс ВЧ (высокопрочный чугун) және 10-1 ВЧ 100 көбейтілген беріктік шегін көрсететін сан.
Соғылымды шойын
Эвтектикаға дейінгі ақ шойынды жасыту арқылы алады. Құймалардың кристалдану және салқындау процестері кезінде графитизация процесі жүрмесе жақсы қасиеттерге ие болады. Графитизацияның алдын алу үшін шойынның құрамындағы көміртек пен кремнийдің мөлшерін азайту қажет.
Соғылымды шойын құрамы: 2,4...3,0% көміртек, 0,8...1,4% кремний, 0,3...1,0% марганец, 0,2% дейін фосфор, 0,1% дейін күкірт. Құйманың негізгі құрылымы мен қасиеттері жасыту процесі кезінде алынады(1 сурет)
Сур.1. Соғылымды шойынның жасытуы
Құймалар 950...10000 С температурада 15...20 сағатта шымдалады. Цементиттің ыдырауы байқалады: Fe3C→Fey(C) +С. Шымдалудан кейінгі құрамы аустенит пен графиттен тұрады. 760...7200С температурасында жай салқындау кезінде перлит құрамында болатын цементит шымдалады және жасытудан кейін құрылымы феррит пен жасыту көміртегінен тұрады (ферритті соғылымды шойын алынады).
Салыстырмалы жылдам салқындағанда екінші саты толығымен жойылады да, перлитті соғылымды шойын түзіледі (1 сурет (б) тәртібі). (в) тәртібі бойынша жасытылған шойын құрылымы перлит, феррит және графитті жасытудан тұрады (феррито-перлитті соғылымды шойын түзіледі). Жасыту ұзақ 70...80 сағат және қымбат операция болып саналады. Соңғы уақытта технологияны жетілдіру барысында ұзақтығы 40 сағатқа дейін қысқартылды.
Соғылымды шойынның 7 маркасы бар: үшеуі ферритті (КЧ 30-6) және төртеуі перлитті (КЧ 65-3) негізінен (ГОСТ 1215).
Механикалық және технологиялық қасиеттері бойынша соғылымды шойындар сұр шойын мен болат арасындағы аралық орынды алады. Жоғары төзімдіге қарағанда соғылымды шойынның кемшілігі: құйма қабырғалары қалыңдығының шектелуі және жасытудың қажеттігі.Соғылымды шойын құймаларын екпінді және тербелмелі күштеу арқылы жұмыс істеітін детальдарға қолданады.
Ферритті шойыннан редуктор картерлерін, ступицалар,хомут, муфта, фланц жасау үшін қолданады. Жоғары төзімділігімен, қажетті мөлшердегі пластикалығымен мінезделетін перлитті шойын карданды біліктер вилкаларын, тормоз колодкаларын жасауға қолданады.
Белгіленуі: индекс КЧ (высокопрочный чугун) және екі сан – біріншісі,10-1 көбейтілген беріктік шегін,екіншісі – салыстырмалы ұзару – КЧ30-6.
Достарыңызбен бөлісу: |