Жалпы металлургия



бет30/57
Дата24.10.2023
өлшемі2.35 Mb.
#481539
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   57
Жалпы металлургиядан даристер

3 Ферросилиций өндірісі

Ферросилиций өндірісіне сипаттама.


Құймада кремний 50-60% шамасында болғанда жəне ол фосфор жəне алюминиймен ластанғанда құйма, ұшқыш заттар бөлінуімен ұнтаққа шашырайды. Сондықтан мұндай құрамды құймаларды зауыттарда шығармайды. Кремнийден басқа ферроқұймалардың құрамында темір жəне басқа қоспалар болады. Құрамында41-47% жəне одан көп кремнийі бар құймаларда 0,1-0,2% C, 0,2-0,6% Mn, 0,05%-ке дейін P, 0,02%-ке дейін S, 1,5-2,5% Al бар [1, 4].
Шихтаның кендік құраушысы болып кварциттер болып табылады. Олардың құрамында 95%-тен кем емес SiO2, 0,02%-тен көп емес P2O5 бар, ал шлак түзуші қоспалар (глинозем) аз болуы мүмкін. Кварцитті 25-80мм дейінгі бөлшектерге майдалап, саздан жуып тазалайды. Құймадағы кремнийдің керекті мөлшерін алу үшін шихтаға, көміректі болаттың ұсақталынған жоңқалары түрінде, темірдің есептелінген мөлшерін қосады. Темір кремнийдің тотықсыздандыруын жеңілдетеді [2, 5].
Ферросилицийді балқыту кезінде тотықсыздандырғыш ретінде металлургиялық кокстің өлшемі 10-25мм болатын бөлшектері (доменді кокстен електеніп алынған) қолданылынады. Кейде кокстің кейбір бөлігінің орнына арзанырақ материалдарды қолданады׃ көмірлерді 700°С-та кокстеу өнімі-жартылай кокс жəне құрамында карборунд SiC бар материалдар (электродты жəне абразивті өндірістердің қалдықтары) [1, 3].
Ферросилицийді конструкциясы əртүрлі- айналмалы жəне тұрақты, жабық жəне ашық қуаты 16,5-115 МВА болатын домалақ пештерде 130-250 в жұмысшы кернеуде балқытады. Қаптаманың жұмысшы қабатын көміртекті блоктардан жасайды. Пештің екі леткасы бар, біреуі жұмысшы, ал екіншісі қосымша.
Шихтаны кварциттің SiO2-інің 98%-і тотықсызданып жəне қиқымдардың барлық темірі балқымаға көшеді деп есептеп құрайды. Шихта материалдарын келесі пропорцияда араластырады׃
құйма маркасы... ФС25 ФС45 ФС 75
материал мөлшері, кг׃
кварцит 150 300 300
коксик 70-75 135-140 140-145
темір жаңқасы 200-220 180-190 30/35
Балқытуды үздіксіз үрдіспен жүргізеді. Пештің калошникінің үстіне үздіксіз шихтаны салып тұрады, ал балқыманы летка арқылы оқтын-оқтын шығарып отырады. Электродтардың шихтаға батырылу тереңдігі жоғары болу керек (кішкентай пештерде 800 мм-ден 2700 мм-ге дейін үлкен пештерде). Электродтардың соңымен пештің түбіне дейін 300-600мм болу керек. Араласқан шихталы материалдарды енгізгенде электродтардың төңірегінде көтерілген конустар жасап жəне оны ұстап тұруды қадағалау керек. Бұл газдардың осы жерден шығуын қиындатып, жылу мен кремнийдің шығының төмендетеді [2, 5].





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет