Жалпы металлургия



бет27/57
Дата24.10.2023
өлшемі2.35 Mb.
#481539
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   57
Жалпы металлургиядан даристер

4 Вакуумды доғалы пештер

Конструкциялы, таттанбайтын, жоғары төзімді және басқа болаттан 60 т-ға дейінгі ірі кұйма кесектерді алу үшін вакуумды доғалы пештер қолданылады. Вакуумды доғалы пештердің артықшылықтары: құйма кесектің кристалды құрылымы біркелкі болады; элементтер біркелкі таралмайды (сегрегация), қалыпты шойынды сауыт қалыпқа құйылған құйма кесектерге тән шөгу қаяуының және басқа ақаулардың болмауы. Тигель мыстан жасалатын болғандықтан, отқа төзімді материалмен байланысуының болмауы салдарынан металдың қоспалармен ластануы жүрмейді және тазалық деңгейі жоғары металл алуға болады.


Вакуумды доғалы пештердің негізгі тобына электродтары шығындалатын пештер жатады. Мұндай пештің сызбасы 1-суретте көрсетілген. Пеш герметитті камерадан тұрады, оған мыс кристаллизатор бекітілген. Ол диаметрі 150-ден 1000 мм-ге дейінгі және одан артық құбыр тәрізді. Сыртынан құбырға сумен суыту қаптамасы пісірілген, онда қысыммен су айналады. Пеш камерасында қуатты вакуумды сорғыларға қосылу үшін келте құбыр болады.
Штанға соңына қарай арнайы қысқыш комегімен қайта балқыту дайындамасы-электрод бекітіледі. Электрод дөңгелек немесе квадрат қималы болады. Тұрақты токтың теріс полюсі иілгіш кабельдер көмегімен электрод ұстағышқа, ал оң полюс - мыс шиналар көмегімен кристаллизаторға әкелінеді.
Электродпен бірге электрод үстағыштың орнын ауыстыру арқан арқылы иілгіш ілінуі бар электр-механикалық жетекпен жүзеге асырылады. Жетекте автоматты реттегіштер болады, олар электродтың берілуін басқарады. Ток қосылған кезде электродтың үшындағы және кристаллизатор түбінің арасында электрлі доға жанады, ягни
табандыққа зақым келтірмеу үшін желіну шайбасы орнатылады.
Электрлі доға эсерінен электрод балқиды. Сұйық металл тамшылары кристаллизаторға ағады және онда шағын ванна түзіледі.
Электродтың балқу шамасы бойынша кристаллизаторда құйма кесек пайда болады. Металл кристаллизатордыц суды суытатын қабырғаларымен байланысуы арқасында жоғары жылдамдыкпен қатаяды.
Мыстың жоғары жылу өткізгіштігі мен оны сумен қарқындыныста болатын жоғарғы қабаты балқу температурасына дейін қызып үлгермейді. Бағытталған және тез кристалдандыру көмегімен вакуумды доғалы қайта балқыту құйма кесегі, қалыпты құймаға қарағанда, жақсы құрылымға ие болады. Балқытуды вакуумда (10-2 Па) және жоғары температурада жүргізетіндіктен, металдан газ, түсті және металды емес қоспалардың кірінділері жойылады.
Тазалығы жоғары металды алу үшін болатты вакуумды доғалы пеште екі рет қайта балқытады немесе құйма кесекті алғашында вакуумды индукциялық пеште, сосын вакуумды доғалы пеште қайта балқытады.



1 -электродты беру механизмі; 2-электрод ұстағыш; 3-вакуумды тығыздау;


4-электрод; 5-вакуумды камера; 6-ток жетегінің шиналары; 7-кристаллизатор;
8-доға; 9-бағытғалатын кұйма кесек; 10- ток жетегінін кабельдері
Сурет 10. Вакуумды доғалы пеш сұлбасы

Вакуумды доғалы пештердің екінші тобын электродтары шығындалмайтын пештер құрайды. Бұл пештерде электрод вольфрамнан жасалады, ол процесс кезінде балқымайды. Шихта электрод астындағы балқыту аймағына беріледі. Тұрақты электрод пен шихта арасында доға жанып тұрады, металл суды суытатын мыс кристаллизаторда балқиды. Кристаллизатор қабырғаларында, балқымайтын металл - гарнисаждың қалың қабаты пайда болады, ол тигель кабырғаларын қалыптастырады, ал оның ішінде сұйық ванна балқиды. Балқыту аяқталғаннан кейін тигельді еңкейтеді және металды тигель жанында орнатылған формаға немесе құйма қалыпқа тарата құяды. Осылайша қиын балқитын ыстыққа төзімді қорытпалардан фасонды кұйма жасайды.




Әдебиеттер: нег. 2 [353-430], [518-520], қос. 3 [140-157, 291-305]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет